2023-06-06

Бір кәсіпкерді 40 мекеме тексеруге құқылы

Spread the love
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов мәлiм етті деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта кәсіпкерлерді заңсыз тексеру фактісін алудың барлық шаралары қарастырылған. Мысал үшін атап өтейін, Шымкент және Алматы қалаларында кәсіпкерлерді заңсыз тексеру фактілері орын алды. Бұл заңсыздықты сот орындаушыларының өздері жасаған. Заңсыздықтың бұл түрінен салық органдарының қызметкерлері де шет қалмайды. Олардың үлесі 10 пайыз шамасында болып отыр. Әсіресе, аудандық жерлердегі салық басқармалары кәсіпкерлерге қысым көрсететін жағдайлары жиі анықталады. Осыған орай біз заң жобасына өзгерістер енгізуге ұсыныстар бердік. Дәл қазір 1 кәсіпкерді 40 құзырлы мекеме тексере алады. Бұл тізімді қысқарту үшін жұмыстар жүргізудеміз. Аудандық деңгейдегі мекемелерден кәсіпкерлерді тексеру құзыретін алып тастау туралы бастама көтердік. Егер заң қабылданса аудандық деңгейдегі мекемелер кәсіпкерлерді тексере алмайды»,- деді Ж.Асанов.
Яндекс.Метрика