Әрбір бесінші өрт балалардың кінәсінен орын алады

Тұрғын үйлердегі өрт – жиі кездесетін құбылыс. Жыл сайын жалпы санға шаққанда тұрғын үйлерде шыққан өрттер жалпы тілсіз жаудың 50-70 пайызын кұрайды. Әрбір өрттің зардаптары ауыр болатыны бәрімізге мәлім.

         Өрттің пайда болу себебі неде? Мұның себептері әртүрлі. Бірақ жалпы қорытынды жасауға болады. Өрттер ережелерді бұзу себебінен болады. Бір жағдайларда ережелерді білмеу себеп болса, басқа жағдайда байқаусыздық себеп болады. Ал кейде өрттің пайда болуына балалардың отпен ойнауы түрткі болады.

         Балалардың отпен ойнауы, отты абайсыз қолдану жөнінде талай айтылды. Біз бұл тақырыпқа оның қатерлі зардаптарын біле отыра ораламыз. Балалардың отпен ойнау тәсілдері көп. Біреулері тұрғын үй маңында от жағып, біреулері ойын кезінде жанғыш заттар қолданады, ал баскалары электрқондырғылармен ойнайды. Көбінесе балалардың өздері осы ойындардың құрбандары болады.

         Дерек бойынша, әрбір бесінші өрт балалардың кінәсінен орын алады. Сондықтан балалардың отты пайдалануын қатаң қадағалаңыз. Естерінізде болсын, өртті алдын алу оңай, ал оны өшіру мен зардабы ауыр.

Д. Шынарбай

Шымкент қаласы, Абай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика