«Қыздың жасы он сегіз…»

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 23 сәуір күні танымал журналистер Б.Нарымбетова, З.Оралбаева және мәдениет қайраткері Г.Серікбаеваның 50 жасқа толуына орай «Қыздың жасы он сегіз…» атты шығармашылық кездесу кеші өтті. Кеш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында туған «Шымкент: Туған қала және тұлғалар» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

tories/0000a.jpg» border=»0″ />

Кездесу барысында мәдениеттің мерейін асырып жүрген кеш иелерінің ақпарат ағынындағы еңбектері айтылып, егемен елдің тұлғаларына қарап бой түзейтін жас толқын қалыптастыру мақсаты көтерілді. Шығармашылық кешті «Отырар» кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызының өзі жүргізуі кеш мәртебесін асыра түсті.

tories/0000aa.jpg» border=»0″ />

Осы ретте «Қызмет» ұжымы газетіміздің директоры Бейсенкүл Нарымбетованың төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Отбасыңызға амандық, бақ-береке тілей отырып, жүз жасаңыз дегіміз келеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика