«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінде «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Қасиетті шаһар – балалар көзімен» атты фото көрме өтті.
tories/00az.jpg» border=»0″ />
Көрме экспозициясына 2018 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде өткен жас суретшілердің «Нұр-Сұлтан және Түркістан» тақырыбында сурет салу байқауында үздік деп танылған фото суреттері қойылды.
Шараға Түркістан қаласының мектеп оқушылары мен ұстаздары, жас бүлдіршіндер, қала тұрғындары мен қонақтары және музей қызметкерлері қатысты.
– Мен өскенде суретші болғым келеді. Маған Тайқазанның суреті қатты ұнады. Музейге бірінші рет келдім. Бұл жердегі ағай-апайлар кесене ішін аралатып, таныстырды, – деді тәрбиешісімен бірге көрмені тамашалауға келген бес жасар Бекарыс Мағауия.
Шара аясында көрмеге келген оқушылар мен балабақша бүлдіршіндеріне қорық-музей атынан арнайы сыйлықтар табысталып, экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, бүлдіршіндер кесене ішіндегі құжыра бөлмесінде «Қазақфильм» киностудиясы әзірлеген «Күлтегін» анимациялық фильмін тамашалады.
Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикамыздағы іргелі музейлердің бірі ретінде мектеп туризмін дамыту, оқушылармен байланыс мәселелеріне де жете мән беріп келеді. Жас ұрпақты тарихи құндылықтарды терең түсініп, құрмет тұтуға баулу мақсатында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне мектеп оқушылары жазғы және тоқсандық демалыс күндері тегін кіру мүмкіндігі қарастырылған. Жыл басынан бері музейге 61 343 оқушы тегін кіріп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музейге қарасты тарихи орындармен танысты.
Сондай-ақ, музейдің экспозиция алаңдарында жас буын үшін түрлі тақырыптағы көрме ұйымдастырылып, көшпелі көрмелер еліміздің барлық облыстары және өңіріміздің аудан, қалаларын да қамтыды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» жобасы негізінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде шағын кинозал іске қосылып, музейге келген туристер мен бүлдіршіндер тарихи, деректі фильмдер мен анимациялық фильмдерді тегін тамашалауда.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейінің баспасөз қызметі
Leave a Reply