Мемлекеттік сатып алу: Өзгерістер мен толықтырулар

Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыс істеп келе жатқан тапсырыс берушілер мен жеткізіп беруші тұлғалар үшін сатып алу саласындағы жаңа өзгерістер туралы білу маңызды.

2015 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңына 26.12.2018ж. № 202-VІ ҚР Заңымен өзгерістер енгені белгілі. Осыған сәйкес, мемлекеттік сатып алу порталына нендей заңнамалық және техникалық өзгерістер еніп, сатып алу процесі кезінде қандай жұмыстар қосылғаны туралы өзгерістердің бірқатарына тоқталсақ.

tories/0mem.jpg» border=»0″ />

Мемлекеттік сатып алу процесіне тапсырыс беруші тарап жағына қатысты келесідей өзгерістер орын алған. Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту кезеңіне алдын ала жоспарын қарастыру кезеңі қосылып отыр. Осылайша жоспарды бекіту кезеңінде қосымша уақыт қарастырылып, қателіктерге жол бермеу, оларды жою мүмкіндіктері көзделген. Жылдық жоспар бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орнату мерзімі сол күйі қалса, оған өзгерістер енгізуге айына 2 реттен асырмай жүзеге асыруға құқық беріп отыр. Барлығымызға танымал «Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу» тәсілі арқылы сатып алатын қызметтер мен жұмыстардың жылдық мәндегі құнының сомасы 500 АЕК еселенген мөлшерімен белгіленсе, тауарларға қатысты бөлігі жылдық сома көлемі өзгермеген 100 АЕК мөлшері қалпында қалған. Ал мемлекеттік сатып алу процесі кезінде жіберілетін заң бұзушылықтарға жауаптылық ескі заңнамада тек мекеме басшысы немесе оған бекітілген басшы орынбасарына қатысты болса, жаңа тәртіппен жауапты маман да қатыстырылған. Бұл ретте, веб-порталдың техникалық қызметі тапсырыс берушінің басшысынан өзге де жауапты маманының процеске жауаптылығын мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасасу кезінде екінші маманды келісуші ретінде таңдау арқылы міндеттеуімен рәсімдеп отыр.

Жеткізіп беруші тарапқа да аздаған өзгерістер енген. Мысалы, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыс жүргізу үшін тіркелуге белгіленген мөлшерде ақы төлеу міндеттелген. Осылайша, goszakup.gov.kz веб-порталы монетизацияға көшіп отыр. Және бір өзгеріс, бұрын тек конкурс арқылы жеңімпаз деп танылған өнім берушіге түзілген келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін төлейтін кепілдік сомасы енді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен түзілген келісім шарттарға да қолданылады. Сатып алуға қатысушы мүгедектер бірлестігі белгісі бар мекемелер талаптары да белгіленген пайыздық мөлшерлемеге сәйкес келуі міндеттеліп, өзгеріске ұшыраған.

Осылайша тапсырыс беруші мен жеткізіп берушінің құқықтары мен міндеттері алдыңғы заңнамамен салыстырғанда қатаңдатыла түскен. Заңдылықты бұзғаны үшін төленетін айыппұл мөлшері бюджеттік заңнамаға сәйкес АЕК өзгеруіне байланысты өскені болмаса, есеп мөлшері өзгеріссіз қалған.

«Қызмет» ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика