Сауда қатынастары саласында мамандар әзірлейді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Silkway» Халықаралық университеті «Сауда академиясын құру» туралы Меморандумға қол қойды. 2019 жылдың 18 желтоқсанында Сауда академиясын құру туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсіміне «Атамекен» ҰКП Шымкент қ. директоры Н.О.Қабиштаев., Silkway Халықаралық университетінің президенті М.Б.Юнусов және Оңтүстік аймақтағы кәсіпкерлер қатысты.

tories/19122019-120.jpg» border=»0″ />

Қол қойылған құжат сауда қатынастары саласында сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға, сатуды басқару, логистика, маркетинг, бизнесті жүргізу мәселелері бойынша Оңтүстік аймақтағы сауданы дамытуға бағытталған. Тыңдаушыларға оқыту семинарлар, бизнес тренингтер, практикалық дағдыларды ұйымдастыру арқылы «Otau Group» холдингінің, «Эврика» ЖШС, «Шымкент плаза» сауда орталығы, «Фиркан» ЖШС, «Филип Моррис Казахстан» ЖШС-ның бизнес жаттықтырушыларын тарта отырып жүзеге асырылады.

Оқыту аясында тыңдаушыларға тағылымдамадан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар кәсіпорындар негізінде ұйымдастырылады. Зерттеудің алдыңғы қатарлы әдістерін әзірлеу, сондай-ақ бірлескен жобаларды құру бойынша тәжірибе алмасу өтеді. Бұл аймақтағы кәсіпкерлер мен компаниялардың қызметкерлерін бірлескен жобалар мен оларды іске асыруға кеңінен тартуға ықпал етеді.

Тыңдаушыларға арналған оқыту Silkway Халықаралық университетінде 2020 жылдың ақпан айында басталады. Соңғы жаңалықтар SWIU.kz сайтында жарияланады.

@swiu.kz

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика