2024-07-27

«БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚЫЗЫҚҚАН ӘЙЕЛ ЕМЕСПІН»

Гүлшара Сапарбаева,

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының Президенті:

 «Басшылық қызметке қызыққан әйел емеспін»


tories/20141205_125624_1.jpg» width=»250″ height=»361″ alt=»20141205_125624_1″ style=»float: right;» />«Арулар» клубының кезекті отырысына қатысқаным бар. Төрайымы Гүлшара Сапарбаева іс-шара басталмай жатып келіп клуб мүшелерін түгендеп, келгендерді жылы шыраймен, қалжыңдасып қарсы алып жүрді. Білдей бір беделді жоғарғы оқу орнының басшысының бойынан талдай да кісілік таба алмадым. Жүрекке жылылық құятын қарапайымдылығы баурап алды. Көріп жүрміз әдетте басшылар жиналыс өткізетін болса шақырылғандардың барлығы жиналғанда ғана ортаны жарып мәжіліс залына кіріп келетіні дәстүрге айналып кеткен. Ол солай болу керек те. Бірақ, жиынды Гүлшара Сәрсенғали қызы құсап та өткізуге болады екен. Алдыңғы айтқан нұсқадан бұл нұсқаның айырмашылығы оның адами келбеті мен тұлғасы қарапайымдылықпен ұштасып, салған беттен ашыла түсті. Біз Гүлшара Сәрсенғалиқызынан кездесу соңында газетке арнайы сұхбат беруін өтіндік.

       Гүлшара Сәрсенғалиқызы жас кезіңізде басшы болу туралы ойланған кездеріңіз болды ма?

       Әр заманның өз талабы болады. Біздің бала кезімізде басшылық, мансап емес, қарапайым еңбек адамы өте көп насихатталатын. Жас бала еліктегіш болады ғой. Кассир де, сатушы да болғым келген кездер болды. Бірақ біз мектеп бітірген жылдары қазіргі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің үгіт-насихат жұмыстары жақсы жүргізілді. Сол насихаттың әсері  бес қыз болып осы университетке құжат тапсырып, емтиханнан сәтті өтіп, француз тілін меңгеріп шықтық. Өмірлік жолдасым Марданмен де осы Алматыда таныстым. Отбасын құрған соң Шымкентке қоныстанып, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 1965 жылдан 1994 жылға дейін отыз жылдай бір жерде еңбек еттім.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 21.25pt;»>Басшылық қызметке қызыққан әйел емеспін. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының іргесін қалаған өмірлік жолдасым Мардан өмірден озғаннан соң оның жұмысын жалғастыру, бала-шағаны асырауға тура келді.  1997 жылдан бастап институт басшылығын өз қолыма алдым. Мені басшылыққа намыс жетеледі.

       Институттың бірінші басшысы күнделікті жұмысқа келгенде әдетте бірінші кіммен амандасады?

       Әдетте институт қақпасынан кіре бергенде ауладағы студенттеріміз жарыса сәлем беріп жатады. Орындықта отырған күйде амандасқан студентке «сенің сәлеміңді алмаймын, өйткені сен бұл қылығыңмен менің жасыма да, қызметіме де құрмет көрсетіп тұрған жоқсың»деймін. Түрегеп тұрған студентке «сенің сәлеміңді қабыл аламын» деп ілтипатымды көрсетемін. Студенттер дереу: «Кешіріңіз, келесі жолы бұлай етпейміз» деп қалады. Кейін оқу ғимаратына кіре берісте вахтермен амандасамын. 

 

  Мансап жоғарылаған сайын адамдық қасиеттерің сынға түседі

 

       Мұны сұрап отырған себебіміз, кейбір жоғары қызметтегі басшылар қарапайым халықтың сәлеміне тіл қатпай өте шығады. Көпшіліктің  көңіліне қаяу түсіреді?

       Басшы болайық, қарапайым қызметкер болайық ең бірінші біз адамбыз.Осыны естен шығармауымыз керек. Басшылық келіп кететін дүние, ал, адамдық сізбен бірге қалады, ол-сізсіз. Менің ойымша мансап жоғарылаған сайын адамдық қасиеттерің сынға түседі. Сол сыннан дұрыс өткен адам ғана адамдық қалпын сақтап қалады.Ұлыма да осы сөзді жиі қайталап отырамын. Сәлем беру парыз, сәлемді алу қарыз. Ал, қарызды қайтару керек.

       Қандай мекемеде болмасын кадр тұрақтылығына қарап көп нәрсені бағамдауға болады. Ол үшін басшыға керек кадрды дұрыс таңдау керек. Ынталандыру деген бар. Мұның бәрі белгілі бір кәсібилікті, шеберлікті талап етеді. Сіз басқарып отырған ұжымда кадр мәселесі қалай шешілген?

       Соңғы бес жылда бүкіл институт бойынша сегіз-ақ қызметкер өз еркімен жұмыстан босапты. Оның өзі отбасылық жағдайға, өзге де жоғары қызметке ауысуына байланысты. Осы көрсеткішке қарап біздің білім ордасында жұмыс істеу қызметкерлерімізді қанағаттандырады деп айта аламын. Өткен оқу жылында оқытушы-қызметкерлеріміздің жалақыларын 7%-ға көтердік. Дағдарыс кезінде бұл да үлкен көрсеткіш деп мақтанышпен айта аламын. Оған қоса ай сайын білім беру, ғылым, қоғамдық жұмыстар бойынша үздік қызмет еткен мұғалімдерімізге жалпы 1млн. теңге көлемінде сыйақы бөлініп отырады.

Тағы бір жаңалығымыз жаңа оқу ғимаратын бастағалы жатырмыз. Дағдарыстың кезінде оқытушыларға берілетін сыйақыны тоқтата тұратынымызды мәлімдеп едік қызметкерлердің көңіл-күйі түсіп қалды. Содан экономистерге қаржылық жағдайымызды қайта қарап шығуды тапсырдым. Олар әлі де оқытушыларға сыйақы беруге мүмкіншілігіміз барлығын айтты. Ай сайынғы берілетін сыйақыны әліде тоқтатқан жоқпыз.Оқытушы, жалпы қызметкерлерге шұғыл қажеттілігіне қарай пайызсыз ақша беру жағы да қарастырылған. Жалақыларына сай өсімсіз қаржы беріп тұрамыз. Біреуі «үй салайын деп жатыр едік, біреуі баламды үйлендірейін деп жатыр едім» дейді. Тағысын тағы. «Бұл ақша маған аспаннан түскендей болды» деп кейіннен алғысын айтып келіп жатады. Осы жерде айта кететінім белсенді, адал қызмет еткен адам ғана басшыға өтінішпен кіре алады.

       Басшы болған соң, бұйыра сөйлеу әдетке айналып кететіні бар. Бұйрық райда сөйлеу әйелдің қадірін асырмайды немесе көркіне көрік қоспайды. Солай бола тұра әйелге тән мінезді қалай сақтап қалуға болады?

 

       Ерінің өзінен биік тұратынын мойындаған әйел ғана әйелге тән мінезді сақтап қалады деп ойлаймын. Пейілді кеңге салу керек. Сонда ғана жалпы адамға, әйелге тән қасиетіңді сақтап қаласың.Өзім не істесем де Марданның атына кір келтірмеуге тырысамын. Сәл ағат кетсең елдің сөзі бар. Оны да ойлайсың. «Жолдасының атын пайдаланып, ісін өрге сүйреп жатыр» деген сөзден сақтанамын. Әрбір істе қолымнан келгенше әділ болуға тырысамын, барлық нәрсе Алланың қалауымен болады. Құдай бермеген нәрсені, басыңды қабырғаға ұрсаңда ала-алмайсың.

 

Туылғаннан бастап  әйел тәрбиесімен жүрген жігітке, әйелінің нұсқауымен жүру таңсық болмай қалады

 

       Гендерлік саясат деп жүріп, ер азаматтарымыздың беделіне, жауапкершілігіне сызат түсіріп алған сыңайлымыз, соңғы кезде осы туралы да айтылып қалып жүр…

       Ер азаматтардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыру бір-екі рет айтумен түзелетін немесе қалыптасатын нәрсе емес. Ол үшін қоғамдық сана өзгеруі тиіс. Бірде Франциядағы әріптесіміз бізге іссапармен келді. Көше сыпырып жүрген әйелді көріп өте қатты таңданды. «Сіздер қалай әйел адамға көше сыпырғызасыздар. Ол ана ғой. Бізде аула тазалаушы қызметін тек ер адамдар атқарады» — деді.

 Бүгінде отбасын өрге сүйрейтін әйел адам болып бара жатыр. Бұл мәселе қоғамды ойландыруға тиіс. Оның себебін былай қарастырып көруімізге болады. Ұл бала үйде анасының, әжесінің тәрбиесінде болады, балабақшада әйел тәрбиешіден тәлім алады. Кейін мектепте де негізінен әйел адамдар қызмет етеді, ер мұғалімдер өте аз. Ал университетте де оқытушылар құрамының басым бөлігін әйелдер құрайды. Жоғары оқу орнын бітірген бозбала кейін отбасын құрады. Туылғаннан бастап  әйел тәрбиесімен жүрген жігітке, әйелінің нұсқауымен жүру таңсық болмай қалады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» — деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Ұл бала тәрбиесіне ер азаматтар бейжай қарамаса біраз жағдай ретке келіп қалар еді.

       Жоғары оқу орны үлкен тәрбие мектебі деп айтсақ қателеспейпіз. Жастардың бойындағы қандай кемшіліктермен күресуге тура келіп жүр?

      Киім киюдің өзі мәдениет. Жаз кезінде оқуға енді түсетін жігіттер қысқа балақ шалбармен, қыздар иығы ашық кофтамен келеді. Олармен сөйлесуге тура келеді.Мен олардан: «Болашақта жұмыс орындарыңа да осылай киініп барасыңдар ма?» деп сұраймын.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>«Жоқ» деп ойланып қалады. Олай болса институтқа жұмысқа бара жатқандай жинақы болып келіңдер. Әке-шешелерің әперген киімнің қадіріне жетіңдер» деп айтып отырамын.«Киіміне қарап қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» — деген сөз өте орынды айтылған.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Бұрындары еден жуушылар қолдарына қырғыш алып студенттердің үстелдің астына жапсырып кеткен сағыздарын тазалап жүретін. Қазір олай емес. Өйткені ғимаратта жастар сағыз шайнауды азайтып келеді. Мәдениет қалыптасып келе жатыр.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Бірақ жастарымыздың темекіге әуес болып бара жатқаны алаңдатады. Қаншама үгіт-насихат жұмысын жүргізгенмен бәрібір жаман әдеттен арылар емес. Сондықтан біз кез-келген орынға темекі шегуге тыйым салып, арнайы темекі шегетін орынды оқу-ғимаратынан алыстау орналастырдық. Мұндағы мақсат 5-10 минуттық дәріс арасында студенттің темекі шегіп келуге уақыты жете  бермейді. Темекі шегуге уақыт жеткізбей, жаман әдеттен  алыстасын деген үміт қой біздікі.

Жақында ғана бір топ студенттеріміз Ж.Шанин атындағы Академиялық драма театрында өткен Сәбит Досановтың «Тозақ шеңбері» пьесасының премьерасын тамашалап келді.Пікірлестік,театрға деген қызығушылық бар жастарда. Көрме орталығында жақында ғана қолөнершілеріміздің көрме-жәрмеңкесі өткенін кейіннен біліп қалдым. Алдын-ала білгенімде міндетті түрде студенттерді жіберер едім. Өкінішке орай осындай тәрбиесі мол іс-шаралардың жарнамасы жетпей жатады. Жарнамаларды кең көшелердегі билбордтарға ілу, телеарна арқылы хабардар етудің бағасы қымбат екенінін хабарымыз бар. Ең болмағанда баспасөз беттерінен жариялап отыру қажет-ақ. 

Магистратура базалық білімнің өлшемі емес

 

       Әдетте студенттер төрт жыл бойы білім алып, дипломға қол жеткізгенімен, қайда барып жұмыс істерін білмей, қоғамнан шет қалып қойып жатады. Студенттердің өмірден өз орнын тауып жұмысқа орналасып кетуіне қандай жағдай жасайсыздар, тәжірибеден өту  қалай ұйымдастырылады?

       Әркімнің өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек еткені дұрыс. Бүгінде студенттерді тәжірибеден өткізу үшін мекемелермен келісім-шартқа отырғанбыз. Студенттер түске дейін немесе түстен кейін өзінің мамандығына сәйкес тәжірибеде еңбек етіп көреді. Әрине, студент бір айлық өндірістік практикада өз мамандығын етене игеріп кете алмайды. Десе де заңгер болса сотта, мұғалім болса мектепте, әрқайсысының мамандығыға сәйкес мекемелерде тәжірибеден өткенін қатты қадағалаймыз. Өйткені әр саланың өз атмосферасы бар.  Ал, жұмысқа орналасуға келсек, студенттеріміз көрген жерде «Сәлеметсіз бе, апай мен сіздердің институттарыңыздың түлегімін ғой» — деп амандасып жатқанда марқайып қаламын. Тіл-көзден сақтасын осы уақытқа дейін «Сен М.Сапарбаевты бітіріпсің жұмысқа қабылдай алмаймыз» деген сөздерді студенттерден естіген жоқпыз. Біздің институт жайлы қоғамның пікірі оң. Әр адамнан бір нәрсе үйренуге болатыны сияқты, әр университеттің жақсы жағын алуға тырысамыз.

       Өзіңіз қызметкерлерді жұмысқа қабылдарда қандай жоғары оқу орнын бітіргеніне қарайсыз ба?

       Адамның базалық білімі мықты болмаса, магистратурада да айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі қиын.Магистратура базалық білімнің өлшемі бола алмайды. Сондықтан да бірінші бакалавр бойынша қай жоғары оқу орнын бітіргеніне, білім көрсеткішіне қараймын.

       Жұмысқа қабылдаған қызметкерлеріңіз сеніміңізді ақтамайтын кездер жиі кездеседі ме?

       Жаңа оқу жылы жақындағаннан «мына оқытушыны кафедра меңгерушісі етсем, ептеп кете алады ма екен? Немесе, мына кафедра меңгерушісін енді декан қызметіне көтерсем қалай болады екен» деп ойланамын. Жан-жақты саралап барып қызметке тағайындаймын. Егер үмітімді ақтап ұжымды ұйымдастырып алып кетсе, қателеспегеніме, өз шешіміме қуанамын. Егер, басшылық қызметті ептей алмаса бір семестр немесе оқу жылы аяқталғанша шыдаймыз. Қызметкерлерді қайта-қайта ауыстыра беру де дұрыс емес.

-Ашық-жарқын әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан

Әлия АХМЕТОВА 

Яндекс.Метрика