2024-07-27

Заттыбекке көмек керек

tories/foto.jpg» width=»180″ height=»270″ alt=»foto» style=»float: right;» />

       «Жаңа ВИА-ға ат қою керек. Ойларыңызды қоссаңыздар!» – кеше әнші Заттыбек ағамыз өзінің Facebook-тегі жеке парақшасына осындай хабарландыру тастады. 
       Қазақ эстрадасында ВИА құруды «МузАРТ» бастап еді, оны Айгүл Иман­баева қостап ВИА «Достар» құрғанын біле-міз. Енді міне, алғаш «Ақмаржанмен» жалғыз өзі ғана жарқ етіп шыққан әнші-сазгер ағамыз аз ғана уақыт ішінде «керегесін» кеңейтіп жатыр. Музыкалық сауаты бар қазақ жігіттерінен іріктеу жұмысын әнші ағамыз өткен жылдың жазында бастап жіберген. Вокалды-инструменталды ансамбль құру әсте оңай бола қоймаса керек, ол жөнінде әнші ағамыз «Музыкалық кол­ледждерден маман таппай қиналдым. Фонограмма жайлағалы музыкалық аспаптар бөліміне оқуға тапсырушы талапкерлер саны да азайған. Бұл саладан «нан жей алмаймыз» деген ой саналарын жаулаған жастар музыкаға бейімі бола тұра, басқа саланы таңдауға мәжбүр», – дейді. Негізі о баста жай өзі ғана жеке концерттері мен той, мерекелік жиын­дар­да вокалды-аспаптар ансамб­лінің сүйемелдеуімен ән айтуды көзде­ген Заттыбек Көпбосынұлының келе-келе жоспарлары өзгеріп жатқан­ға ұқсайды.
       Не керек, қысқасы, ансамбль құрылды, ендігі мәселе оған ат қою.
       Ұсынылып жатқан атаулар: «Аманат, «Дегдар», «Самға», «Тұмар». Біз де сол көптің ортасынан «ВИАЗат» немесе «ВИА Заттыбек» болса қалай деген ұсыныс жасап үлгердік. Бұл ойымызды жазушы, тележүргізуші Бейбіт Сарыбай да қолдайды. Ал ағамыз болса, өз атын қоюға өзімшіл боп көрінуден қысылатынын айтады. «Бойтұмар» десем қалай болады?» деп, бірақ көп ішінен бұдан жақсы атау табылар ме деп әлеумет бізден аздаған қолқабыс күтеді. Сіз не дейсіз?
Мерей МАТАЙ.
Яндекс.Метрика