СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ІНДЕТ, КҮРЕСУ БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ!

Сыбайлас жемқорлық баршаны толғандырады. Жылдан-жылға дамып келе жатқан бұл «аурудың» қанат жаюына жол бермеу керек. Оған ешкімге де немкетті қарауға болмайды. Оның түбінде жақсылыққа апарып соқтырмайтынын әркім түсінуге тиіс. Яғни, пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі осы зұлымдықпен күресу.

Бұл кесел дамыған басқа елдердей біздің жас мемлекетімізге де айтарлықтай өз зардабын келтіруде.   Осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бұл қоғам дертімен  бірлесіп күресуіміз қажет. Ал,  ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыратын, түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Осы орайда  Шымкент қаласындағы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде арнайы мамандардың қатысуымен жемқорлыққа қарсы  күресті насихаттайтын түсіндірме жұмыстары жиі өткізілуде.  

Біліп, танып, оның дұрыс емес екендігі кеңінен насихатталғаннан кейін ғана ол індеттен құтылу мүмкін болады. Сондықтан да барша қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлық атты  қоғам індетімен күресуге шақырамын!

А. Алтынбеков

Зерттеу өрт-сынақ зертханасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі  

Фото интернеттен

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика