2024-07-27

БІЗ ЕҢБЕГІМЕН АТЫ ШЫҚҚАН ЕРЛЕРІМІЗБЕН МАҚТАНА АЛАМЫЗ

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Әбдібақыт Мақұлбаев,

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Кентау қаласының әкімі:

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>«Қысқа ақпарат  қысқалыққа алып келеді, кітап толыққандылықтың белгісі»

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>Біз еңбегімен аты шыққан ерлерімізбен мақтана аламыз

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»> 

tories/akim.jpg» width=»336″ height=»396″ alt=»akim» style=»float: left;» />-     Әбдібақыт Тілләбайұлы жақында ғана өткен Кентаудың 60 жылдық мерейтойы көпшіліктің есінде несімен қалды деп ойлайсыз?

     Мерейтой ең алдымен туған жерге деген сүйіспеншілікті паш етті, қалалықтарды бір серпілтті, болашаққа деген үміттерін үкіледі деп батыл айта аламын. Сондай-ақ, бүгінгі ұрпақтың Кентау қаласының өткенімен, бай тарихымен танысуына үлкен бір септігін тигізді. Мерейтой аясында болашаққа бағдарымызды  айқындаған тың жобаларымызды таныстырдық.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Тарихқа көз жүгіртсек Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айының 1-ші жұлдызында Қазақ ССР Президумының Жарлығымен Түркістан ауданына қарайтын Мырғалымсай поселкасының негізінде құрылған. Қаланы құрудағы негізгі мақсат Қаратаудың қойнындағы мол пайдалы қазбаларды игеру болатын. Ал, ол байлықтың  молдығы ағылшындар жүргізген зерттеу бойынша  осыдан бір-екі ғасыр бұрын белгілі болған.  Тіпті, «Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи Кесенесіндегі Тайқазан Қаратаудың маңайынан жиналған мыстардан осы Қарнақ ауылында құйылған» деген де тарихи деректер бар. Ал, геологиялық барлау жұмыстары Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1927 жылы  қолға алынып, осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды дамыту үшін  1955 жылы Кентау қаласын құру туралы шешім шығарылған. Кенді қаланың тұрғындары «Ащысай» түсті-металл комбинатында жұмыс істеген.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»>Біз еңбегімен аты шыққан ерлерімізбен мақтана аламыз. Кентауда 6 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Бір Кеңес одағының Батыры бар. 60 жылдық мерейтой қарсаңында елдің мақтанышына айналған батырлардың  мүсіндері орталық саябаққа орнатылып, «Батырлар аллеясы» ашылды.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> Қала тарихындағы белгілі тұлғалар Лениндік сыйлықтың лауреаттары, Кеңес Одағы мемлекеттік сыйлығының, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, мемлекеттік наградалардың иегерлері, нағыз еңбек адамдарын насихаттау, дәріптеу жастар арасында түрлі іс-шаралар шеңберінде белсенді жүргізілді. Тарихты түгендеп «Кентау алпыс-жыл, алпыс-белес» атты кітап шығарып, екі бірдей деректі фильм түсірдік. 60 жылдық мерейтой халықтың есінде осынысымен қалды деп ойлаймын.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 21.3pt;»>Кентау тұрғындарының бір ерекшелігі басқа түскен қиындықтарға қарамастан, қаланың болмысын сақтап қалды

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.3pt;»> 

     Бүгінгі Кентау – еліміздегі шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген облыстағы жалғыз қала. Осы бағдарлама бойынша қандай жұмыстар нәтижелі атқарылып жатыр, шешілмей жатқан тағы қандай проблемалар бар?

     Кентау қаласы уақытында қарқынды дамыған, кескін келбеті, сәулеті келіскен, ел арасында «Қазақстанның жасыл желекті қаласы», «Қаратау тәжі» деген аттарға ие болған.  Тоқырауға ұшыраған тоқсаныншы жылдар қалалықтар үшін оңай болған жоқ. Оған көптеген факторлар әсер етті. Қала  Мәскеуден тікелей қамтамасыз етілді, бір салалы тек қана кен өндіретін қала болды. Кешілер жұмысссыз қалды, әсіресе шағын ауылдарда жұмыссыз қалған халық жан бағудың қамымен басқа жақтарға кетіп, үйлер қаңырап бос қалған кездер де болды. Бірақ қала  тұрғындарының бір ерекшелігі басқа түскен қиындықтарға қарамастан, халық қаланың болмысын сақтап қалды. Рухын түсірмеді. Қазір қаланың қарқынды даму жолына түсуі сол сақталған рухтың арқасы деп айта аламын. Бүгінде  қалада бос тұрған үй жоқ. Инфраструктурасы қалпына келтіріліп жатыр. Моноқала бағдарламасы шеңберінде төрт жыл бойы қаралған  қаржыға сәйкесінше тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қала әлеуетінің көтерілуінің бір мысалы ретінде соңғы жиырма жыл бойы көпқабатты үй салынбаған қаламызда биылғы жылы 60 пәтерлік үй пайдалануға берілді. Құрылыс қаланың жаны десе де болады. Мұны көрген халықта келешекке деген сенім орныға түсті. Бұған қоса үлкен төрт мөлтекауданның инфрақұрылымы, кәріз жүйесі жаңартылып, жолдар жөнделді. Былтыр тоғыз көше жөнделген болатын, оған биыл төртеуі қосылды. Бұл да қаланың көркіне көрік қосып жатыр.

-Әңгіме басында кеннің мол қоры туралы айттыңыз. Жаңадан ашылып жатқан  кен орындары бар ма?

Қаратаудың қойнындағы кен әлі талай ұрпақтың әлеуетін арттырып, жұмыс құралына айналатыны даусыз мәселе. Былтырғы жылы Қызылорда мыс-кен орнынан бір инвестор келді. Осы желтоқсан айында геологиялық барлау жұмыстарын бастайды деп күтіп отырмыз. Пайдалы қазбаларды игеру аясында мұнан да басқа жоспарлап отырған жобаларымыз бар. Соның бірі кен-қалдықтар қоймасын игеру. Осы мақсатта Инвестициялар және даму минстрлігі тендер жариялап отыр. Бұл жоба  жүзеге асқан күнде 200-дей адам жұмыспен қамтылатын болады. Былтыр өткен «Кентау инвест – 2015» форумында 9 жоба тыныстырылған болатын. Соның бірі  жел және күн сәулесі арқылы электр өндіру. Егер жоба іске асар болса кәсіпкерлерге электр қуатының килловаты 6 теңгеге арзанға түсетін болады. Қазір бес гектар аумақты алып жатқан индустриялық аймақ салынып жатыр. Аймақта орналасқан құны 189 млн. теңгені құраған «Асфальт-бетон» зауыты мен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-на қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын  компания жұмысқа кірісті.

 

Кентау десе кез-келген адамның ойына бірден кен өндіру саласы түседі

 

     Биыл қыс қаһарлы болады деген болжам бар. Кентаудағы түйткілді мәселенің бірі көп қабатты үйлерді жылыту мәселесі. Осы бағыттағы жұмыстар туралы не айтар едіңіз?

     Қысқы маусымға қажет қатты отынға республикадан және облыстан 350 млн. теңге, жөндеу жұмыстарына облыстық қаржыдан 68 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда  6 қазандық іске қосылып тұр. Ал отынға келсек, қоймада 14 тоннадай көмір болса, 25 тоннадайы Түркістан қаласындағы қоймада сақтаулы. Қысқа дайынбыз.

     Кентау өндірісті қала болатын, қазір мұнда ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік дамып келе жатқанынан хабардармыз. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі дегенде қандай мысалдар келтірер едіңіз?

     60 жылдықтың  қарсаңында «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы жас мамандарына яғни 48 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Берілген көп қабатты үйдің аулалары заман талабына сай. Осы орайда айта кететінім зауыт басшылығы қаланың көркіне ерекше жанашырлықпен қарайтындықтарын танытып, көрші тұрғын үйлердің де сыртқы келбетін әрлеп берді. Әлеуметтік жауапкершілікті сезіну деп осыны айтуға болады.  

     Елбасымыз Қазақстанның брендін қалыптастыру туралы көп айтады. Кентаудың бренді деп нені айтасыз?

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»>— Кентау қаласы «Кеншілер қаласы». Бұрын да солай болған, қазір де солай, болашақта да солай болады. Өйткені, Кентау десе кез-келген адамның ойына бірден кен өндіру саласы түседі. Біздің алдымызда енді сол брендті республикадан тыс елдерге де танымал ету мақсаты тұр.

     Үлкен қалаларда тұрғын үй мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Сіздерде бұл мәселе қаншалықты өзекті?

     Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған жұртшылықтың саны 2 мыңға жуықтады. Күн өткен сайын  бізде де тұрғын үйдің  өзектілігі артып келеді. 2014 жылы «Тұрғын үйді жаңғырту 2020» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Алдағы уақытта екі тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда.

     Ауылдардың мәселесі қалай шешілуде?

     Кентау қаласына қарасты 4 ауыл бар. Хантағы, Ащысай, Байылдыр, Қарнақ. Моноқала бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 290 млн. теңге мал бордақылауға, шаруашылықпен айналысуға берілген болатын. Соның нәтижесінде ауылдың тіршілігі жанданып келеді. 2015 жылы да 500 млн. теңге несиге берілу қарастырылған. Бір қуанып айтатын жәйт өз кәсібін ашамын деген ауыл тұрғындарының саны артып келеді.

 

Тұрғындардан арыз түссе мәселені сол жерге барып шешкенді жөн көремін

 

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»>-Әлеуметпен қаншалықты кездесіп тұрасыз? Әлеуметтік желілерді пайдаланасыз ба?

     Тұрғындардан арыздар түсетін жағдай болса мәселені сол жерге барып шешкенді жөн көремін. Қала тұрғындарымен айына бір мәрте кездесіп тұрамын. Қалаға қарасты ауылдарда «Ақсақалдар алқасы» жұмыс істейді. Егер ауыл тұрғындары мәселерін «Ақсақалдар алқасы» арқылы жеткізіп жатса жұмыстың тығыздығына қарамастан ауылдағы халықпен жүздесемін. Әлеуметтік желілер кері байланысқа жақсы. Фэйзбукқа тіркелгенмін. Жаңалықтарымызбен бөлісіп отырамыз. 

     Қалалық әкімшіліктің сайтында әкімінің блогы бар. Оқырмандардың сұрағына өзіңіз жауап бересіз бе?

     Тікелей менің жауап беруім қажет сұрақтарға өзім жауап беремін. Көбінесе уақытым бола бермегендіктен өндірістегі сұрақтарға баспасөз хатшысы жауап жазып отырады. Блогымды назардан тыс қалдырмаймын.

     Мектеп директорларын тағайындау ісін Шымкент қаласының әкімі өз қадағалауына алуға кірісті. Бұл жөнінде Сіздің жоспарларыңыз қандай?

     Мектеп директорлары білім бөлімі басшысының бұйрығымен тағайындалады. Кентау қаласынан биыл 421 оқушы ҰБТ-ға қатысып  орташа 99,1 балл жинап республика бойынша бірінші орын алдық. Директорларымыздың потенциалы жоғары, мұғалімдердің кәсіби деңгейі мықты. Төрт жыл қатарынан облыс бойынша бірінші орында келе жатырмыз. Нәтижеге қарап білім бөлімінің басшысы өз жұмысын тиісінше атқарып отыр деп есептеймін.Оған менің араласуыма қажеттілік жоқ деп есептеймін.

     Әр қаланың өзіне тән мәдениеті қалыптасады. Кентаулықтардың басқа қалалықтардан айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?

     Кентаудың халқы нағыз патриот жандар. Және өнерді қадірлейді, қадірлілерін айтып мақтанып қана қоймайды, солардың өмір жолдарын айту, үлгі ету арқылы болашақты тәрбиелей алады. Ерекшелігі деп осыны айтуға болады.  Райымбек Сейтметов,Асанәлі Әшімов,Әшірбек Сығай, Сейдолла Бәйтереков, «Дос-Мұқасан» ансамблінің белді мүшесі Досым Сүлеев,Қазақстан Республикасының Халық әртісі Лаки Кесоглу — бұлардың бәрі кентаулықтар.Және олар өздерінің кентаулық екенін үнемі айтып жүреді. Кентаудың халқы нағыз патриот жандар деп айтуымның себебі осы.

tom: 0.0001pt; text-align: justify;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>Халықтық театр ұжымын құру жоспарымызда бар

tom: 0.0001pt; text-align: center;»> 

 Мәдениетті, руханиятты байыту бойынша қандай іс-шаралар жүргізілуде?

     Бүгінде «Қаратау тәжі» деген әдеби шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Жақында ғана күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіміз театр ұжымын құруға өте қолайлы деп есептеймін. Мәдениетті дамыту мақсатында болашақта халықтық театр ұжымын құру жоспарымызда бар.

     Қалаға қандай ақын-жазушылардың келіп халықпен жүздескенін дұрыс көрер едіңіз? Осы туралы ойланып көрдіңіз бе?

     Жергілікті ақындарымыз әдеби-сазды шығармашылығын жүйелі өткізіп жатыр. Заттыбек Көпбосынұлы, халықтың сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова келіп кетті. Халық зор ықыласпен күтіп алды.Егер ақын-жазушы оқырманын іздеп келіп жатса, біз құшақ жая қарсы аламыз. Рухани байлық, рухани құндылықтың орны қандай қоғамда болмасын ерекше.

     Үлкен қалаларда концерт жарнамалары айлар бойы ілініп тұра береді.  Қала тазалығына қаншалықты мән бересіздер?

     Бізде қалада 20 шақты  үлкен ақпарат тақтасы бар. Жарнамалардың сол тақталарда ғана ілінулерін қадағалаймыз. Тәртіпсіз ел қалай мәдениетті болады? Тәртіп бар жерде, мәдениет болады.

     Соңғы сауал. Кітап оқисыз ба?

     Кітап оқу үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Жас кезімде көп кітап оқыдым. Қазір де оқуға тырысамын. Интернеттен өзіңе қажет ақпаратты ғана аласың, кітаптан толық білім аласың. Қысқа ақпарат  қысқалыққа алып келеді, кітап толыққандылықтың белгісі. 

     Әңгімеңізге рахмет.

tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Сұхбаттасқан

tom: 0.0001pt; text-align: right;»>Әлия АХМЕТОВА

tom: 0.0001pt; text-align: right;»> 

Яндекс.Метрика