КЕЛГЕН ЖЫЛ ЫРЫСТЫ, БЕРЕКЕЛІ, МОЛШЫЛЫҚТЫ БОЛСЫН!

Құрметті оқырмандар!

Ақ қар мен көк мұздың іргесі сөгіліп, әлемге жылулық пен сұлулықтың шуағы төгіліп, күн мен түннің теңесуі кезінде әлемнің түркі тілдес елдері де, миллион тұрғыны бар шаһар да Әз-Наурыз мейрамын тойлауға қызу дайындығын бастап жіберді. Наурызды 14 наурыз «Көрісу күнімен» басталатын бұл мереке 1991 жылғы 15 наурызда Қазақ­стан Республикасы Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болған. 

Наурыз – ең қасиетті күндердің бірі. Бұл айда төрт түлік төлдеп, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін мезгіл. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсым сыры мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп белгілеген.

Наурыз – бірлік пен татулықтың, еңбек пен ізгіліктің, бақыт пен шаттықтың мерекесі. Бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін қазақ жоқ. Шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қазақтар да бұл күнді асыға күтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қандастарымыз  бұл күнді ерекше атап өтіп, ақ дастарқанын жайып, аста-төк мереке өткізеді.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы Наурыз туралы былай ой түйеді: «Наурыз – жалғыз қазақ-қырғыздың ғана мейрамы емес, бүкіл түркі жұртының жаңа жылы, ұлт мейрамы. Бұрынғы ата-бабаларымыз Наурыз туғанда бас қосып, құшақтасып, көрісіп, қуанысып, бірін-бірі наурыз көжеге шақырып жүріседі екен. Жастар біркелкі ойын ойнап, ат шапты­рып, сауық-сайран қылады екен.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесі.  Наурыз ежелден ақ қазақ даласында береке мен бірліктің ұйытқысы болған. Алдағы уақтта да жалпы жаңарып, заманға сай жаңа мазмұндармен толығып, елдіктің жырын жырлар мерекеге айнала берері анық. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасып, сүзгіден өткен жақсы дәстүр ұлт пен ұлыстың жарқын болашағының кепілі.    

Ұлыстың ұлы күні — түн мен күн теңелген күн күні өздеріңізге бар жақсылықты әкелсін. Береке мен бірліктің бастауы болған Наурыз мерекесінде отбасыларыңызға амандық, жақсылық, бақыт, табыс тілеймін.

Келген жыл ырысты, берекелі, молшылық болып, төрт көзіміз түгел келесі жылы да амандықта қауыша берейік. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман, бауырымыз түгел болсын.  Наурыздан Наурызға жете берейік, ардақты қазақ халқы!

 М. Жақсыбаев

Азаматтық қорғау полковнигі, Шымкент қалысы ТЖ департаментінің бастығы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика