«Nur Otan» партиясындағы қайырымдылық шарасы

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Тәуелсіздік күні мерекесі аясында қайырымдылық шарасы өтті. Шара «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға бизнесті дамытуға арналған тұрмыстық заттарды табыстау мақсатында ұйымдастырылды.

tories/19122019-106.jpg» border=»0″ />

Қалалық партия төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов аналарды ұлық мерекемен құттықтап, «Мәртөбе» Бастауыш партия ұйымының төрағасы Оразәлі Кенжебековпен бірлесе 30 анаға электр пеші мен тігін машиналарын табыстады.

Бұл нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Бірінші бағытымен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде оқу куәліктеріне ие болған аналарға өз кәсіптерін өркендетуге көмек береді.

Демеушілердің қолдауымен беріліп отырған сыйға ризалығын білдірген аналар «Nur Otan» партиясына алғыс айтып, ары қарай өз кәсіптерін дамытпақ.

Райхан Шаймерденова

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика