Мал шаруашылығын дамытпаған аудан әкімдері жұмыстан босауы мүмкін

tories/1352368148-602.jpg» width=»200″ height=»257″ alt=»1352368148-602″ style=»float: left;» />

        Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік  Ахметов  мал шаруашылығын дамытуда қауқарсыздық  танытқан  аудан әкімдерін жұмыстан босату мәселесін  төтесінен  қойды. 
        Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан  Мамытбековтің  айтуынша, Қазақстанның барлық  аудандары ішінде рейтинг  жүргізіледі. Онда  фермерлік шаруашылықтардың аналық  мал басын  тұқымдық түрлендірумен қамту көрсеткіші  бойынша  10 үздік және 10 нашар аудан көрсетілген. Үздік  10  ауданда тұқымдық түрлендіруге 21 пайыздан 34  пайызға  дейін, көрсеткіші төмен аудандарда 2  пайызға дейін мал  тартылған.
       Өз кезегінде Үкімет басшысы Серік Ахметов  көрсеткіштері төмен 10 әкімді жұмысынан боса-ту  туралы  мәселені облыс әкімдерінің алдына төтесінен  қойды. «Біз  өткен жылы да АШМ алқа мәжілісіне мал  шаруашылығымен  айналысатын барлық аудан  әкімдерін шақырған едік. Олардың алдына  экспорттық әлеуетті дамыту мәселесі қойылған болатын. Осы екі жылда мал шаруашылығын дамытуда сапалы ілгерілеу мақсаты жүктелді Неліктен өткен 2 жылда көрсеткіші нашар 10 ауданда тиісті жұмыстар атқарылмаған?», — деп тоқталды С. Ахметов.
        «Неге сіз министр ретінде осы мәселені көтермейсіз? Мен қазір бұл жайында облыс әкімдерінен сұраймын. Неге өзіндегі негізгі жұмыспен, яғни мал шаруашылығын дамытумен айналыспаған ауылдық, аудандық әкімдер жұмыстан босатылмаған… Аналық мал басын жақсарту негізгі мәселе және бұндай нәтижемен сіздер министрлік ретінде мақсатты орындай алмайсыздар ғой. Осы орайда облыс әкімдерінің алдына мәселені төтесінен қоямын, атап айтқанда көрсеткіші төмен әкімдерді (аудан әкімдерін) қызметінен босату туралы шешім шығаруы тиіс», — деп түйді Премьер-Министр. 
  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика