2019 жылы шымкенттік жастар үшін қандай өзгерістер болды?

Биылғы жылы президент Қасымжомарт Кемелұлы өз жолдауында негізгі мәселе ретінде бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру басым бағытымыз болуы тиіс деп айқындап берген болатын. Осыған орай отбасы мәселелері, оның ішінде ажырасу деңгейін төмендету, отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мақсатында «Отбасы кеңесі» құрылған болатын. Бұл жоба негізінде осыған дейін өткізілген тоғыз отырыста 33 отбасының неке бұзу бойынша ұсынған талап арызы кері қайтарылған.

tories/08122019-99.jpg» border=»0″ />

Нәтижесінде балалар өз ата-анасымен бірге толыққанды отбасында бой түземек. Ал, әке-шешесінің кім екенін білмейтін, туғалы ана мейірімін сезіп көрмеген балалар үйінің тәрбиешілерін отбасы үлгісіндегі үйлерге трансформациялау мәселесі де қолға алынып отыр. Яғни, бұрынғыдай жүздеген бала бір шаңырақтың астында паналамайтын болады. Жеті-сегізден бөлінген топқа тәрбиеші ана жауап беретін болады. Кәдімгідей бір үйде өздеріне ас дайындап, тазалап, басқа да көршілерімен қатынасқа түседі.  Әкімшіліктің мұндай шешімге келуіне де белгілі факторлар әсер еткен. Соның бірі, балалар үйінен түлес ұшқан жастардың жаңа ортамға барғанда сіңісіп кете алмауы. Өздеріне тамақ жасап үйренбеген балаларды кәмелеттік жасқа толған соң бір жұмысқа орналастыру қиындық туғызуда. Оның үстіне мемлекет бөліп берген қаржыны да алаяқтарға алданып қалып, жоғалтып алу  факторлары көптеп кездесуде. Мұндай жобалар басқа елде де жүзеге асқан. Бірақ, ол жақта жағдай сәл өзгерек. Шетелде балаларды  әр-түрлі үйге бөлгенімен, бәрі бір аулада тұрады. Сыртқа ойнауға шыққанда қайтадан өзі секілді балалармен араласады.  Сондықтан біз үйлерді бір-бірінен алыс жатқан аудандарға шашып тастамақпыз дейді Шымкент қаласы отбасы,  балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев. Журналистер арасында көп талқыланып, наразылық тудырған мәселенің бірі жақында құрылған «Жастар мәслихаты» жайында болды. Жас депутаттардың инстаграмда шығарылған постының лайк санына қарай таңдалуына келіспегендіктерін білдірді. Сондай-ақ, қазіргі таңда қандай жоспар бойынша жұмыс жасалынып жатқандығымен бөлісе кетуін сұрады. Басқарма басшысы бұл сұраққа өзі кезінде болған Алабама штатындағы  жобаны  мысал ретінде келтірді. Ол жақта да жастар өз кандидатурасын депутаттыққа ұсыну үшін 500-ге жуық қолтаңба жинап алып келуі керек. Бұл да сол секілді бір этап. Жалпы жобаның мақсаты – жастарға заңның қалай қабылданатынын, мәслихаттың жұмысы қалай жүретінін көрсетіп, таныстыру. Сол арқылы жастар арасындағы мәселелерді анықтап, түзетуге күш салу. Алда «Жастар мәслихатының» жауаптысымен тағы бір брифинг ұйымдастыруға болатынын айта кетті.

Сонымен бірге, басқарма тарапынан қиын жағдайға ұшыраған,қолайсыз және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы  балаларымен әңгімелесу жүргізу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алу бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 ауданда арнайы аутрич бөлімі ашылып, өз жұмысын бастаған. Тікелей ағылшын тілінен аударар болсақ, «out» — сырт, «reach» — жету деген мағынаны білдіреді. Яғни, қазіргі таңда әкімшілік тек адамдар мәселесін айтып қашан келеді екен деп күтіп отырмауы керек. Үй-үйді аралап, сұрасып, өздері келуге қымсынатын, не болмаса жағдайы жоқ отбасыларды тауып, барынша көмек көрсету. Игі бастамалар көп ұзамай өз нәтижесін береді деп сенеміз.

А.Махашова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика