«Тәуелсіздік» саябағы

«Тәуелсіздік» саябағы Шымкент қаласында 2017 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай ашылған. Саябақ қаланың Қабанбай батыр көшесі мен «Цитадель» кешені аралығындағы төбенің жазығында, 5,8 гектар аумақта орын тепкен.

tories/19122019-15.jpg» border=»0″ />

Саябақтың триумфті 15 метрлік қақпасынан кірген тұстағы «Тәуелсіздік шежіресі» аллеясында 1991 жылдан 2017 жылға дейінгі қазақ елінің маңызды тарихи сәттері тасқа қашалған. Сондай-ақ, мұнда «Ел бірлігі – Алтыншаңырақ», «Мемлекеттік рәміздер» алаңы және «Жер-Ана» тәуелсіздік монументі де қатар орналасқан. «Мемлекеттік рәміздер» алаңында еліміздің тәуелсіздік символдары: Елтаңба бейнеленіп, Әнұран мәтіні жазылса, биікте желбіреген Ту қаланың кез-келген нүктесінен көрінеді.

«Тәуелсіздік» саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер» алаңы мен «Жер-Ана» тәуелсіздік монументі арасын ұзындығы 104 метрді құрайтын «Алтын көпір» жалғастырып тұр. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінің қиылысында орын тепкен монументтің биіктігі 34 метрді құрайды.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика