Шымкентте Фариза Оңғарсынованың атын иеленген мектеп болса…

Әкім назарына!

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке

Құрметті Мұрат Дүйсенбекұлы!

Сізге қазақтың аяулы қызы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың атын Шымкент қаласындағы мектептердің біріне беру жайлы ұсыныс жолдап отырмын.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың есімі бүкіл қазақ жұрты үшін аяулы. Өлең деген өлкеде өзгеше сөз өрнегімен, өр мінезімен өзіндік із қалдырған алдаспан ақынның алапат жырлары жыр сүйер қауымның жүрегінде жасын отындай жарқылдап, уақыт ағысымен бірге биіктеп барады.

Қара қылды қақ жарған әділдігі мен алмастай тіліп түсер өткірлігі, бет қаратпас сұрапыл өжеттігі мен тал бойында жасандылығы жоқ мінсіз болмысы оның тұлғасын өршіл өлеңдерімен бірге бүкілхалықтық құрметтің көгіне көтеріп кетті. Шындық үшін шырылдап, шашы ағарған, әрлі де нәрлі өлеңдерімен артында өшпес мұра қалдырған Фариза қыз шын мәнінде Алаштың ақберен ақыны еді.

Поэзия әлемінің жарық жұлдызына айналған, қаламының қуатымен, өміршең өлеңдерімен адам жанын парасат пен махаббат айдынында тербеген талантты ақынның есімін елінің есінде мәңгіге қалдырып, өскелең ұрпаққа өмірі мен шығармашылық еңбегін ұлағат ету – баршамыз үшін пайымды парыз деп санаймыз. Өйткені Фариза Оңғарсынова – күллі Қазақ елінің мақтанышы, мерейі.

Сондықтан, үлкен мегаполис дәрежесіндегі қаламыздағы білім ошақтарының біріне Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің І-ІІ шақырылымының депутаты, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Фариза Оңғарсынованың есімін беруді ұсынамыз.

Бұл тілекті жүзеге асыру халықтың махаббатына бөленген ақынның даңқты жолын жасампаздыққа ұластыру болар еді.

Осындай хат Шымкент қаласындағы белгілі қайраткерлердің атынан қалалық онамастика комиссиясына да жолданбақ.

Құрметпен,

Мырзагелді КЕМЕЛ

экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мақтарал ауданының құрметті азаматы

***

Шымкент қалалық онамастика комиссиясына

Осы хатымыз арқылы қазақтың аяулы қызы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың атын Шымкент қаласындағы мектептердің біріне беруді ұсынамыз.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың есімі бүкіл қазақ жұрты үшін аяулы. Өлең деген өлкеде өзгеше сөз өрнегімен, өр мінезімен өзіндік із қалдырған алдаспан ақынның алапат жырлары жыр сүйер қауымның жүрегінде жасын отындай жарқылдап, уақыт ағысымен бірге биіктеп барады.

Қара қылды қақ жарған әділдігі мен алмастай тіліп түсер өткірлігі, бет қаратпас сұрапыл өжеттігі мен тал бойында жасандылығы жоқ мінсіз болмысы оның тұлғасын өршіл өлеңдерімен бірге бүкілхалықтық құрметтің көгіне көтеріп кетті. Шындық үшін шырылдап, шашы ағарған, әрлі де нәрлі өлеңдерімен артында өшпес мұра қалдырған Фариза қыз шын мәнінде Алаштың ақберен ақыны еді.

Поэзия әлемінің жарық жұлдызына айналған, қаламының қуатымен, өміршең өлеңдерімен адам жанын парасат пен махаббат айдынында тербеген талантты ақынның есімін елінің есінде мәңгіге қалдырып, өскелең ұрпаққа өмірі мен шығармашылық еңбегін ұлағат ету – баршамыз үшін пайымды парыз деп санаймыз. Өйткені Фариза Оңғарсынова – күллі Қазақ елінің мақтанышы, мерейі.

Сондықтан да, үлкен мегаполис дәрежесіндегі қаламыздағы білім ошақтарының біріне Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің І-ІІ шақырылымының депутаты, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Фариза Оңғарсынованың есімін беруді Мәртебелі онамастика комиссиясынан өтінеміз.

Бұл тілекті жүзеге асыру халықтың махаббатына бөленген ақынның даңқты жолын жасампаздыққа ұластыру болар еді.

Құрметпен,

Сайлаукүл БАРАХОВА, қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы

Нармахан БЕГАЛЫҰЛЫ, ақын, Константин Симонов атындағы сыйлықтың иегері

Нәзира ТӘШІМБЕТОВА, Еңбек ардагері, Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы

Асхан МАЙЛЫБАЕВА, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мақтарал ауданының құрметті азаматы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика