«Цитадель» кешені

«Цитадель» кешені – қазіргі Шымкент қаласының ядросы іспеттес. Бұл қорған жайлы ең алғашқы жазба дерек Әмір-Темірдің Моғолстанға әскери жорығы кезінде осы маңға аялдағанын жазған Шараф-ад-дин Йездидің «Зафар-наме» деген еңбегінде кездеседі. Кеңес заманында фосфор зауыты және май сығу зауыты маңынан табылған қазба жәдігерлерін археологтар б.з.д. І-ІІ ғасырларға жатқызып келді. Ал, Б.Байтанаев бастаған археологтардың осы цитадельдің мәдени қабаттарынан да б.з.д. ІІ ғасыр жәдігерлерін табуы қаланың 2200 жылдық тарихын қайта қарастыруға әкелді.

tories/19122019-14.png» border=»0″ />

Қазір мұнда ХІХ ғасырдағы орыс басқыншылары Шымкентті басып алар кезеңдегі келбетін қайта келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Археологтар топыраққа көмілген тарихты қайта аршып, құрылысшылар қорған қабырғаларына кірпіштерді қайта қалап жатыр. Келесі жылы толық пайдалануға берілетін «Цитадель» кешені ірі туристік кешенге айналмақ. Кешен құрамында осы жерден табылған жәдігерлер мен қала тарихына арналған музей, шығыс бетіндегі алаңқайда амфитеатр секілді нысандар бой көтермек.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика