2024-07-27

БІРІНШІ ҰСТАЗЫМ-ЕЛБАСЫ

Бірінші Ұстазым-Елбасы

tories/marat.jpg» width=»448″ height=»299″ alt=»marat» style=»vertical-align: middle;» />

Мемлекеттік қызметтің сапасы мемлекет басшысының да маңызды рефомаларының бірі. Елбасының  сайлауалды тұғырнамасы болған бес  институттық реформада басым бағыт кәсіби мемлекеттік қызмет қалыптастыруға бағытталған. Ол қалыптасып келеді. Мемқызметшілердің жаңа келбеті қалыптаса бастады. Олар білімді, білікті, мәдениетті, әдепті, талапшыл, бастамашыл, жаңашыл. Халықтың адамы болуға деген ұмтылыс бар бүгінгі мемқызметшілердің арасында. Солардың бірі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тәжібаев Марат Абдімажидұлы.

-Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы басқа қызмет өкілдерінен айырмашылығы қандай, ол қандай тұлға,оған қандай талаптар қойылады?

— Мемлекеттік қызметші — ол қоғам алдында өзінің жауапкершілігін сезіне алатын тұлға. Білімді болуы шарт. Былайша айтқанда әрбір мемқызметкер Қазақстан атты мемлекеттің, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өкілі деп санауымыз керек. Елбасының тікелей өкілі болғандықтан мемқызметкер халық пен биліктің арасын жақындастыратын тұлға болуы тиіс.

-Әдемі сөйлеуге болады. Сол әдемі сөзді іспен тірілту бұл-жұмыс.  Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының халықпен арасы жақын ба?

— Бір аудан көлемінде емес, жалпы облыста билік пен халықтың арасы жақын деп айтуға толықтай негіз бар. Қандай мемлекеттік қызметті алмаңыз қолжетімді. Техниканың дамыған заманы болғандықтан осы қызметтердің сапасын бақалаймын дегендерге барлық мүмкіндіктер бар.Мемлекеттік қызмет бұл-жүйелі, жоспарлы  қызмет.Және үнемі бақылауда тұрады. Бұл бақылау тек жоғары лауызымды қызметкерлердің тарапынан болады десек жаңылысамыз. Бақылауды халықтың өзінің жасауына да барлық жағдай қарастырылған. Әр лауазым иесінің бекітілген қабылдау күні болады. Егер мәселеңіз болса осы күнге жазылыңыз.

— Әкімге, әкімнің орынбасарына адам салып кіру ескі ұғымға айналып отыр ғой.Сіз кез-келген осы ауданды тұратын тұрғынды қабылдай аласыз ба?

— Иә, менің алдыма кіру ешқандай қиындық туғызбайды. Қабылдау кестем бар. Мәселесі бар адамдар сол кестеде көрсетілген күні келіп жолығуларына  болады. Одан бөлек кез-келген аудан тұрғынын кез-келген сұрақпен қабылдай беремін.Сөйлесеміз, пікірлесеміз, егер мәселесі  менің салама жатпайтын болса келуші адамға  бағыт-бағдар беріп шығарып саламын. Себебі мен әрбір тұрғынға кішіпейілділікпен қараймын. Солай етуге міндеттімін. Өйткені менде қарапайым халықтың мүшесімен. Таңғы сағат 9-дан кешкі 7-ге дейін мемқызметкер болсам, 7-ден кейін мен де осы ауданның тұрғынымын. Сондықтан әрбір келушіге өзімдей қараймын. Осы кезге дейін келіп тұрған бірде-бір адамның кабинетіме кіруіне кедергі болған емеспін. Әрбір мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті осындай болуы керек, ол қызметтік этикада көрсетілген. Біз өз тарапымыздан көрсетілетін қызметтің сапасының артуына барымызды салуымыз керек. Ал, ол қызметті келуші қалай қабылдайды, бұл мүлдем басқа мәселе. Өйткені, адамдардың психологиясы әртүрлі. Сол себепті халықтың бәріне бірдей жағу мүмкін емес.Мысалы, 100 жақсылық жасап тұрып,100 мәселел дұрыс шешіліп тұрып, 1 өтініш кешіксе мемлекеттік қызметшіге деген реніш туады.

-Халыққа жағу мүмкін емес деп қалдыңыз. Біреуде болса сіз көрсетіп отырған қызметтің сапасына кері әсер етеді ғой…

«Халыққа жағу мүмкін емес» дегенде жаңағы 100 жақсылықтың 1-уі орындалмай қалғандағы туатын пікірді қозғадым. Қызмет бар да, оны тұтынушы бар. Сапаның жақсаруына  бір емес, екі жақта мүдделі болуы керек. Біздің оң имиджімізді қалыптастыруда қарапайым халықтың үлесі зор. Неге екенін қазіргі қоғамда теріс нәрсе тез тарайды да, жақсылық қалып қояды. Әйтпесе, бүгінгі мемқызметші көп өзгерген. Ол мемлекет алдындағы қызметі үшін білімін де, уақытын да аямайды. Осыған қарай қоғамның да көзқарасы өзгеру керек еді. Бірақ олай болмай тұр. Ол үшін әр адам өзін мемлекеттік қызметшінің орнына өзін қойып қою керек. Сонда қоғамның мемлекеттік қызметшіге деген көзқарасы өзгеруі әбден мүмкін.

-Отызға енді жақындадыңыз. Қазір аудан әкімінің орынбасарысыз. Лауазым өсіруде кедергілер болған жоқ па?

Жасым 29-да. Кентау қаласында мектепті бітіргеннен кейін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  «Су ресурсы» мамандығын үздік дипломмен бітіріп шықтым. Сол жоғарғы оқу орнында тағы да «Заң тану» мамандығының дипломын алдым. Оны да үздік дипломмен бітіріп шықтым. Ал мемлекеттік қызметке 2008 жылы келдім. Сол жылдары «жастар практикасы» бағдарламасымен осы аудандық әкімдікте іс-тәжірибеде болдым. Осы кезден бастап мемлекеттік қызметтің табалдырығын аттай бастадым. Ал шын мәнісінде менің мемлекеттік қызметке келуіме түрткі болған ең басты оқиға бар.  2005 жылы Елбасымен жолығып, қолын алып суретке түскен кезім. Қалай айтсам болады, сол кезде менде ерекше сезім болды. Сол кезден бастап мен мемлекеттік қызметші болғым келді. Армандадым.  Менде неге Елбасымыз секілді елге қызмет етпеймін деп, келешектегі жоспарымды түзе бастадым. Қоғамдық жұмыстарға көптеп араласа бастадым. Мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін жетекші маман, одан кейін бас маман, бас маманнан кейін бөлім басшысы болдым. Қызмет бабы биікке жетелей түскен сайын менің қоғамға тигізер пайдамның көп болуын бақылауда ұстадым. Мемлекеттік қызметтен алыстамаған күйі Тассай ауыл-округінде бөлім басшысы болып қызмет атқардым. Тассай халқы сол кездегі қызметім үшін үлкен алғысын айтып жатты. Бұл да мені қанаттандырды.  Қаратау ауданы құрылғаннан кейін осында аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс жасадым. Өткен жылы қараша айында Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратынан ұсыныс түсіп, қайта осында келдім.Мен жұмыста ерекше құлшыныспен істеймін. Жақсы көріп істеймін. Мағынасын, мәнін түсініп жүріп істеймін. Ізденемін, оқимын. Қызмет менің өмірлік мектебім. Мені алға елге деген қызметімді көрсетсем,тағы не істей аламын деген сезім жетелейді.

-Ұстазсыз адам болмайды ғой. Осы кезге дейін тәжірибе алмасқан немесе ұстаз тұтқан үлгі боларлықтай адамдар болды ма?  

Менің ең бірінші ұстазым Елбасы. Мемлекет басшысынан алар үлгі өте көп. Қазір қарап тұрсаң 1 отбасыны тыныштықта ұстап тұрудың өзі қиын. Ағайын-бауырлардың өзімен келісе алмай қалып жатамыз. Мысалы, мына қаламды бауырыңның біріне көрсетіп қара десең, ол ақ дейді. Амал жоқ бауырың болғаннан кейін келісесің… оның көзқарасы басқа. Ал Елбасы бір мемлекетті басқарып, бір тұтастай халықтың көңілін тауып, экономикасында алға сүйреп, биікке шығарып отыр. Енді салыстырып көріңіз. Көп ұлтты елдің тыныштығын сақтап отыру тағы  бар. Сондықтан мемлекеттік қызметте менің ең бірінші ұстазым Елбасы дер едім.

Ал одан кейінгі ұстазым бұрынғы Қаратау ауданының әкімі, қазіргі Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов. Бұл кісіні мен аса құрметтеймін. Қызмет жолымда маған үлкен сенім көрсетіп, тәжірибесін, көрген-білгенін бөліскен Ғалым мырзаның еңбегі менің мансап жолымда ерекше дер едім. Менің жүрегімде ерекше қалған ұстаздардың бірі осы кісі. Неге дейсіз бе?! Бұл кісі Қаратау ауданында қызметтес болғанымызда халық үшін жанын беретін азамат екендігін талай мәрте дәлелдеген. Халық үшін ішкен асын жерге қойып, түннің ішінде шешілмей жатқан мәселенің түйінін шығарып, шешкенше тыным таппайтын. Оның имандылығы мен халыққа жақындығы мені риза етті.  Үйренерім әлі көп. Қазір де үйреніп жатырмын.

-Заңды білу керек. Қарапайым халыққа да, қызметкерге де, заңды дұрыс білмейтін әріптестеріңіз де кездеседі…

Әр адам әртүрлі, қызығушылығының да әртүрлі болуы заңды.  Менің қызығып оқитын салам заң. Қазіргі жаңадан шығып жатқан заңдарға дейін қызығып ақтарып отырамын. Қарап отырсаң бәрі керемет, бүгінгі заманның талабына сай.Тек орындалса ғой деп армандайсың.

-Сіздердің жұмыс жоспарларыңызда «Ұмыт қалған кітаптар» атты жоба іске асқалы жатыр. Осы туралы айтып өтсеңіз.

-Иә, біздің жоспардағы «Ұмыт қалған кітаптар» жобасы қазіргі жастарға арналады. Қазіргі жастардың санасын желі байлап алған. Мен жастармен кездескен сайын осы тақырыпты қозғап жүрмін. Әлеуметтік желілердің неше түрлісі шығып кетті. Шынында ол желілер алыстағы ағайынды жақындатқанымен өзіңнің жан бауырыңды алыстатып жатыр.  Туыстарың үйіне келеді, дастархан басының өзінде ұялы телефонды шұқылаумен оытрады,  бауырымен әңгімелесу жайы қалады. Ал кітап барлығын жақындастыратын таптырмайтын құрал. Әлеуметтік желіні ақтара бергенше біз оларға кітапханадан кітаптар ұсынамыз, үйлеріндегі оқылмай жатқан кітаптың бетін ашуға көмек береміз.Есесіне біздің қоғам одан зардап шекпейді, рухани байлық алып, адами қасиеттер сақталады.

-Тәжібаев Марат мырза өзіңіз үлгі тұтқан Елбасының жолын жалғастыра беріңіз. Әңгімеңіз үшін үлкен рахмет!

Яндекс.Метрика