2024-07-27

Ең жас миллионерлер

       Жалпы, ата-анасы туа салысымен қамын ойлап, есейе келгенде бірден өзіне ұнайтын ісін бастап, ол арқылы қомақты табысқа қол жеткізіп, миллиардер атанып шыға келген жасөсіпірімдер әлемде баршылық. Бұл жастар бизнес әлемінің жас талғамайтынын дәлелдеп қана қоймай, сол бизнестің көшбасшысына айналды. Олар кімдер дейсіз ғой?

tories/kinopoisk.ru-Mark-Zuckerberg-1819107.jpg» width=»100″ height=»127″ alt=»kinopoisk.ru-Mark-Zuckerberg-1819107″ style=»float: right;» />

       Марк Цукерберг – Facebook
       Гарвард университетінің студенті болып жүрген кезінде Facebook әлеуметтік желісін ойлап тауып, оның негізін қалаған Марк Цукерберг туралы көбіміз жақсы білеміз. Қазірде бұл әлеуметтік желіде көпшілігіміз сағаттап, тіпті күні бойы уақытымызды өткізуге бармыз. Оның бұл әлеуметтік желісі бір жылдан соң 1 миллион қолданушыға жетсе, 4 жылдан кейін қолданушылар саны жағынан дүниежүзіндегі ең бірінші әлеуметтік желіге айналған. 2010 жылы Facebook аудиториясы 500 миллионды құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш миллиардтан асқан. Марктің әкесі баласының жасөспірім шағының өзінде емхана мен үйдегі компьютерді жалғастыратын бағдарлама ойлап тапқанын, бала күнінен жаңалыққа құштар, ерік-жігері мықты болғанын айтады.

      

tories/images.jpg» width=»100″ height=»114″ alt=»images» style=»float: right;» />

        Мэтт Мулленвег – WordPress
       Мэтт Мулленвег Хьюстон университетінде оқып жүрген кезінде WordPress-ті ойлап тапқан. Бүгінгі таңда ғаламтор желісіндегі әрбір 6-шы сайт (барлығы шамамен 60 миллион) WordPress арқылы жұмыс істейді. Ал күн сайын 100 мың жаңа сайт пайда болуда. Мэт 12 жасында интернеттегі алғашқы парақшасын ашады, 18 жасқа толған кезде құрып, Вашингтонға барған кезіндегі фотосуреттерді орналастыру үшін жеке блог ашады. Қазірзі кезде біздің елімізде өзін блогермін деп есептейтін бірқатар адам осы WordPress-тің арқасында жеке блогтарын ашып, өзін танытқан болатын.


tories/6a78811c91.jpg» width=»100″ height=»143″ alt=»6a78811c91″ style=»float: right;» />

        Джек Дорси – Twitter
       Twitter әлеуметтік желісінің негізін салушы Джек Дорси. Нью-Йорк университетінде оқып жүрген кезінде оның ойына қысқа мәтіндік хабарламалардан тұратын сервис, яғни Twitter-ді ойлап табу идеясы туындайды. Дорси бағдарламалауды өз бетімен үйрене бастайды. Бала күнінен қала картасына, диспетчерлік қызметке қызығып өскен Дорси жедел жәрдем мен полиция үшін бағдар-ламалық қамту ойлап табады. 2013 жылғы есеп бойынша, Твиттердің 200 миллионнан астам қолданушысы бар. 140 символдан аспайтын қысқа жазбалардың әлемді жаулап алғаны соншалық, оны қолданушылар жас, кәсіп таңдамайтын күйге жетті.


tories/51269259e992a8_57374110.jpeg» width=»100″ height=»100″ alt=»51269259e992a8_57374110″ style=»float: right;» />

        Канадалық — Райан Росс
       Канадада туылған Райан Росс. Кәсіпкерлікке бейімділігі 3 жасынан-ақ байқалған. Өйткені сол шынашақтай кезден бастап үйінің ауласында құс фермасын жасапты. Осы үйінің ауласында өсірген құстарының бағасына үстеме қосып сату арқылы ол алғашқы бизнестік жолын бастаған. Қазір Канададағы ең ірі құс фермасының иесі. Ол мұндай қадамға анасының «Ақшаны қалай тез табуға болады?» деген кітабын оқыған соң барған. Оның бұл тапқырлығы Гиннес рекордтар кітабына енген.


tories/photo_about.png» width=»100″ height=»146″ alt=»photo_about» style=»float: right;» />
        Қазақ баласы — Марат Әбиев
       Ал енді осы әлемдік миллиардерлер мен миллионерлердің арасында «Форбс» журналының тізіміне енген ақтөбелік қазақ баласы Марат Әбиевтің жүруі әрине біз үшін қуаныш. Оның қоржынындағы қаржы 11 миллион теңге. Марат Әбиев 13 жасынан бастап, ғаламтор арқылы косметика таратып, желілік маркетинг бизнесімен айналысады. Өзінің ақша табуға деген ынтасы мен қайсар-лығының арқасында жас бала, бір жарым жыл ішінде бес мың долларға дейін пайда көреді. Кейінірек компьютер арқылы қызмет көрсетуге кіріп, 19 жасында GPS-құрылғыларын көтерме бағада сатумен айналысады. Мараттың негізгі кәсібі — мұнай және мұнай компаниясына қажет құбыр сату болған. Осыдан кейін жас кәсіпкердің тасы өрге домалап, түсетін пайдасы да көбейді.

       Міне, осындай деректерге қарап отандық сарапшыларымыздың дені бала өмірге келе салысымен оған арнап инвестиция салуға дағдылану керектігін, қажет болған жағдайда мұны ата-аналарға міндеттеу де жөн екенін алға тартуда. Расымен де мүмкін, баласының қамын ата-ана бүгіннен ойлауы үшін бір мемлекеттік міндеттеу енгізу қажет шығар. Ойланып көрелікші…





Яндекс.Метрика