2024-09-22

Шымкент атауының төркіні

Археологиялық нысан болып табылатын Шымкент қалашығында жүргізілген соңғы қазба жұмыстарының нәтижесінде оның жасы 2200 жыл болып анықталды. Бұл қаланың алғашқы атауы белгісіз. Шымкент – елді мекенінің атауы алғаш рет 1425 жылы Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафарнама» (Жеңіс Кітабы) жазбасында айтылады. Әмір Темірдің жорықтарына байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада; Шымкент Сайрам маңындағы шағын қыстақ ретінде айтылады.

tories/20122019-22.jpg» border=»0″ />

Чимкент – Шымкент ойкониммінің этимологиясын арнайы зерттеген филология ғылымдарының докторы, профессор В.Н.Попованың ғылыми тұжырымын толық көрсетуді жөн көрдік; «В топониме Чимкент  (Шымкент) предшествует термину кент, компонент чим (шим), завершающий оформление названия. Он исторически имел варианты чим (чем), чиминь, чименьгень (чеменьгень). Шым (шим) у А.Т.Кайдарова толкуется как «дерн», «дернина», в древнетюркском словаре (Шим) (кит. Шань/шам) или цэнь, (шим) – название двух видов лекарственных злаков, дающих съедобные семена ).В.В.Радлов: (чемен,чимен) (осм.из перс.)- это 1) «луг»; «дерн»;2) божья трава; «греческое сено»; чім «осм.глагол): 1) быть настолько пропитанным жидкостью, что каплет; 2) нырнуть под воду;(Чименлик) (крм.От Чимен Ч-лик) –место, обросшее травой». У В.В. Бартольда чемен (араб.)- «роща». Э.М.Мурзаев, со ссылками на Розову и Савину, чаман (чемен) объясняет как «луг», «поляна» (тадж.,перс.), а чим –«дерн», «верхний слой почвы, густо переплетенный травянистой растительностью» (тюрк., тадж.).

Слово «Чимкент» (Шымкент) толкуется по-разному: тюрк, чим (шым) «дерн» и иран.кент «поселение», «город»- дерновый «город» (Е.Скайер, А.Н.Добросмыслов, Р.Б.Бекназаров, Ж. Тыныбаев и др.), по мнению других,Чимкент (Шымкент) –из согдийского «город», «крепость» (С.Караев), Чимкент (Шымкент) –камышовый «город», О.А.Султаньяев), третьи склоняются к иранскому происхождению обеих частей Шымыкент –Шымкент-растительный,зеленый город» (А.Абдрахманов). По мнению В.В.Бартольда, Э.М.Мурзаева, Реклю Элизы, К.К.Абазы, Чимкент (Чиминь, Чемень, Чиминьген) из согдийского (иранского) где чиминь –чемень – «луг», «луговина», цветущая долина в пойме реки и кент «поселение», «крепость», «город» — «зеленый город».

Так перевели топоним еще древние арабы и такая этимология, на наш взгляд, вполне убедительно».1 Сонымен Попова «чим» компонентінің чимин, чимиген-чеменген секілді тарихи нұсқалары бар деп айтады да, жоғарыда айтылған ғалымдардың пікіріне сүйеніп, Чимкент атауының төркінінің «кө-гал» мағнасын білдіретін соғды-ирандық чимин-чемен атауы болған дейді.Попованың тұжырымымен келіскен Ә.Марғұлан атындағы Архелогия институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Байтанаев былай жазады: «…на наш взгляд, заслуживает внимания этимология первой части слова, от тюркского шым/чим в значении – «влажный», «увлажненный», «пропитанный водой», отсюда и «луг», «луговина», «дерн», который растет во влажном месте и на лугу. Наши выводы были подтверждены археологическими исследованиями на территории старого города Шымкента…».Сонымен В.Попова бұл ойконимнің мағынасы – «жасыл қала» деген этимоглогиясын келтіреді. Жоғарыда айтылған танымал ғалымдар чим атауының нұсқаларын «чимин» немесе «чемен» деп дұрыс бермеген. Мұндай пікір білдіруіміздің себебі, бұл атаудың чимен деген нұсқасы Ташкент облысының Бостандық және басқа аудандарында Чимен, Чименсой, Чиментоғай тұлғаларында топоним ретінде сақталған. Топонимдер жер мен өзен атауларын тудырған этностың тіліндегі атаулар.Осы себепті топонимдер жер-су атауларының бірден-бір дұрыс айтылған нұсқалары болып табылады. Олай болса, чим атауының аталмыш ғалымдар берген чимин-чемен нұсқалары – бұл атаудың тарих анналына тіркелген кезде дұрыс айтылмай қате жазылған нұсқалары. Ал бұл атаудың дұрыс нұсқасы топоним түрінде сақталған «Чимен».

Ал чим, чик атауының этимологиялық варианты.Себебі хұн тайпасының бірі Ланьдықтар тілінде – чи-«қызыл» деген мағынаны білдіретін атау.Орхон түркілері сөз соның г,ғ,к,қ дыбыстарымен аяқтайтын тілдік құбылыс бойынша «чи» түбіріне г,к дыбыстары жалғанып чиг немесе чик деген этнотопонимдік атауды тудырған. Оңтүстік Сібірде түркілік «чик» атауымен  жер сақталынған. «Чик» поселок городского типа Новосибирской области. Расположен на р.Чик…» В.Бартольд ерте орта ғасырда Енисейдің бастауында чик атты тайпа өмір сүргенің айтады. Қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Марғұлан ғұндар мен үйсіндердің  үлкенді-кішілі қалалар салғанын жазады. Мысалы: олардың астанасы Чие (шие-қызыл қала) қытайша чи-гу деп аталынған3.

Осы тұрғыдан алғанда Чимкент ойконимінің бірінші компоненті, чим мен оның чимен, чименген секілді тарихи нұсқалары, түркі тіліндегі атаулар. Түркі тілдерінің ең алғашқы классификациясын жасаған М.Қашғари ХІ ғасырда жазған «Диуани луғат ит-турк («Түрік тілінің сөздігі»)» атты еңбегінде таза түрік тілінде сөйлейтіндердің қатарына тохси, оғыз, чигил, қыпшақ сияқты түркі таипаларын жатқызған. Чигил яғни түркі  тіліндегі чим атауы, қазақ тілінде шым болып айтылып оның лексикасында «жердің көк қабаты» мағынасында сақталып қалған. Дегенмен де Чимкент ойконимінің бірінші компоненті, чим атауының төркіні – соғды-иран тілінде «көгал» мағнасын білдіретін чимин-чемен атауы емес чигил-түркі  тіліндегі чим-чимен атауы. Егер де Чимкент ойконимінің бірінші компоненті, чим, чигил-түркі тіліндегі атау болса, ал чим, қызыл деген мағынаны білдірсе, онда Чимкент — Шымкент ойконимінің мағынасы «жасыл қала» емес қызыл қала4. Дәлел ретінде Шымкент қаласында Қызылсай жер атауының, Қызылсу гидронимінің  осы күнге дейін сақталынғанын келтіруге болады.  Егер де Шымкент ойконимінің мағынасы,қызыл қала, ал қызыл мағыналы атаумен чигилдер аталса, онда Шымкент түркілік чигил тайпасының  мекендеген жері.Себебі бұл жерлерде түркілік қарлұқ тайпасы мекендеген.

Көне қытай жазбаларында қарлұқтардың құрамында моуло,чисы және ташли тайпасы болғаны айтылады.Француз ғалымы Пеллио чисы этнонимының түрікше баламасын чигил деп оқыған. Ал ташли қазақ тайпасында кездесетін рулардың бірі таздар немесе тазшалар. Оңтүстік Сібірдегі Тува елінің астанасы Қызыл деп аталады.Қарлұқтардың ең алғаш мекендеген жері Оңтүстік Сібірдегі Саян-Алтай таулары емес пе? Назар аударатын бір жай чигилдер мекендеген Қашқария шаһарын жарып өтетін өзеннің аты-Қызыл деп аталады. Чимен атауының чигил-түркі  тіліндегі атау болғандығын Ташкент облысының Бостандық ауданындағы Чимен ауылы мен Чименсой өзені және Шатқал тау жотасындағы Чимен шоқысының атаулары дәлелдей түседі. Су жағасына орналасқан елді мекендердің барлығында көгалды жер бар. Жоғарыда аталған аудандағы ауыл «көгал» мағынасын білдіретін Чимен атауымен аталса, онда неге Шыршықтың бойындағы көгалы бар басқа елді-мекендер осы атаумен аталмаған? Көгалды жердің бәрі бір атаумен аталуы шарт емес.

Өйткені, тау жотасында көгалды (көгел) алқап болмайды, көгел, тек ойпатты жерлерде болады. Онда тау шоқысы, қалай «көгал» мағынасын білдіретін Чимен атауымен атала алады? Олай болса, Ташкент облысындағы Чимен ойконимі мен топонимдері соғды-иран тіліндегі чимен-чемен атауы емес,түркі тіліндегі «қызыл» мағынасын білдіретін атау. Ал, Шымкент атауының екінші буыны кент (канд) М.Қашқари оғыздардың тілінде қала дегенді білдіретінің жазады. Қазақтың көрнекті ғалымы Ә.Қоңыратбаев былай айтады: «Сәнби,жужан, хүн сөздеріндегі «н» дыбысы –хұн элементі, «к»-«қ» -сақ элементі, «кент» отырықшы түріктерге тән диалектілер болған»5. Шығыс Түркістан, яғни қытайдың қазіргі Шыңжаң өлкесіндегі Қашқар қаласы, VIII ғасырдың екінші жартысында осы өлкедегі қарлықтардың орталығы болған. Бұл қалаға Қашқар деген атауды қарлықтар берген, қашқар немесе қошқар сол дәуірдегі қарлықтардың төтемдік атауы болды.Бұған дәлел ретінде Монғолияның Бұлғын аймағы Баян-агт өлкесі, Шивэт –Улон жеріндегі түркі заманына жататын қирап қалған қоршаулы мола ішіндегі ай мүйізді қошқар мен төрт қой бейнеленген тастарды атап көрсетуге болады.

Осы  қошқар төтемі Шымкент қаласында да көрініс берген. Мысалы, қаланы қақ жарып ағатын Қошқар ата өзені бар. Жоғарыда біз Қашқар қаласын қақ жарып ағатын өзеннің атын қызыл екендігін келтіргенбіз. Бір қызығы чигиль-түркілерінің  қызыл түс пен қой төтемді болғандығын өсімдіктің бір түрі «қойбүлдірген»атауынан байқауға болады. Ал, қойбүлдірген қызыл түсті жемісі бар өсімдіктің бір түрі екендігі белгілі.

Шырайлы –Шымкент қаласы тілдік заңдылыққа сәйкес дұрыс айтылған. Мысалы: адамға байланысты айтылатын қызыл шырайлы немесе беті қып-қызыл бұлданып тұр. Сөз мағынасы обьективтік дүниенің жалпыланған,дерексізденген бейнесі функционалды тұрғыдан мағыналы өзгеріске ауыса береді.Сонымен Шымкент атауының төркіні соғды-иран емес өзіміздің прототүркі сөзі. Шымкент қаласынан онша қашық емес Қазығұрт орониміндегі  қаз // қас сөзі «қызыл»  ал, ғұрт //құрт «қасқыр» мағынасын білдірген. Сонда  қасқыр дегеніміз «қызыл қасқырлар» болып шығады.Мұның дәлелі  қазақ  шежіресіндегі қызылқұрт руы.

Сонымен Шымкент, Қазығұрт атауларын осы өңірге біздің дәуіріміздің басында прототүркі тайпалары алып келген.Көне түркі тайпаларының Түркістан өңіріне келу тарихы Наршахи, Рашидаддин, Әбілқазы, Бичурин, Бартольд, Бернштам, Гумилев, Марғұлан, Қоңыратбаевтардың жазған еңбектерінде кеңінен кездеседі. Шымкент атауының тарихында кешегі Ұлы далада атойлап өткен бабаларымыздың ізі сайрап жатыр.Елбасы Н.Назарбаевтың: «уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деген теориялық қағидасына сүйенсек Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарайтын кез келді.

Б.Алтаев

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Түркістан облысы, Сайрам ауданы

Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектебі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика