Бадам өзенінің жағалауы

Шымкенттің саябақтары

 

Бадам өзенінің жағалауы 2013 жылы абаттандыру, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда Шымкент қаласынан Ташкент қаласына шыға беріс жолдың Бадам өзені үстінен өтетін көпір маңында тамаша серуендейтін көрікті орынға айналған. Аяқжол бойында құлпырған раушан гүлі мен өзен жағасында майыса жапырағы суға тиген тал бұталары тамаша көрік береді.

tories/20122019-20.jpg» border=»0″ />

Жаяу және велосеруенге арналған аяқжол өзеннің екі қапталын бойлай 8 шақырымға дейін созылып жатыр. Таңертең және кешкісін бұл маңайда жүгіріп сергіп жүрген қала тұрғындары көбейеді. Өзен суына қармақ салған балық аулаушылар мен өзен ағысына қарап, тынығып отырған қарт кісілерді де осы маңнан кездестіруге болады. Егер, демалыс күндері тұнық ауада сергіп алғыңыз келсе, Бадам өзені жағалауында серуендесеңіз болады. Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, жақын болашақта бұл жағалау бұдан да көркейіп, тұрғындардың сүйікті демалыс аймағына айналатын болады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика