«Мен бір бөтелкені қоқысқа тастай салғаннан не өзгереді?» деп ойламаңыз!!!

Ақша  пайдалы істерді жүзеге асыратын құрал ғана

Күнделікті қолданыста жүрген заттардың сексен пайызға жуығын қайта өңдеуге болатынын біреу білсе, біреу білмес. Аузы мұрнынан шығып жататын қоқыс жәшіктерін көргенде, қайсымыздың болса да жанынан тез-тез өтіп кетуге тырысатынымыз құпия емес. Ал, сол қоқыстан пайда тауып отырған елдер көп.

tories/18102019-99.jpg» border=»0″ />

Мысалы, осы шілде айында Швецияның өзінде қоқыс таусылып, көрші елдерден қоқыс сатып алып отырғаны жайлы әлеуметтік желіде мақала шыққан болатын. Бұл дерек шындыққа жанаспайды десеңіз, тағы жаңылысасыз.

Қоқыс өңдеу бұл — бизнес. Хабардар болып жүріңіз біздің елде де пластик, шыны бөтелкелерді жинап, басқа елге өткізетін ұйымдар бар. Енді бізге де, яғни шымкенттіктерге үйден шыққан ескі бұйымдарымызды қайда апарамыз деп бас қатырудың керегі жоқ. Себебі, екі ай ғана уақыт бұрын Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында пластикті қайта өңдейтін «Көркем пласт» заводы жұмысын бастады.

Көркем – әдемілікті ғана емес, тазалықты, ұқыптылықты білдіретін сөз. Қаламыздың өсіп, көркеюіне қандай да бір үлес қоссақ деген ниетпен қойылған. Ұйымның атауы туралы осыны айтуға болады.

Жеке кәсіпкер Бауыржан Кемелбекұлының айтуы бойынша кез-келген бизнес пайда алып келуі керек. Тек кәсіпкерге ғана емес, қоғамға да. Пайданы көп адам тек ақшамен есептеуі мүмкін. Дегенмен, ақша сол пайдалы істерді жүзеге асыратын құрал ғана. Бұл заводты ашуға кәсіпкердің қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі түрткі болған.

Өз ісін осыдан 20 жыл бұрын «Ақбозат» компаниясын ашудан бастаған кәсіпкер шетелден автокөлік жабдықтарын әкеліп, Қазақстан нарығына сатумен айналысқан. Қазақстандағы әйгілі брендтердің дистрюбиторы болған бұл компанияны шетелдіктер жақсы біледі. Дегенмен, уақыт өте келе теңгенің құнсыздануы жағдайды өзгертуді талап етті. Себебі, басқа елден тасымалдағанға қарағанда кейбір жабдықтарды өз елімізде өндіріп шығару әлдеқайда тиімді болған. Соның бірі — тұрмыстық автохимия. «Эко-химика» итальян компаниясымен бірігіп, көлік тазалағыш құралдар шығарумен өз ісін бастаған кәсіп иесі көп өтпей күнделікті үйде пайдаланатын тұрмыстық химияны шығаруды да қолға алады.

Қайта өңдеу процесі біз ойлағандай оңай емес екен

Дегенмен, мұның мәселесі оңай шешілмеді. Себебі, ішіндегі сұйықтықты Қазақстанда шығарғанмен, сыртындағы зат таңбасы мен құятын ыдысты Ресейден, Өзбекстаннан тапсырыс беруге тура келген. Бір қызығы, олар пластмассаны таза шикізаттан емес, пайдаланылған қалдықтан жасап шығарады екен. Біздегі қайта өңдеуге келетін қалдықтарды болмашы сомаға сатып алып, өзімізге қайтадан 10 есе қымбатқа сатады. Соның бәрін есептей келе сыртындағы қаптамасын да өзімізде шығаруға бел буған. Осылайша, тек адамға ғана емес, қоршаған ортаға да зор пайдасын алып келетін бизнес идея туды. Қазіргі таңда Қазақстанда қалдықты қайта өңдейтін Петропавлда «Радуга» компаниясы, «Зета» компаниясы, үшінші осы «Көркем пласт» компаниялары бар.
Бір қызығы, бұл жобаны бастағанда ешкімнің де қайта өңдеу саласынан хабары болмаған. «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» дегендей, істей келе көрерміз деп тәуекелге бел буған. Қазіргі таңда қалдықтарды тазалап, сұрыптайтын, соңында люкс сапа етіп шығаратын құрал-жабдықтардың бәрі алынған. Бірақ, кадр мәселесі істің жүріп кетуіне кедергі болып тұр. Бізде химиядан, биотехнологиядан хабары бар азаматтар өте аз дейді серіктестік директоры Пазылбек Ағабекұлы. Айта кету керек, біздің елімізде жұмыс күшінің, жұмысшылардың жағдайын ойлау енді ғана қолға алынып келе жатыр. Ал бұл мекемеде жұмысшыларға арнайы жатақхана, волейбол ойнайтын алаң, дұрыс тамақтану үшін жылыжай салынуда.
Қайта өңдеу процесі біз ойлағандай оңай емес екен. Ең алдымен завод территориясына келген қалдықтар сұрыпталады. Қағаз, әйнек, алюминий банкаларын айтпағанда, пластмасса өнімдерінің 10-ға жуық түрі бар. Мысалы, біз сусын ішіп жүретін пластик бөтелкенің өзі мен қақпағы екі түрлі сорттан жасалады. Яғни, оларды бірге араластырып қайта өңдеуге болмайды. Температурасы, құрамы дегендей қарапайым халық түсіне бермейтін біршама сырлары бар. Сұрыпталған өнімнің ішіндегі ауасын шығарып пресстейді. Пресстелген өнімді майдалап, тазалап жуып, ұнтақтайды. Соңында ерітңп, біріктіріп, макарон лапшасы сияқты ұзын-ұзын бұйым шығады. Бұл пластмасса өнімдеріне екінші өмір сыйлайтын шикізат дайын дегенді білдіреді. Ары қарай бұл өнімнен скотч, пластик бөтелкелер, ілгіш секілді күнделікті тұрмысқа қажетті құралдар жасалады. Егер жақын уақытта кадр мәселесі шешілсе, бұл компания 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етпек.

 

Қаламыз қоқыстан арылып, тереңірек дем алады

Бұған дейін де «Көркем Пласттың» сатып алушылар арасында өз сабындарымен танымал екенін ескерсек, жақын уақытта қолдануға шығарылатын өнімнің сатып алушылары дайын деуге болады. Қайта өңдеп шығарылған заттардың бағасы арзан болғанымен, сапасы өзгермейді. Бұл дегеніміз халық өзімізде өндірілген тұрмыстық заттарды басқа елден алмай-ақ, ішкі нарығымызды дамытады деген сөз. Тек қана ақша жағынан емес, қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын су, электр сияқты табиғи ресурстар жаңадан өнім шығаруға қарағанда азырақ жұмсалады. «Мен бір бөтелкені қоқысқа тастай салғаннан не өзгереді?» деп ойламаңыз. Себебі, сіз секілді бұл әлемде жеті миллиард адам бар. Қазіргі кезде туындап жатқан экологиялық проблемалар, соның ішінде мұхиттағы балықтардың өлуі, ауа-райының тым қатты ысып не суынуы, Солтүстік мұзды мұхитындағы мұздықтардың еруі де кезіндегі болмашы мәселелердің салдарлары.
Кәсіпкерлер қолдарынан келгеннің бәрін істеп жатса да, әлі шешімін таба алмай жатқан бір мәселе бар. Ол тұрғындардың осы мәселеге бей-жай қарауы мен қоршаған ортаны қорғамауы. Көп адамдар бөтелкелерді бөлек, шыныны бөлек пакеттерге салып отырғысы келмейді. Не болмаса жинағаннан кейін қайда апарып өткіземін деп ойлайды. Ендеше, сізге жақсы жаңалық. Жақында ғана Темірлан тас жолы бойынан қалдықтарды қабылдайтын пункт ашылды. Сіз сонда барып жиналып қалған бөтелке немесе қағаздарыңызды сата аласыз. Ал егер өзім көтере алмаймын десеңіз тасымал машинасын үйге шақыруыңызға болады. Бұдан да өзге де тұрғындарды ынталандыру мақсатында жобаларды іске асыру жоспарда бар. Ең жақын уақытта қаламыз артық қоқыстан арылып, тереңірек дем алады деп үміттенеміз.
Судың да сұрауы бар. Бізге келешек ұрпаққа қандай болашақ қалдырып бара жатқанымыз жайында ойлану керек. Әр он жыл сайын әлем бойынша ауа температурасы 2°С-қа жоғарылауда. Бұл процесті тоқтатуға ендігі біздің күшіміз жетпейді. Дегенмен баяулата аламыз. Бірден батыс елдеріндегі секілді тазалыққа қол жеткізбесек те, уақыт өте келе бәрі дұрысталуы мүмкін. Тек қапы қалмайық.

Айжамал Махашова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика