Театрға жаңа басшы келді

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 30-бабының 4-тармағы 33, 34 баптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және атестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту» туралы №70 бұйрығына сәйкес «Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры» МКҚМ-нің директоры лауазымына Әмірқұлов Бақдаулет Оңғарұлы тағайындалды.

tories/04122019-5.jpg» border=»0″ />

Бақдаулет Оңғарұлы 1974 жылы 7 ақпанда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Университетінің «Көркемөнерпаз үрмелі және эстрадалық оркестрі мен ансамбль жетекшісі» мамандығын иеленген.

1999-2002жж — ОҚО «Ж.Шанин атындағы драма театры» әртісі;
2009-2015жж — ОҚО «Әзіл-ысқақ және сатира театры» көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі;
2015-2019жж -«Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры» директордың орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген.

Бақдаулет Оңғарұлына қызметте абыройлы болып, театрдың жарқын болашағын жарқыратып биік белестерге жете беріңіз демекпіз.
Құттықтаймыз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика