«Мейірімділік жүректен» акциясы

Бүгін, Шымкент қалалық Көрме Орталығында «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. «Қоғамымыздағы өмірдің түрлі ауыртпалығын көріп, тағдырдың әртүрлі тауқыметін мойымай көтерген қарттар үйіне жайғасқан қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандардың көңіліне нұр сыйлап, өмірге деген құштарлықтарын арттыруға үлес қосу. Аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қолымыздан келгенше қамқорлық көрсетіп, іс-шара арқылы халықпен байланыстырып, оларға қуаныш сыйлау арқылы өмірге деген құштарлықтарын арттыру» дейді ұйымдастырушылар.

tories/19122019-105.jpg» border=»0″ />

Кеш қонақтары арасында Жұмабай Айшабибі Мұхитқызы кішкентай болсада тағдыр тауқыметіне сынбай, көз жанары нашар көрсе де, өзінің шебер қолымен әр түрлі авторлық бұйымдарын алып келіп, сатылымға қойды. Бүгінгі қайырымдылық кешке демеушілік жасаған «Бал Текстиь» ЖШС кілем фабрикасы, Шымкент қалалық Отырар кітапханасы және Көрме орталығына алғыс айтамыз.

Кеш соңында Көрме орталығы директоры Қарабекова Зухра Әмзеқызы сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді. Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары қайырымдылық кештің шырайын ашып, әннен шашу шашты. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» демекші, сауапты іс жасап, жүректерді нұрға бөлей берейік.

Фото Береке Сейітжаппар

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика