2024-07-27

Олимпиадашыларымыз қайда жүр?

Бахтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков, Еркебұлан Шыналиев және Әлия Юсупова.Бұл есімдерді білмейтін қазақ кемде- кем шығар. Олардың олимпидадағы жеңісіне қол соқтық, мақтаныш еттік. Сол сәттерде бұл есімдер күнделікті айтыла беретіндей көрінген. Батыр емес пе? Әндер, жырлар, термелер туар. Оған жанды баурар жарқ-жұрқ еткен клиптер түсірілер. Күніне кемі он рет қайталанып беріліп жататын жарнамалардың кейіпкеріне айналар… Әйтеуір ел көңілінен таса етпеудің мың сан әдісі бар емес пе? Олай болмады, уақыт жеңді. Сонымен кезінде қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан спортшыларымыз қазір қайда жүр? Немен айналысады? Спорттан алыстаған жоқ па? Сұраққа жауап іздедік.

Әлия Юсупова: Қазақ көркем гимнастикасының қаһарман қызы Әлия Юсупова қазіргі таңда 3 бірдей қызметті атқарып жүрген білікті маман. Қазақстан құрамасының бас бапкері, сондай-ақ, жеке меншік және мемлекеттік мектептердің басшысы. Мақсаты біреу. Олимп шыңына шығатын шәкірт тәрбиелеу. Әлемде бестіктің қатарынан орын алған спортшы қыз бір шаңырақтың ақ тілеулі келіні, адал жар, аяулы ана .

Мұхтархан Ділдәбеков: Мұхтархан Ділдәбеков қолғабын шегеге ілгенімен, бокстан қол үзіп кеткен жоқ. Сидней Олимпиадасының   күміс жүлдегері 2008 жылдан бері Шымкент қаласында облыстық бокс мектебінің директоры қызметін атқаруда.Өткен жылдың өзінде мектеп қабырғасынан 22 спорт шебері шыққан екен. Бүгінгі таңда бокс ұстаханасында 600- ден астам ұл қыз олимпиадалық спорт түрінің қыр сырын меңгеруде. Былғары қолғап шеберлерінің басы қасында 40 білікті бапкер жүр.

Бақтияр Артаев: Олимпиада Чемпионы — Бахтияр Артаев! Үлкен спортпен қоштасқан Артаев біржола саясатқа ауысқан. Алдымен селолық округтің әкімі, кейіннен   облыстық спорт басқармасының бастығы болды. Ал 2011 жылы Бахтияр Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Спортшы сыналатын кезең, жеңістерден кейін басталады деген рас болар. Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi Еркебұлан Шыналиевтің шаршы алаңдағы өнерін жанкүйер ұзақ күтті. Алайда спортшы спорттан ауылы алыс басқа салада бағын сынауды жөн көріпті .Қазақтың атын шығарған спортшыларымыз аз емес. Қайсысын алсаңда бар білгенін ізін басқандарға үйретіп әлек. Міне, жаңа олимпиада маусымы басталды.   Жаңа есімдер күтеміз!

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика