Екі ай ішінде 238 арыз-шағым қаралған

2018 жылы Шымкент қаласында 62 жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 72 адам зардап шегіп, оның ішінде 13 адам қайтыс болған. Бұл туралы қалалық Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың 47 оқиғасын Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізсе, 15-ін Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекторлары қараған. Сондай-ақ, 2019 жылы Шымкент қаласында 3 жазатайым оқиғадан 3 адам зардап шегіп, олардан 1 кісі қайтыс болған.

tories/0bri.jpg» border=»0″ />

Еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 4,1 миллион теңге көлемінде 34 әкімшілік айыппұл салынған. 2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша 238 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары қаралып, қаралған арыз-шағымдар негізінде, мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 57 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 40 заң бұзушылық анықталып, анықталған бұзушылықтардың негізінде 24 нұсқама берілген. Еңбек заңнамасын бұзылуы бойынша 1,8 млн теңге көлемінде 14 әкімшілік айыппұл салынған.

Жазатайым оқиға орын алған кәсіпорын басшыларының қатысуымен Шымкент қаласында өткен «Үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу» жөніндегі комиссияның отырысында үш жақ (жұмыс беруші-кәсіподақ-инспекция) бірлескен шешім қабылдап, 2019 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп атап, жыл бойы бірлескен жұмыстар атқаратын болады. Мақсат – өндірістік жарақаттану мен зиянды еңбек жағдайын азайту және алдын алу, еңбек шартын түзуді міндеттеу, еңбекті қорғау саласындағы алдын алу мәдениетін көтеру.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында оралмандардың құжат алу мәселелері, шетелдік еңбек мигранттары мен олардың еңбек шарттарының рәсімделу тәртібі, еңбек мигранттарынан туындайтын ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері туралы да сөз қозғалды.

Фото авторы  Асхат ӘССАНДИ

«Қызмет» ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика