МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ТЕСТІЛЕУ РӘСІМІ ҚАНДАЙ?

tories/001memk.jpg» border=»0″ />

Конкурс, Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздың № 06-7/32 бұйрығы бойынша Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ала аласыз.

Тестілеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады:

· логикалық тест;

· мемлекеттік тілді білуге арналған тест;

· Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест.

Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барсында келесідей тестердің түрлері:

· кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;

· мемлекеттік тілді білуге арналған тест;

· Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.

Кандидаттар және қызметшілер өзімен жеке куәлігін (немесе төлқұжат) алып келу керек. Құжатсыз, жеке куәліксіз кандидаттар және қызметшілер тестілеуге жіберілмейді.

Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік программа көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.

Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика