Шымкент қаласында «Жастар жылы» жақсы жаңалықтармен басталды. Атап айтсақ, қаламызда алғаш рет университет жанынан жас кәсіпкерлерге арналған бизнес мектебі ашылды. Жобаны ұйымдастырушылар – «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «UX group» компаниясыжәне «Silkway» халықаралық университеті. Аталған жоғарғы оқу орнында «Shymkent Business School» бизнес мектебінің арнайы таныстырылымы өтті.
tories/bi.jpg» border=»0″ />
Бұл стартап-мектеп дәрістеріне болашағын бизнеспен байланыстырғысы келетін студенттер, университет түлектері, жалпы 18-35 жас аралығындағы жастар, жас кәсіпкерлер қатыса алады. Оқу мерзімі – 15 күн. Курста білікті бизнес жаттықтырушылар дәріс беріп, ал арнайы дайындалған бағдарламада жас кәсіпкерлер үшін қажетті ақпараттар қамтылады. Нәтижесінде, бизнес мектеп түлектері тегін білім алып, сертификат иеленіп шығады. Тағы бір тиімді тұсы – ең үздік идеялардың авторы атанған түлектерге «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыру қарастырылған. Қазіргі таңда, оқуға жүзден астам талапкердің өтініштері тіркеліпті. Мектептің басты ерекшелігі – электронды коммерция негіздерін үйрету.
«Shymkent Business School» мектебінің ашылу салтанатында аталған университет студенттері өз бизнес жобаларының таныстырылымдарын жасады. Салтанатқа қатысқан «Silkway» халықаралық университетінің ректоры И.Е.Ефимова, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Р.А.Аюпов, Шымкент қаласының балалар, отбасы және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Ж.Т.Қалтаев, Шымкент қаласының «Кәсіпкерлер палатасының» директоры А.Абубакиров мырзалар құттықтау сөз сөйлеп, жас кәсіпкер-студенттерге сәттілік тіледі.
tories/b.jpg» border=»0″ />
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылы Жолдауында жарияланған «Жастар жылы» аясында жүзеге асырылып отырған бұл жобаның көтерген жүгі орасан. Яғни, студенттер мен жастарға кәсіпкерлікпен айналысу негіздерін оқытып, іс жүзінде сүйемелдейтін мектептен көптеген өз саласының маман-кәсіпкерлері шығары сөзсіз.
«Қызмет» ақпарат
Leave a Reply