2024-07-27

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА – БИІК БЕЛЕСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

tories/001zhana-b.jpg» border=»0″ />

Бүгінгі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру, ұлттық құндылықтарды тұлғалық қасиетке, қазақстандық мектепте білім мен тәрбие жұмыстарын ұштастыру мәселелерін қарастырудың алар орны ерекше.

Елбасының «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы балалар мен жастарды жоғары рухани және азаматтық ұстанымға, әлеуметтік жауапкершілік, қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, отансүйгіштік пен бірігу сезімін тәрбиелеуге бағытталған. 
Қандай идея болмасын оны жүзеге асыратын адам. Сол сияқты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының өміршеңдігі де адам капиталына байланысты және оның негізі мектепте қаланады.

Әр адамға әртүрлі сөз ой салады. Мектеп мұғалімімін. Бірде қолыма түскен газеттен «Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда …….» деген сөйлемді оқығанда бірден екі түрлі ойда қалдым. Біріншісі: «Мен қаншалықты жаңалықтан құр қалдым?» деген сауал төңірегінде туындаған ой болса, екіншісі «Мен осы жаһандану мен жаңғыртуға ілесу үшін не істеуім керек?» деген ой еді. Іздене түстім. Өзіме өзім қойған сауалдарға президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген тұжырымды сөзінен жауап алғандай болдым.

Себебі Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы жаңартылған мазмұнды іске асыратын мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары жеке тұлғаны қалыптастыру үшін білім қаншалықты қажет болса, дағды да соншалықты қажет екенін растайды. Оқушылардың ақпаратты еске сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әр түрлі салада қолдана білуін талап етеді. Негізгі мектепте математикалық білім беру «Математика» (5-6 сыныптар) «Алгебра» және «Геометрия» (7-9 сыныптар) пәндері арқылы жүзеге асырылады. «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының негізгі ерекшелігі: Сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы, математикалық модельдеу саласында спиральділік ұстанымына сүйеніп, математикалық білімді, білікті дамыту. МАН 8 бет., яғни оқушылардың зерттеу дағдылары дамиды; оқу мақсаттары арқылы сабақ мақсаттарын БЛУМ таксономиясы бойынша (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) шиыршықтай отырып қою оқушылардың есептеу мәдениетін күнделікті өмірден көріп, сезе алуы, алгебраның таңбалық тілін қалыптастыра отырып, есептеуде кеңістіктегі түсінікті және бейнелей алуы функционалдық-графикалық сауаттылықты нығайтады. Ондағы ақпараттық компьютерлік технологияны пайдалану «GeoGebra», «Excel», «Paint», «Kahoot» қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып шынайы үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеуді қалыптастырады. 5-6 сыныптардағы енгізілген жаңа тақырыптар: натурал және бөлшек сандар тізбегі; кеңістіктегі фигуралар; тікбұрышты параллелепипедтің жазбасы; фигураларды қиюға берілген есептер; пәнаралық байланысқа түсіп, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері ашылады. Сонымен бірге тиімді қарым қатынас құру қабілеті: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының жеті құндылықтарына сүйеніп, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығына – ата-ана – оқушы – мұғалім – ата-ана байланысын нығыздап, бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет — жеке тұлғалық сапаларды жетілдіруге бағытталған зор мүмкіндік дер едім. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы ғана жетеді» деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай мұғалімге де, оқушыға да, ата-анаға да бір мақсат қоятын ұстанымдарды жұмылдыруға, өздерінің білімі мен дағдыларына сүйене отырып міндеттерді шешуге ұмтылдырады. Өткені осы бағдарлама бойынша тікелей оқушыға, ата-анаға, жалпы халыққа жеткізуші – мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмыстарының көшбасшысы. (Elliоt 1991) Жаңартылған оқу мазмұныны десе дегендей-ақ мен өзімнің ІІІ базалық деңгейлік курс бойынша алған білімімнің математика пәніне байланысты айқындалғанын түсіндім. Оқу жоспарын құру үшін дайын міндеттелген оқу бағдарламасы бойынша берілген оқу мақсаттарына жету, дағдыны қалыптастыруға бағытталған бағалау критерийлерін анықтауға берілген әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану мұғалімнің мақсатына жету үшін ұстанымына негізделген дер едім. Ал бағдарлама бойынша бізге тікелей таныстырылым жүргізген Дәулет Алиаскаров ағай және Мадина Бекахметова жаттықтырушыларымның бойынан мен мына қасиеттерді ұқтым:

— білім беруді жүргізу барысында білім алушылардың бір-біріне мүмкіндік беру дағдысын қалай қалыптастыру;

— топтағы тыңдаушылардан үй жұмысын сұрай отырып, жауаптар бойынша шағын топтарға біріктіру;

— тікелей білім бере отырып сергіту жаттығуларын тікелей пәнмен, алып жатқан біліммен білдірмей, сездірмей ұштастыру әдісін тиімді қолдануы мұғалімнің шеберлігін шыңдай түсетінін аңғардым.

Ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин: «Жақсы адамдармен таныс болу, өзімнің ақыл-ойымды, білімімді арттыру мұның бәрі де менің сағат сайын ойлайтыным» деген екен. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған Назарбаев Зияткерлік мектебі, ондағы ақпараттық компьютерлік құралдарды пайдалану, жаңа жаттықтырушыларымның білім беру үшін қолданған әдіс-тәсілдері, тек мамандық бойынша жаңа әріптестермен қарым-қатынаста болу менің мұғалімдік жаңартылған бағдарлама негізіндегі ой-өрісімді кеңейтіп, еркін білім алуыма, еркін тыныстауыма жол ашты.

Айгуль НАМАЕВА,

№77 мектеп-лицейі

Яндекс.Метрика