Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары орындаудың бірінші реформасы Мемлекетті кәсібилендіру яғни, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы реформаның жеті бағыты мемлекеттік қызметке орналасу тәртіптерімен мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс барысы, тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары нақтыланып жоспарланғандығын айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жалпы стандарттары негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілді.
Осы кодекс мемлекеттік қызметшілер қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.
Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған негіздермен жұмыс атқару қажеттігі түсіндіріліп отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартын сақтауы — әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде, ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге, олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға, құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге, сонымен қатар төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға, өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеуі тиіс екендігін айқындайды. Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп стандартын сақтауы, сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады.
Н.БЕКЖАНОВ,
ҚР ИДМ Техникалық реттеу
және метрология комитетінің
ОҚО бойынша департаментінің
жетекші маманы
Leave a Reply