2024-07-27

ӘЛІ ТАЛАЙ ӘНГЕ КӨЙЛЕК КИГІЗЕМ…

tom: 10pt; text-align: center; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>Әлі талай әнге көйлек кигізем…

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>Оны көпшілік асаба ретінде жақсы таниды. Танымал болатыны көп асабадан ерекше. Кәсібі жұртшылықтың қызығын бөлісу.tories/sNIJQUsyDEw.jpg» width=»436″ height=»291″ alt=»sNIJQUsyDEw» style=»float: right;» /> Ақындығы да бар. Ақын болғанда да бүгінгінің тілімен айтқанда сұранысқа ие ақын. Ақындардың ортасында жүрмеуі мүмкін, бірақ бүгінгінің өнер жұлдыздарының жанында жүреді. Олай болатыны ол әнге «көйлек» кигізе алады.Біз Құрманай Бақтиярқызы туралы айтып отырмыз.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt; line-height: 115%;»>Басында кеме қалған Қазығұрт тылсымын ішіне бүккен құдіретті тау. Биіктігімен мақатана алмайды, солай бола тұра биік тұрады. Бауырынан шыққан талантты ұландарының да бағындырған биіктері әрқилы.Қазығұрт ұшырған танымалдардың бірі Құрманай. Табыстың кілтін ақындықтан тапқан шебер. Шешендігі асабалыққа ұласқан, ақындығы танымал әндерден төгіледі. Ол әнсүйер қауыммен  «Вокзалда қауышқан қыз» боп табысады. Оған таңдаған әніне сөз жаздыруға Ақылбек Жеменейден бастап, атақты Қайрат Нұртас, Кәмшат Жолдыбаева, өзбек ұлтының қазақстандық әнші жігіті Алишер Каримовтер асығады.

Өлеңдері «сахнадан» түспейтін «хит» ақын кей-кейде

Серік болған қаламым!

Жандар болса, сөзді терең түсінген,

Алла өзі жанастырған тылсыммен.

Қаламымды қолға аламын ойланып,

Кезім болса кейде шаршап күрсінген.


Өміріме серік болды қаламым,

Өзгелерге ұқсамайды ғаламым.

Мен қиялшыл болсам дағы, кітабым,

Тапсын деймін оқитұғын адамын-деп  те жырлайды.

Жуырда ғана Құрманай Бақтиярқызы «Оңтүстік цирк» ғимаратында «Жаса Шымкент» атты авторлық кешін қойды. Шымкентке қазақстандық эстрада жұлдыздарын жинады. Оның шығармашылығы бірде ән болып қалықтады, бірде жыр болып сыр ақтарды. Кешті жан құрбыларына, сырласына айналған Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова жүргізді. Ақынын іздеп келген көрермендердің алдында Алишер Каримов, Айгүл Иманбаева, Камшат Жолдыбаев, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Кушкалиев, Бақыт Тұрман, Қайрат Нұртас, Қайраттың әкесі Нұртас Айдарбеков, «ЛАШЫН», «All ДАВАЙ» мен «NNВЕК» тобы ақынның сөзіне жазылған әндерін шырқады.

Өзінің авторлық кешіне құрметтеп келіп отырған әншілердің әндерін тыңдап отырып, Құрманай Бақтиярқызының:

Әлі талай әнге көйлек кигізем,

Шын үңілсең, өнерімді сүйгізем.

Сиям тамса, ақ қағазға тамшылап,

Кейде күліп, кейде алар жан жылап-деген өлең жолдары еріксіз ойға оралды. Шыныменде әннің ритмімен жазылған өлең жолдары жеңілдеу құралғанымен құлаққа қонымды, жанға жағымды. Халықтың жүрегінен орын табуының бір себебі де осы болар деп түйдік көрермендердің қатарында отырған біздер.

Оның үстіне халық алдында қымсынбайды, емін-еркін, ешкімді бөтенсімейді де.

Орыстың әйгілі суретшісі Борис Иогансон «Қандай бір тамаша идея, не бір керемет тақырып болмасын, шынайы көркем формаға бөленіп, талантты реалистік шешімін таппаса, көрерменге ешқандай әсер ете алмайды» дейді.Ал, Құрманай Бақтиярқызының шығармашылығы көрерменге әсерін тигізіп-ақ тұр. Оған жиналған көрермендердің ыстық ықыласы мен шынайы қошеметі дәлел.

Кеш соңында ақын, асаба, әнші Құрманай Бақтиярқызы:

-Жаса Шымкент. Қайда жүрсемде ойымнан оңтүстікті алып тастаған емеспін. Оңтүстік өңірі мен үшін ең қымбат мекен. Қандай болса да еркелігімді көтеретін мен Шымкентті барлық қаладан артық көремін. Бұл менің Шымкентім»-деп ағынан жарылды.

Ақын жаны сұлулық пен нәзіктікке толы. Солай бола тұра оның әлемі сол сұлулық пен нәзіктікке толықтай тәуелді. Егер ол болмаса оның қоғам арасындағы абыройы мен құрметі өлшенбейді. Ақын жүрегін өлтірмейтінде оның сол жыр әлемі. Шын ақынның жыр әлемі шумақталып қанатын биікке қаққан қиялмен қауышады. Қауышқан қиял елдің жүрегіндегі жарасын жазады, мұңын сейілтеді, сызат түскен сезіміне шипа болады. Ақын жаратылысы солай…

                                                                                                                                                                                                                                                     Жарылқасын Үсентаев

Яндекс.Метрика