Қазығұрт ауданындағы Шарапхана ауылы маңында орналасқан «Жастар саябағы» аумағында қазақтың үш биі – Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге арнап зәулім ескерткіш орнатылды.
tories/0y.jpg» border=»0″ />
«Жастар жылы» аясында жастарға ел бірлігін насихаттайтын ескерткіштің «Жастар саябағында» бой көтеруінің де астарында игі бастама жатыр. Бұл саябақтың бір шеті «Бабалар рухына тағзым» кешеніне жалғасса, бір шетінде «Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүр» ескерткіштері «менмұндалайды». Осылайша, ауыл маңындағы қырат үстіндегі саябақ қазақ ұлтының бірлігін құнттайтын біртұтас тағылымды кешенге айналды.
tories/0yl.jpg» border=»0″ />
Ескерткіш кешеннің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Leave a Reply