Әл-Фараби ауданы аумағында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, Шымкент қаласының өрт сөндіру бөлімі, «КазТрансГаз-Аймақ» АҚ-ның және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шаралары бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: аудан тұрғындарының табиғи және улы газдан улануының алдын-алу, сондай ақ тұрғындардың қауіпсіздігі және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.
tories/08122019-3.jpg» border=»0″ />
Сонымен қатар, Құрметті аудан тұрғындары жылыту маусымы кезеңінде адамдардың көмір-қышқыл газынан улану жағдайларының алдын алу мақсатында,автономды жылыту жүйелері, газ қазандықтары менжылыту пештерін (қатты отын пайдаланатын) пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды және мұржалардың уақытылы тазалануына қатаң түрде көңіл білдірулеріңізді, сондай ақ жеке тұрғын үйлерде пайдалануға тиым салынған пештерін (Иран пештері) қолданбауларыңызды сұранамыз. Аталған үгіт-насихат жұмыстары аудан аумағында ағымдағы жылу беру маусымы кезеңінде күнделікті жүргізілуде.
Leave a Reply