5 көпірдің құрылысы жүріп жатыр

tories/11112019-22.jpg» border=»0″ />

Шымкент қаласы аудандары биылғы 10 айда атқарған жұмыстары жайлы бұқаралық ақпарат құралдары алдында есеп беруді бастап кетті. Бұл реткі есепті Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов бастап берді. Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша, аудан әкімдігі қызметкерлері 10 ай ішінде біршама тірлік тыныпты.

Аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою мақсатында, 2019 жылдың 10 айында 80 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 102 ретсіз сауда орындары жойылса, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімі тарапынан заңнамаға сай 1191 хаттама толтырылып, салынған айыппұл көлемі  505,0 мың теңге айыппұл салынған. Жарнама туралы заңнамаларға сәйкес, есепті кезеңде 84 рейдтік іс-шара ұйымдастырып, жалпы саны 508 заңсыз жарнаманы жойған. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан-жылға ұлғая түскен. Жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млрд. теңге жиналып, 2018 жылдың 10 айымен салыстырғанда 29 % арту байқалған.

Ауданда орналасқан көшелерді жөндеу жұмыстары жоспарға сай атқарылған. 2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шқ асфальттау жұмыстары, 23,56 шақырым көшеге шағал-тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Бадам-2 (жоба құны 1 161,0 млн тг), Қарабастау тұрғын алаптарындағы (жоба құны 607,509 млн тг) және Леңгір тас жолындағы (жоба құны 433,87 млн тг, 2019 бөлінген қаржы 200,0 млн. тг) көпірлердің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, Маятас (жоба құны 159,51 млн тг), Тоғыс (жоба құны 151,416 млн тг) тұрғын алаптарындағы көпірлердің ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.

«Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын «STRONG SERVISE» ЖШС-і іске асыруда. Бұл жобада 20 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 13, тұрғын алабтарда 4  балалар ойын алаңшасын орнату, 33 ашық спорт, 13 воркаут және тренажер, алаңшаларын орнату, 24 ашық спорт және 8 тренажер алаңшаларын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қаралған. Құрылыс  жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2019 жылдың 1 желтоқсаны. Аудан аумағындағы 4 нысанда ирригация жүйелеріне «Старт строй» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

«Қызмет-Ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика