«Шымкенттің өзіне ғана тән дәмдерді жинайтын ас әзірлеу мерекесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

– Шымкенттің тағы бір туристік тынысын ашатын шара гастрономиялық туризмді насихаттауға арналмақ. Шымкент қаласының аты аталған сәтте дәмді, әрі арзан тамақ өнімдері де еске оралатыны белгілі. Шымкенттің шашлығы, палауы, шайы, самсасы, тіпті көжесі де келген қонақтардың есінде қалып қояды.

tories/20122019-10.jpg» border=»0″ />

Осы ерекшелікті неге туристік фестиваль етпеске? Шымкенттің өзіндік қайталанбас тағамын брендке айналдырып, туристер тартудың тағы бір жолын қарастырсақ деген ой. Мәселен, біздің қалада «Тәшкен шайы» деген ерекше шай әзірлеу түрі қалыптасты. Бірақ, Ташкенттің өзінде ондай шайдың түрі жоқ. Ол атауды клиенттің назарын аудару үшін Шымкенттің асханалары солай атай салған. Былай қарасаң, шай демдеу тәсілін, дайын тұрған брендті Ташкентке тели салдық. Соны «Шымкент шайы» деп атаса, келген турист те қызыға дәм татады емес пе? Осындай Шымкенттің өзіне ғана тән дәмдерді жинайтын ас әзірлеу мерекесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика