Жастар назары Президенттік кадр резервінде

Шымкент қаласындағы тұрғындар көп жиналатын «Арбат» демалыс аймағында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Шымкент қалалық департаменті ұйымдастырды.

tories/13092019-1.jpg» border=»0″ />

Жәрмеңкеге тұрғындар мен негізінен жастар қатысты. Шара кезінде оларға электронды түрде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты ақпараттар беріліп, азаматтардың электронды сауаттылығын арттыру жұмыстары жүргізілді. Жас тұрғындарды әсіресе Президенттік жастар кадр резервіне маман іріктеу тәртібі мен әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламалары туралы қызметтер көп қызықтырды.

«Президентіміз Қ.Тоқаев кешегі күнгі Жолдауында жастарды барынша мемлекеттік қызметке тарту жұмысын тапсырған болатын. Оны біздің мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізеді. Бүгінгі таңда кадр резервіне құжаттарды қабылдау жұмыстары басталып кетті. Бұл бағдарламаға Қазақстанның әрбір 35 жасқа дейінгі азаматы қатыса алады. Оған қатысу үшін бар болғаны 5 жыл жалпы еңбек өтілі болса және талаптарға сәйкес келсе жеткілікті» дейді мемлекеттік қызмет агенттігінің Шымкенттегі департамент басшысының орынбасары А.Шілманов.

 

tories/13092019-2.jpg» border=»0″ />

Ардақ Хансейітова, Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы:

«Құжат қабылдау жүріп жатыр»

Биылғы «Жастар жылы» аясында жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында 27-тамызда ҚР Президентінің «Президенттік жастар кадр резерві» жөніндегі жарлығы бекітілді. Осы жарлықта еліміздегі білімді, білікті жастарды қолдау мақсатында аталған Кадр резервіне 1-30 қыркүйек аралығында құжат қабылдау жүріп жатыр. Президенттік жастар кадр резервіне 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары қатыса алады. Сондай-ақ, бұл шараға шет елдерде жүрген азаматтарды тарту қаралған. Азаматтарды резервке қабылдау бірнеше кезеңдерден тұрады. Құжаттар электронды түрде Мемлекеттік қызмет агеттігінің сайтында онлайн қабылданады. Ол үшін азаматтың жеке куәлігі, білімі туралы дипломы, еңбек өтілін растайтын құжаттар, алдын қызмет еткен мекеме басшысының ұсынымы, өтінімдер тапсыру керек. Өтінім тапсырған азаматтың интернет желісіне қосылу мүмкіндігі болғаны жөн, өйткені электронды мекен-жайына резервке қабылдау сатыларына байланысты сілтемелер жолданып отырады. Құжат қабылдаудан бастап барлық процестер онлайн жүреді, тек ой қабілеті мен біліктілігін анықтайтын тест тапсыруға және әңгімелесу кезеңіне өткен жағдайда азаматтардың өздері біздің мекен-жайға келуі керек болады. Талап етілетін міндетті 5 жыл еңбек өтілі тек мемлекеттік қызмет саласында емес, жалпы кез-келген сала бола алады. Резервке алынған жастар мемлекеттік қызметке орналасудан бөлек, мемлекеттік басқару академиясында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.

 

tories/13092019-3.jpg» border=»0″ />

Сүндет Сейітов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының маманы:

«Жұрттың бәрі СОБЕС-де»

Біздің басқарма көрсететін қызметтер – негізінен жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, оның ішінде әлеуметтік көмектер саласы. Бұл орайда әртүрлі бағдарламалар бар, Кәсіптік оқыту, «Жұмыспен қамту – 2020», «Жастар практикасы» секілді. Мәселен, жаңадан бітірген түлектерді «Жастар практикасы» бағдарламасымен 6 ай кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өту арқылы, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жұмыспен қамтып отырмыз. Сондай-ақ, көпбалалы және жалғызбасты аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек те қазіргі күнде жұрт көп жүгінетін мемлекеттік қызмет болып тұр.  Жалпы, әлеуметтік көмектері бар, жұмыспен қамтуы бар, өздеріңіз күнде әлеуметтік желіде көріп отырғандарыңыздай, «жұрттың бәрі СОБЕС-де» ғой. Басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу, ол үшін жұмыспен қамту.

 

tories/13092019-4.jpg» border=»0″ />

Фарида Елікбаева, Жұмыспен қамту орталығының маманы:

«Грант мөлшері 505,0 мың теңге»

Біздің орталық, оның ішінде біздің бөлім жұмыс берушілермен тікелей жұмыс жүргізіп, азаматтарға тұрақты жұмысқа жолдама берумен айналысады. Қазір осы жәрмеңкеге 133 мекеменің 2036 бос жұмыс орындарын ұсынуға алып келіп отырмыз. Сондай-ақ, оның сыртында «Жастар практикасы» бағдарламасы үшін 64 мекемеден жұмыс орнын ұсынбақпыз.

«Жастар практикасы» бағдарламасына соңғы 3 жылда диплом алған, 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бұл бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқысы келетін жастарға жұмыс орынды жеке кәсіпорындар ұсынса, жалақыны мемлекет төлейді. Жалақы сомасы табыс салығы мен зейнетақы жарнасын алып тастағанда қолына 52,5 мың теңге. Ол үшін жас маманға өзі келіп тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жинақта тұрған мамандығына сәйкес келетін орындарды ұсынамыз. Олар өз қалауына ыңғайлы орынды таңдап, 6 айлық іс-тәжірибеден өтеді.

Сонымен қатар, біздің орталықта жеке кәсібін ашатын азаматтарға арналған грант және кәсіби оқу курстары да бар. Оқу курстары 3 айлық мерзім ішінде өтеді, степендия төленеді. Кәсіп ашу үшін грантқа 29 жасқа дейінгі жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатыса алады, мөлшері 505,0 мың теңге көлемінде. Грант алу үшін құжат тапсырып, «Биснес бастау» арқылы курстан оқып, жобасы бойынша арнайы құрылған комиссияның конкурсынан өту керек. Грант сомасы қайтарымсыз, кәсіпкерліктің кез-келген саласына беріледі.

«Қызмет-Ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика