«Тұран» шағынауданында келесі жылы 161 тұрғын үй бой көтереді

Шымкентте 2020-2022 жылдарға арналған даму жоспарында 586 тұрғын үйдің (32816 пәтер, 2 054,8 мың шаршы метр) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда. Негізі құрылыс аумағы — Тұран шағын ауданы.

tories/20122019-1.jpg» border=»0″ />

Оның ішінде:
-2020жылы — 161 тұрғын үй (9016 пәтер, 564,5 мың ш.м.);
-2021 жылы — 193 тұрғын үй (10 808 пәтер, 677,4,5 мың ш.м.);
-2022жылы — 232 тұрғын үй (12992 пәтер, 812,9 мың ш.м.);
Нәтижесінде, 32 816 отбасы (немесе 130 мың азамат) баспанамен қамтылатын болады.

Білім беру саласына 127 222 млн. теңге қаралды (өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға немесе 41 569,0 млн. теңгеге артты)

2020 жылы 7 020 орындық 12 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 5 700 орындық 7 мектеп пайдалануға берілетін болады. 6 мектеп (1,6 млрд. тг.) және 5 балабақша (1,4 млрд.тг.) ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қалада жаңадан Оқушылар сарайы салынатын болады.

Оған қоса, мектептердегі материалдық-техникалық базаны жаңарту мақсатында, 134 мектепке 9 мың дана компьютер, 18 мың дана парта және бейне бақылаумен 100 пайызға жабдықталады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика