ШЫМКЕНТТЕГІ ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Өтегенов” көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді. Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.
Құрылыс екі кезеңмен жүргізілуде;
1-кезең,  “Өтегенов” көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағын ауданынан “Сырым батыр” көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 м. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.
Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда.
“Өтегенов” көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы “Сырым батыр” көшесі мен “Төлеметов” көшелері аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 м. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.
Қазіргі таңда көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.
Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда.
Дәл осы көше бойына ирригациялық арықтар салу құрылыс жұмыстарының артықшылығы болып отыр. Өйткені жауын суы көше бойлай ағып, көлкіген көлшікке айналатын. Енді мұндай кем-кетік орын алмайтын болады.
Т. Өтегенов көшесі жалғасының екінші кезең құрылысы Сырым батыр көшесі мен Қ. Төлеметов көшелерінің  аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 м. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.
Қазіргі таңда көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.
Күні кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Т. Өтегенов көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді. Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика