“Еңбек” бағдарламасы аясында халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірінің халқын солтүстікке көшіру бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Аталған игілікті істі насихаттауға бағытталған “Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан құрылған топ бұл жолы ат басын “Түркістан жоғары аграрлық колледжіне” тіреді. Өз аудиториясын жаңылмай тапқан топ өкілдеріне колледж оқушылары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Бұл жастардың жобаға қызығушылық білдіретінін көрсетеді. Олай болатын жөні де бар. Себебі, солтүстікте болашақта өмірімді аграрлық саламен байланыстырамын деушілерге мүмкіндіктер жетіп артылады. Осы орайда келесі жылы колледж қабырғасынан түлеп ұшатын жастарға бұл жолғы кездесуден алған мәліметтердің көмегі тиетіні даусыз.
tories/25102019-5.jpg» border=»0″ />
Кездесу барысында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Тұрар Керімұлы жобаның мақсаты мен маңызын нақтылап айта кетті. Осы уақытқа дейін қойылып келген талаптардың бірі оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға ниет білдіргендер отбасылы болу керек-тін. Ендігі уақытта жалғызбасты азаматтар да бұл жобаға өз үлесін қоса алады екен. Өткен жылы аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1706 отбасыға квота бөлінген.
Қазіргі таңда оқу бітірген көптеген жастардың жұмыс таба алмай сенделіп жүргенінен хабардармыз. Әсіресе, халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерде. Бұл маман сұраныстан артық дайындалады деген сөз емес. Біздің өңірде асып-артылатын мамандықтар еліміздің басқа аудандарында жеткіліксіз болуы әбден тмүмкін. Әсіресе, солтүстікте қарапайым жүргізушіден бастап медбикеге дейін қажеттіліктер бар. Барған маманның әлеуметтік жағдайын жасауда да артықшылықтар аз емес. Мысалы, солтүстік облыстардың халық санының оңтүстікке қарағанда біршама азғ екенін ескерсек, балабақшаға кезекке тұру да, баспанамен қамтамасыз етілу де үлкен бір мәселе емес. Тек осыны күнгей жақтың тұрғындары дұрыс пайдаланып, жұмысын өрге домалатып әкетсе деген тілек бар.
Бірақ, бұл орайда басқа жаққа қоныс аударсам мені керемет өмір күтіп отыр екен деп, көзін жұмып кете берген де дұрыс емес. Денсаулық жағдайын да талдап алған орынды. Себебі көшіп барғандардың көбісі басында климатқа үйрене алмай жатады. Ал, үйренгендеріне ауа-райына бейімделіп, қыстан қысылмай шығуы үшін қатты отынмен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған. Бұған қоса, Үкімет тарапынан көшіп келген әрбір азаматқа айына 84 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілуде.
Жобаның жемісін статистикалық мәліметтерден іздеу керек емес. Бұған көшіп барғандардың қазіргі тұрмыс жағдайы дәлел бола алады. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы да өз кезегінде осындай мәселелерді ортаға тастады.
Бір ғана мысал, өткен жылы 3 баласымен Павлодар ауданына отбасымен қоныс аударған жерлесіміз бүгінде мектептің мұғалімі. Жанұяға ауданнан қызметтік баспана да берілген. Өз үйің, өлең төсегің болмайынша көңілің де көншімейтіні белгілі ғой,-дейді аудан әкмінің орынбасары.
Бұл әрине, пәтер жалдап тұратын отбасылардың жағдай тұрғысынан қарасақ өте тиімді. Ай сайын жалақыңның жартысын пәтер жалдауға кетіргеннен қор жинағаның дұрыс есе пе?!
Түркістан жоғары аграрлық колледжі ветеринария мамандығының 2 курс студенті Жарас Біржан оқу бітірген соң, осы бағдарлама бойынша солтүстікке қоныс аударып, мал бордақылауды қолға алсам ба деген жоспары барын айтып қалды. Мұнда екі шаршы метр жерге 200-300 мың төлегенше, бұл қаржыға солтүстіктен көлемді жер алып бизнесімді өркендеткен тиімді емес пе, дейді Жарас.
Жалпы «Еңбек» бағдарламасында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс және Батыс Қазақстан өңірлеріне көшу қарастырылған. Егер сіз де қоныс аударуға ниетті болсаңыз, жұмыспен қамту орталығына барып, құжаттарыңызды талапқа сай дұрыстағаныңыз жөн. Ал кездесу туралы айтар болса, солтүстіктегі жағдайды көзбен көріп келгендердің әңгімесі көптеген студенттердің ойын өзгертуіне, болашағын жоспарлауға көмегін тигізді.
А.Мұқашова
Leave a Reply