«Бүгінгі журналистік этика көп ойлануымызды қажет етеді»

Шымкент қаласында «Қазақтілді жаңалық сайттары редакторларының кәсіби және этикалық біліктілігін арттыру» тақырыбына арналған семинар-тренинг өтті.

tories/00jur.jpg» border=»0″ />

Бүгінде толассыз ақпараттық майданда адам санасын түгелдей әлеуметтік желі жаулап алғаны жасырын емес. Тіпті, таңертең көзімізді тырнап ашып, айнаға емес, бірінші телефонның экранына үңілеміз. Тоқтаусыз түсіп жатқан ақпараттар легі мессенджер, уатцап арқылы әсіресе жалған ақпарат (fake news) тез тарайтын қазіргі қоғамда медиа этика қаншалықты сақталып отыр? Медиа этиканың қазақ журналистикасындағы көрінісі қандай? Журналист этикасының сақталмауының себебі мен салдары неден туындауы мүмкін? Осы және өзге де медиа этика мен журналистика стандарттары турасында «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Қазақтілді жаңалық сайттары редакторларының кәсіби және этикалық біліктілігін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингті «Baribir.kz» жобасының жетекшісі Ербол Серікбай бастап ашып, медиа-тренер Жұлдыз Әбділда журналистік этиканың бүгінгі қазақ журналистикасындағы көрінісі жайында өз ойымен бөлісті:

– Мен керемет жаңалық ашамын деп ойламаймын, алайда, бүгінгі қазақ журналистикасының ахуалы әлі де журналистік этика жайлы көп ойлануымызды қажет етеді. Бұрын этика десеңіз, жағымды мінез, мәдениетті сөйлеу мәнері еске түсетін. Қазір журналистер туралы көбісі шантаж жасаушылар, бүлік тудырушылар, ақпараттық майдан ашушылар деген түсінік қалыптастырып отыр. Сондықтан талай жылғы жинаған тәжірибемді бөлісе отырып, қазіргі журналистік ақпараттарда кетіп жатқан олқылықтар туралы журналистік этиканың қыр-сырлары туралы әңгімелессем деп едім. Түркістан облысында журналистер мен блогерлер саны өте көп. Көп жағдайда сол журналистер мен блогерлердің таратып жатқан ақпараттарының сын көтермейтінін байқап жүрміз. Адамның қызметіне, беделіне қатысты сын айтылуы керек, бірақ оның нәсілдік ерекшелігіне, тіліне, дініне, жеке басына мін тағу, бопсалау, тіпті, сол адам өзіміз сияқты ойламаса, сол адам бізге жау деп қарастырудың өзі журналистік этикаға жатпайды. Бүгінде блогер журналистер осыны ескерсе екен деймін – деді журналист медиа-тренер Жұлдыз Әбділда.

Сондай-ақ, қазіргі журналистер арасында ақпараттарды ұрлау, сілтемесіз біреудің ой еңбегін пайдалану, ақпаратты бұрмалау, ақпаратты тексермей жариялау, жалған ақпарат тарату мәселесінің өзекті болып тұрғанын, журналистер өз әрекетіне тексттеме бермейтін жауапсыздығы туралы да сөз болды.

Семинар соңында PR маманы Дінмұхамед Зиядин журналистік этиканың сақталуының себептері мен салдары жайында танымды ақпараттармен бөлісті.

Семинар-тренингке жергілікті сайт, газет-журналдардың тілшілері қатысты.

«Қызмет – ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика