Уран кеніші жабылды

Табиғат қоры мәңгілік емес!

Уран кенін өндірген еліміздегі ең алғашқы «Уванас» кеніші биылғы шілде айында жұмысын тоқтатты. Мұндай табиғат байлығының таусылу құбылысы Қазақстанда алғаш рет орын алып отыр. Бұл кеніште уран кені жер асты ұңғымалық шаю әдісімен өңделіп келген. Аталмыш кеніштің жұмысы мен тарихына басынан бастап тоқталсақ…

tories/30082019-11.jpg» border=»0″ />

Қазақстан уранның барланған қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС бастаған «Уванас» кен орны – Қазақстандағы уран өнеркәсібінің ең бірінші кен орны.

XX ғасырдағы 70-ші жылдардың екінші жартысы, бұл – «дала кен басқармасы» базасының белсенді даму кезеңі. Бұл кезеңнің ең маңыздысы — 1977 жыл, осы жылы негізгі нысандар салынып, ПВ-17 кенішінің өнеркәсіптік өндірісін бастау үшін қажетті барлық тетіктер ретке келтірілді. 1977 жылдың 16 қарашасы тарихи күн болып саналады. «Уванас» кен орнының ардагерлерінің айтуынша және мұрағаттағы деректерде іске қосылған сағаты 10:30 деп дәл уақыт сақталған. Аппаратшы-гидрометаллург, қазіргі уақытта еңбек ардагері, құрметті зейнеткер В.В.Гвоздюк вакуумдық фильтрден 86 килограмм табиғи уранның химиялық концентратын шығарды. Сондықтан, 1977 жылғы 16 қараша – «Уванас» жер асты ұңғылап шаю өнеркәсіптік кенішінің ресми туған күні. Бұл деректер енді тарих қойнауына кетті.

Өйткені, «Уванас» кеніші осы 2019 жылы өз жұмысын аяқтады. Яғни 42 жыл бойы уран өндіру және өңдеу саласында жұмыс жасады. 2019 жылғы 11 шілдеде 10 сағат 30 минутта «Қанжуған» кенішіне уранның тауарлық десербаты бар соңғы жүк көлігі шықты. Сонымен «Уванас» кенішінің өнімді ерітінді өңдеу цехы ресми түрде тоқтатылды.

Ә.Б.Сахов

Атом энергиясын пайдалану объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика