2024-07-27

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ӘҢГІМЕ

tom: 12pt; text-align: center; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ӘҢГІМЕ

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>tories/jarnama/39-010_ata.jpg» width=»336″ height=»365″ alt=»39-010_ata» style=»float: left;» />Қарттар үйі. Бұрын атам қазақта мұндай «шаңырақ» болмаған еді. Қазір бұл үй ақсақалдарға арналып салынды. Нақтырақ айтсақ, балаларына қажеті жоқ ардагерлер осында паналайды.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Неге біз осылай қыстай суық болып өзгеріп барамыз? Бұл адамдарға не болған өзі? Ата-ана қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ештеңеге зәру қылмай баланы мәпелеп, ардақтап өсіреді. Ал сол балаң қартайған уақытыңда масыл көріп, керек етпей, қиналмай қарттар үйіне өткізе салады. Ол аздай зейнетақы алған кезде беттері шімірікпей іздеп келгенсіп, сол ақшаның өзін алып кететін перзентсымақтардың да бар екенін біліп жүрміз.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Бұл жер қарияларға өз үйіңдей қайдан болсын?! Сексеннің сеңгіріне жеткен Мырзабек қариямен сыр тартып сөйлесудің өзі оңай емес. Қайта-қайта көз жасын сүрткілеумен болды. Жанарында мұң, жүрегінде шер бары айтпай-ақ сезіліп тұрды.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>– Айналайын, інім, жастық шағым жарқырап өтті десем, артық айтқандық емес. Қызмет сатысымен талай жерге көтерілдім. Өмірде беделім де бір басыма жетерлік еді. Сүйген жарым Күмісайға да ризамын. Алла маған екі перзентті нәсіп етті, – деп Мырзекең үстел үстіндегі суретке қарап қойып әңгіме бастады.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>– Аралары екі жас Раушаным мен Сандуғашым егіздей болып, гүлдей жайнап өсті. Тиянақты білім алсын деп екеуін де орыс мектебіне бердім. Не ішем, не кием демеді. Қажет еткен дүниесін сол заматта алып беруші едік…

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Мектеп бітірген соң қарияның қос қызы да Мәскеуде білім алады. Дипломдары қолға тиген соң елге қайтуға асықпайды. Өздерінің ықыластарымен сонда жұмыста қалады. Елден тамыр үзгеннен бе, әлде ортасы солай болды ма, екеуі де өзге ұлттың өкілдеріне тұрмысқа шықты. Раушаны неміске, Сандуғашы орысқа…

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>«Екінші қызым Мәскеуде тұрып жатыр. Ал Раушаным 1993 жылы күйеуімен бірге Германияға көшіп кетті. Неге екенін қайдам, біз бар мейірімімізді төксек де балаларымыз суықтау болып өсті. Қай жерден қателік жібергенімізді білмедім. Алғашқы жылдары сирек те болса хабарласып, екі-үш жылда бір-екі рет келіп кетті. Кейіннен хабарласа алмай қиналдық. Ата-анаға баласыз күй кешу қандай ауыр десеңші?!» — дейді қария.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Қашанда ананың көңілі балада ғой. Ал баланың көңілі расында далада болады екен. Қыздарынан байланыс үзілген соң амандығын білейік деп кемпірі екеуі жинаған зейнетақыақыларын алып Мәскеуге барып қайтады. Балалары пәтер жалдап тұрады екен. «Қызымыздың көзқарасынан ата-анам келді деген қуанышты көрмедік. Бізді бейтаныс адамдай салқын қарсы алды. Әйелім жарықтық кішкене қызымды уайымдап, соларға үй әперуге көмектесейік деп қоймаған соң, амалсыз банктен несие алған едік. Әйтеуір әупіріммен солар дұрыс болсын деп Мәскеуден пәтер әпердік. Солардың қарны ашпай, тоңбай жүрсе бізге одан артық не керек?! Көңіліміз ақ болғанымен, қолымыздан келері аз. Бір зейнетақымен күн көргендіктен банк қарызын қайтара алмадық. Осылай өзіміз тұрып жатқан Алматыдағы пәтерден де айырылып қалдық. Бұл жағдайға үміт еткен балаларымыз немқұрайлы қарады. Әйелім осынау қиындықты көтере алмай, қан қысымы көтеріліп, өмірден өтіп кетті», — дейді қария жылап.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Дүниенің соңына түсіп, бар ойы ақша табуға айналған үлкен қызы мен күйеу баласы аналарының жерлеу рәсіміне де қатыспайды. Бар болғаны телефонмен көңіл айтқан болыпты.

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>«Алланың мұндай жазасына ұшырайтындай не жазып ем, сонша? «Бар жазадан ауыры – ар жазасы» деген бар ғой. Жалғыздықтың азабын тартып, балалардың қамқорлығын көре алмай, өзге тілді немерелеріме жете алмай, мұңлықтың күйін кешіп жүрмін. Қарттар үйінің тар қабарғасында ғұмырымның санаулы күндерін бейшара халде өткізудемін, айналайын. Басқа бермесін! Еее, қарағым, қартайған уақытта ешкімге керек болмай қалғаннан артық қасірет жоқ екен…»

tom: 12pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Қайта-қайта күрсінген қарттың әңгімесін жаның ауырмай тыңдау мүмкін емес. Осындайда Шығыс даналығы еске түседі. «Балаңа қастандық жасағың келсе, еркелетіп өсір». Көңілдің нәзік пернесін дұрыстап шертуді үйренген абзал. Әйтпесе ол да мұз боп қатып қалады екен…

Бойымыздағы тектілікті сақтап, нәзік көңілді ызғарға айналдырмайықшы!

Яндекс.Метрика