Шымкентте цифрлық банктің филиалы ашылды

Шымкент қаласында «Altyn Bank» АҚ-ның 6-филиалы ашылды. Аталған банк филиалдары бұған дейін еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында ашылған болатын. «Altyn Bank» АҚ құрған бренд жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша толыққанды сандық банк саналады. Басты артықшылықтары – 24/7 режиміндегі қызметтердің қолжетімділігі, ыңғайлы жағдайлар мен инновациялық сандық мүмкіндіктер.

tories/19122019-103.jpg» border=»0″ />

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған қаржы ұйымының ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Е.Айтаханов тұрғындар мен банк қызметкерлерін жаңа банктің ашылуымен құттықтап, жаңа технологиялық трендтер қаржы саласын өзгертетінін тілге тиек етті.

–Бүгінгі таңда банктердің 70% жеке және заңды тұлғаларға интернет пен мобильдік банкинг арқылы қызмет көрсетсе, банктердің 55% өз қызметтерін мобильді қосымша негізінде ұсынады. Бұл нарыққа өңірлік инвесторлардың қол жеткізуін жеңілдетіп, инвесторларға әлемнің кез келген нүктесінен қазақстандық қор нарығында қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, — деді қала басшысы.

Аталған банк Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы, 13 ғимаратта орналасқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика