2024-07-27

«Нұр Отанда» мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жоба іске қосылуда.

tories/1604878_260741477417897_1651769232_n.jpg» width=»350″ height=»199″ alt=»1604878_260741477417897_1651769232_n» style=»float: right;» />

       Мүгедек азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – басты міндет

       Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде, «Нұр Отанда» мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жоба іске қосылуда.

       Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін Ашық есік күні өтуде. Азаматтар қабылдау барысында жұмысқа орналасу мәселелерін қарастырып, құқықтық кеңес ала алады.

       «Ертең және алдағы уақытта Ашық есік күнінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығы өздерінің шешімін таппаған мәселелері бойынша және Қазақстанда мүгедектер үшін жайлы орта қалыптастыру жайлы ұсыныстарымен «Нұр Отан» партиясының кез-келген Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасай алады», – деп атап өтті Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Руслан Асаубаев.

       Астанада Ашық есік күні Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтіп жатыр. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады. Қабылдаудан соң Бауыржан Байбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері өңірлермен бейнемәжіліс байланысы арқылы мүгедектердің өмір сүру сапасын арттырудың нақты шараларын талқылады.

       «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалында сағат 10-00 бастап облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков, облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаев, «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ш.Жамалбек, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Әлі, ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы А.Ахметов, тағы да басқалар қабылдауда.

«Нұр Отан» Партиясы ОҚО филиалы


Яндекс.Метрика