Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуде. Айта кету керек, бұл акция республика бойынша өтуде.
Мақсаты- мекеме қызметкерлері ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін орталыққа жыл басынан 594 азаматша жүгініп, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Атап айтсақ, мамандардың жан-жақты жұмыс жүргізуінің нәтижесінде, өз өтініштерінің негізінде 59-ана орталықтан шықса, оның 48- күйеуімен татуласып, қайта қосылған. Сондай-ақ 18 ана атаулы әлеуметтік көмек алса, 9-ы тұрақты жұмысқа орналасқан және 16 бүлдіршін балабақшаға баруда.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында құзырлы орган өкілдерімен бірлесе елді-мекендерде, халық жиі шоғырланатын орындарда кездесулер ұйымдастырмақ. Яғни, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда.
№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы азаматтарды акцияға белсенді түрде атсалысуға шақырады. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілерін байқасаңыз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.
Сенім телефондарымыз:
150
7(7252) 45 03 03
+7 775 450 54 33
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын» іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қарастырылды. Оның ішінде, бекітілген жоспарға сәйкес әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы учаскелік инспекторлардың жұмысы, ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші мен динамикасы, дағдарыс орталығындағы азаматтардың жағдайы мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тапсырыс аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармалары, Қаратау ауданы әкімі орынбасарының және Жергілікті полиция департаменті басшыларының есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдердің құқықтарын қорғау сияқты маңызды мәселелердің себептері мен шешу жолдары қарастырылды. Жиын соңында Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар тиісті органдарға ұсыныстар берілді.
Leave a Reply