2022-08-19

Мұхтар ШЕРІМ: «Талтайт дегенде, сонша талтайтасың ба?»

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Студенттік жылдарым есіме түссе, еріксіз езу тартамын… Алғаш арман қуып, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түскен күні әкем Жұмаш марқұм арқамнан қағып, қолымды қысып, бетімнен сүйіп қоштасты да, ауылға кетті. Аузым аңқиып, Алматыда жалғыз қалдым. Ауылдан алысқа шығып көрмеген мен сияқты «шөжекке», әрине, қиындау енді, таныстар жоқ дегендей…

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Содан не керек, ҚазМу қалашығына бару үшін автобус күтіп, аялдамада тұрмын. Киімдерім, бір бұрышына ақша салынған үлкен қара шабаданыма қарап қоямын. Бір кезде автобус келді де, қысыла-қымтырыла міндім. Жатақханаға жақындағанда байқаппын, шабаданым аялдамада қалып қойыпты!

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>Жүрегім аяғымның астына түсіп кетіп, оны автобустағылар аяқтарымен басып жатқандай әсерде болдым. Автобустың алдына келсем, шопыр орыс жігіт екен. Орысшаны қатырып айта да алмаймын. Сасқанымнан: «Мой чемодан там…там…» дей беріппін… Автобустан түсіп, келесісіне отырып, аялдамаға келсем, шабаданым сол орнында тұр! Шамасы, аялдамада адам көп болған соң, егесі де осы маңда деп ойлаған болу керек, ұры-қарылар. Шабаданымды құшақтай, еңіреп жылап жіберіппін.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Студентпіз. Бірінші курс старостасымын. Енді сәл-пәл «өмір көріп», «опыт» жинай бастағанбыз. Бесінші жатақхананың бірінші қабатындағы нөмірі оныншы бөлмесінде бүгінде марқұм болып кеткен қаламы қарымды журналист Мұхтар Наушабай және қызылордалық ағамыз Омар Бәкіровпен бірге тұрамын. Шаш деген иыққа түседі… Курстасымыз Убайдулла Әшіров және Мұхтар Наушабай үшеуміз асханада тамақтанып отырмыз. Бір кезде Убайдулла нанға жұқалап жағып, жегенде тәбет ашатын ашымықты (горщица) көрсетіп: «Мынау не? Тегін бе?» деп сұрады. «Ой, керемет тәтті, жеп көрші» деп нанға қалыңдата жағып бердім. Аузына салғаны сол, өзінен-өзі жылай берді. Көздерінен жас парлады деп жатқанымыз ғой. Қос Мұхтар ал келіп күлейік! Аңқау Убайдулла досым маған көпке дейін өкпелеп жүрді.

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Староста болған соң, лекцияға келмеген студенттерді журналға белгілеу керек. Ал, мен болсам, курстастарымның көңілдерін қимаймын. Сабаққа келмесе де «келді» ете саламын. Содан деканымыз Темірбек Қожакеев шақырды. Барсам, курстасым Мәди Қайыңбаевқа ұрсып жатыр екен. Оған: «Жатақхана, не стипендия аласың, екеуінің бірін таңда» деп жатса керек. Мәди болса: «Маған екеуі де керек» деп қарап тұр. Темкең қатты ашуланып: «Енді саған қатын да әперетін шығармын?» – деп күлгені есімде. Мәди демекші, Мәди Қайыңбаев, Мұхтар Наушабай үшеуміз бірігіп университетте «Жас толқын» атты ұзы-ы-ы-н қабырға газетін шығарған едік. Мәди «Жас толқынға» деген толғау жазған. Менде әлі күнге дейін сақтаулы. Газетімізді жоғары топтағы Аманхан Әлім, Елгезек Әзбергенов, Махамбет Машекенов ағаларымыз жоғары бағалап, әбден «жудырған». Айтпақшы, Темкеңнің шақырған себебі, үстімнен арыз түсіпті. «Әй, Шерімов, либерал болма, либерал болсаң, мәселеңді қараймыз!» – деген еді, сонда деканымыз. Ал Мәди болса маған: «Қабырға газетіне «Енді либерал болмаймын!» атты мақала жаз, Қожекеев бізді жақсы көріп қалады» – дейді. Жаздым. Қожакеев тағы шақырды. Зәрем қалмады. Жоқ, қабағы жылы… «Қабырға газеттерің жақсы екен. Серік Жәнәбілов екеуің ертең менің саяжайыма келіңдер. Тазалау жұмыстары бар еді…» деп өтініш жасады. Қуанып кеттім. Анау-мынау емес, факультет деканының саяжайында жұмыс істейміз ғой!

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> • Әскери кафедра болды. Сабақ орыс тілінде. Есеп-қисабы миыма кірмейді. «Жау самолеті ұшып келе жатады, зениткамен атқанда, қанша градуста оқ қиып өтеді?» деген сұрақтардан мезі болатынмын. «Оқ тисе болды емес пе? Соны есептеп жатқанда, жау самолеті бомбы тастап кетсе, аяғымыз аспаннан келмейді ме?» – деп ойға шоматынмын. Әскери шен дәрежелерін ажырата алмай күйдім. Кезекшілік кезінде полковникті «ефрейтор» деп шатастыра сәлем беріп, айыпқа бұйырылып, дәретхана жуғанмын. Жазға таман Отарға әскери жаттығуға алып барды. Өмірімде «тірі» танкті бірінші көруім. Етпетімізден жатырмыз. Қолымызда автомат… Оқытушымыз «аяқтарыңды талтайтып жатыңдар!» деп бұйырды. Тәртібі солай екен. Аяғыңды «өріп» қойып жатуға болмайды. Жұрт қатарлы аяғымды талтайттым. Бір кезде әскери оқытушым құйрығыма бір тепті. Бажырайып қарадым. «Не, талтайт дегенде, сонша талтайтасың ба?» деп ұрсып бергені…

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»> Екінші курста оқып жүргенімде «Қымызханаға» сценарий жазып жүрдім. Тағы бірде «Жастар тау бөктерінде» атты хабарға қатыстым. Бетімді линейкамен өлшеп, гримдеп берді. Хабар бітіп, автобусқа отырдым. Жұрттың бәрі маған қарайды. Мен оларға қараймын. Сөйтсем, бетімдегі гримді сүртпестен шығып кетіппін. Балет және опера театрына студенттерді күштеп апаратыны да есімде. Бармасақ, жатақханадан айырыламыз. Қожакеев қатал. Балет дегенді көріп таңғалғаным бар: «Бірін-бірі қуалайды да жүреді. Түк қызық емес…» Опера және балет біз үшін қызық болмағанымен, студенттік жылдар естен кетпес қызықты күндерге толы еді…{jcomments on}

http://qogam.kz/aleumet/muhtar-sherim-taltayt-degende-sonsha-taltaytasyin-ba/

http://kyzmet-gazeti.kz/

top: 10px; padding-right: 0px; padding-bottom: 10px; padding-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; background-image: none; background-attachment: initial; background-color: initial; list-style-type: none; list-style-position: initial; list-style-image: initial; border-width: 0px; margin: 0px;»>

Яндекс.Метрика