2024-07-27

«Жылқының суреті жетістікке жетуге жігерлендіреді»

tories/_3450.jpg» width=»180″ height=»270″ alt=»_3450″ style=»float: left;» />

       Жантанушы ғалымдар сурет салудың кез-келген адам үшін аса бір маңызды әрекет екенін айтады.  Ол — жан  құбылысының айнасы. Салынған суреттің бәрі өнер туындысына айналуы шарт емес. Өзіңіз  үшін де сурет салуға болады.  Ал, егер қызығушылығыңыз өнерге айналып жатса тіпті керемет. 
       Қазір үйді, кеңсені жабдықтауда түрлі картиналарды пайдаланамыз. Көп жерде көзге Қытайдан келген арзанқол  картиналар ілігеді. Жат табиғат, жат бейне, жат көзқарас. Бірақ бір қарағанда бәрі әдемі, көзді алдайды. Ұлттық  танымымызға қабыса ма, талғам тәрбиелеуге әсері бар ма? Шыны керек, бұл туралы ойлана да бермейміз. Ал, ойлана  қалсақ… Біздің жеріміздің де табиғаты әсем, бізде де тума талант көп, бірақ суреттері көпшілік жерде көзге түспейді.  Неге? 
       Осы сауал жетелеп Шымкент қаласының іргесіндегі Асар мөлтекауданында орналасқан №90 жалпы орта мектепке  бас сұқтық. Кірген бойда ғимараттың безендірілуіне назар аудардық. Қуанғанымыз, Қытайдың картинасы көзге түскен  жоқ. Кәдімгі адамның алақанының жылуы, қиялының, ойы мен жанының ұшқыны бар талғампаздықпен таңдалған көркем  дүниелер. Таныс табиғат, туған жеріміздің табиғаты.Өткен тарих пен ұлттық құндылықтарға деген құрмет байқалады.  Осылай аталған мектептің безендіру істеріне жауапты қызметкері Тауес Бегімқұловпен таныстық.
      — Сурет саласынан хабарыңыз бар азаматсыз. Картинаға деген сұраныс барын сіз бен біз білеміз. Егер  сұраныс  болмаса кәсіпкерлер Қытайдан картина тасып әуреге түспес еді. Осы орайда бүгінде қазақ  суретшілерінің ішінде  кімдердің туындылары сұранысқа ие деп айта аласыз?
       — Сіз мүлдем тың тақырыпты қозғап отырсыз. Жалпы менің білуімше бүгінгі таңда қазақ суретшілерінің айтарлықтай насихаты, жарнамасы жоқ деуге болады. Кейбір танымал суретшілердің шығармашылығы, көрмелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылуы мүмкін, бірақ оларға түскен тапсырыстар, туындыларының сатылуы жайлы көп мағлұмат беріле бермейді. Алматыда суретшілер Арбатта отырып туындыларын сатуға шығаратынын білеміз. Бірақ оның қаншасы сатылды, қандай сурет сұранысқа ие болды, мұны зерттеп, іздеп жатқан ешкім жоқ-ау. Сондықтан да нақты бір суретшінің туындыларына сұраныс көп деп айта алмаймын. Көркем дүниеге деген ынтызарлық ояну үшін, алдымен адамның бойында өнерге деген сүйіспеншілікті, талғамды қалыптастыру керек. Осы жерде сұрақ туады. Неге біз Қытайдың арзанқол ешкім білмейтін, өнерде ешқандай орны жоқ, сезімге әсер алмайтын дүниесін сатып аламыз?
tories/_3519.jpg» width=»300″ height=»200″ alt=»_3519″ style=»float: right;» />

       — Эстетикалық тәрбиенің кемшіндігінен болар. Бұл өз алдына үлкен әңгіме, үлкен мәселе. Десе де арзанқол дүниеге қайта айналып соғып отырмыз, қай уақытта, қандай жағдайда Қытайдан келіп жатқан арзанқол картиналармен бәсекелесе аламыз? Қазақстанның ақшасын қашанғы басқа елге құямыз, осы қаржы неге өзіңіз сияқты қылқаламның сырын білетін, елдің тарихына, ұлттық құндылықтарға бей-жай қарай алмайтын адамдардың қалтасына түспейді?

       — Қазір бәсекелестік туралы көп айтылады емес пе? Мұның өнер адамдары, соның ішінде суретшілерге де қатысы бар. Ол үшін — әуелі өз ішімізде бәсекелестік болуы керек. Бәсекелестікті қылқалам шеберлерінің арасында өтетін көрмелер шыңдай алады.Сондықтан да көрмелер жиі ұйымдастырылу керек. Мұндай іс-шаралар екі жақты тиімді.Бір жағынан кәсіби және әуесқой суретшілердің картиналарын ел арасында кеңінен насихаттауға, әрі суретшілердің бір-бірімен байланысып пікір алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мол мүмкіндік ұсынса, екінші жағынан халықтың эстетикалық тәрбиесіне әсері болады. Егер осындай көрмелерге ата-аналар балаларын ертіп келіп жатса қайталанып, мыңдаған данамен табыс табу үшін шығып жатқан дүниеден гөрі, қолдан шыққан отанды

туындыға деген құрметі арта түсер еді. Мен әлгі сіз айтып отырған картиналарды өнер туындысына жатқыза алмаймын. Ол сәндік бұйым ғана.
«Қолмен бірге ой жұмыс істемеген жерде, суретші де жоқ» — деп Леонардо да Винчи айтқандай өз ойынан туынды жасау үшін суретші үшін таудай азап шегеді. Ал, бақтарыдай ғана. Меніңше, халық суретшілердің осындай күрделі жұмысының нәтижесін жанымен түсініп бағалағанда ғана қытайдың арзанқол картиналарын емес өзіміз суретшіле-рінің қылқаламынан туындаған шығармаларын сатып алатынына мен кәміл сенемін. 
       — Бейнелеу өнерінің құдіреті барын білеміз. Қабырғада қандай картина тұрмасын, оның адамға белгілі бір деңгейде әсері болады. Жаңа мектеп дәліздеріндегі картиналарды көріп бойымызда елімізге, тарихымызға деген мақтаныш, құрмет сезімі пайда болды. Сол себепті де сурет таңдауда абай болған жөн сияқты. Жалпы үйге немесе кеңсеге сурет таңдағанда қандай қағидаларды ұстанған дұрыс?
tories/_3518.jpg» width=»200″ height=»300″ alt=»_3518″ style=»float: right;» />
       — Ғалымдардың айтуынша, үйге ілінген картина сол үй тұрғындарының өміріне үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан, суреттерді ақылмен таңдау керек. Картиналар үй иесінің дініне, ұлттық салт дәстүріне, мінезіне сай болып, қанша уақыт тұрса да адамды жалықтырмайтындай болуы тиіс. 

       Мәселен, үйге биенің құлынымен бірге бейнеленген суретін ілсек бала ата-анасының қамқорлығын сезініп еркін өседі. Қазақтың жанына жақын жылқының суреті адамды тектілік пен өжеттікке, өмірде жетістікке жетуге жігерлендіреді. 

       Менің қаламыма жиі ілігетін сүйікті тақырыбым еліміздің көргенді еріксіз тамсандыратын керемет табиғаты, Алатаудың бөктері мен кербез сұлу Көкшетауы. 

       Бөлмеге табиғаттың суреті бейнеленген картиналарды ілсек адамның шаршағанын басып, жан дүниесінің тазаруына көп көмектеседі. Кеңседе мекеменің атқарып отырған қызметіне лайықты картиналар ілінгені дұрыс. Ал, мектептің жөні бөлек. Оқушылар Отанының патриоты болып өсуі үшін қабырғаларға еліміздің тарихынан сыр шертетін, археологиялық құндылықтардан хабардар ететін, сондай-ақ табиғат кереметінен көз қарықтыратын картиналардың ілінуіне көп көңіл бөлінеді. 

       — Оқушының бойында талғампаздықты тәрбиелеу, бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін не істеу керек?

       — Сурет сабағына деген көзқарас өзгеру керек. Егер оқушылар арасында сурет салудан байқаулар жиі өткізілетін болса олардың туындылары сыналып, талғамы қалыптасады. Және өзі туған жердің табиғатын қағазға түсіруді үйрету де өте маңызды. Осы арқылы олардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, шығармашылық шеберліктері шыңдалады. Мұғалімдер балаларды бейнелеу өнеріне баулу арқылы, оларды бейбіт өмірді, ізгілікті бағалауға жетелейді. Сондықтан да мен ата-аналарға балаларыңызды бейнелеу өнері үйірмелеріне жаздырыңыздар дер едім. Суретші болу бәрімізге бірдей міндет емес әрине, ал, жаны сұлу, талғампаз азамат болып шығу — міндет. Тағы бір тілегім, үйіңізде «сәндік бұйымның» орнында сіздің балаңыз салған сурет әдемі безендіріліп ілулі тұрса, әлдеқайда пайдалы, әрі мазмұнды болар еді. Ол бір-біріңізге деген құрметтің, сыйластықтың бір белгісі болып қала бермек. Және мұндай суреттерді жақын туыстарыңызға, достарыңызға сыйлауға да болады.

       — Демек арзанқол картинаға баламыздың өнерінің өзі бәсекелес бола алады ғой.

       — Әрине, бәрі өзімізге байланысты.

       — Әңгімеңізге рахмет!

Әлия АХМЕТОВА, «Қызмет» газеті.


Яндекс.Метрика